Төрттағандап алақаны мен тізесіне сүйеніп, тура бағытта 6 метр арақашықтықта еңбектеу. Екі аяқпен секіру (аяқтары бірге — аяқтары алшақ).
Мақсаты:белгі бойынша тоқтауды, отыруды, тепе-теңдікті сақтап тұруды және жүгіруді жалғастыруды үйрету. Алақан мен тізеге сүйеніп еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіре білуді бекіту. Қос аяқпен бір орында секіруге жаттығу. Ойын: «Сақина салмақ»
Тоқтап және тапсырмаларды орындап жүгіру (шыр айналу).
Төрт тағандап тура бағытта 4 метр арақашықтықта еңбектеу.
Мақсаты: Алға қарай жылжып қос аяқпен секіру. Белгі бойынша тоқтап және тапсырмаларды орындауда тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту. Тура бағытта төрт тағандап еңбектеуге жаттықтыру. Ептілікті және қимылдарын үйлестіруді дамыту.