Бастапқы қалпынан өкшесіне отыру (арақашықтығы 2 метр).
Аяқты бірге және алшақ қойып секіру. Еркін бағытта заттардың арасында жүру.
Мақсаты: Өкшесіне отырудың бастапқы қалпында бір-біріне доптың қозғалу бағытын сақтап, доп домалатуды үйрету. Тізесін сәл бүгіп, аяқтарын секірген күйде бірге және алшақ қоя білуді бекіту. Зал бойынша түрлі бағытта жүруге жаттығу. Заттарды сол және оң жақтан айналып өте білуін жетілдіру. Өзінің орнын тез таба білуге көңіл бөлуін дамыту.
Ойын: «Орныңды тап».
1
5
Негізгі қимылдар:
Төрттағандап еңбектеу (арақашықтығы 6 м)
2 метр арақашықтықта бастапқы деңгейде өкшесіне отырып, допты бір біріне домалату.
Мақсаты: Қимылының бағытын сақтап, 6 метр арақашықтықта төрт тағандап еңбектеуге үйрену. Бір-біріне допты домалату, арақашықтыққа сәйкес доптың итерілу күшін дамыта білуін бекіту.
Ойын: «Қаскыр мен қояндар»
Еркін бағытта қос аяқпен секіру, кеңістікте бағдарлау.