Мақсаты: Бастапқы қалпын дұрыс қабылдауды, допты алдыға-жоғары- алысқа қолдарын түзу ұстап екпінмен лақтыруды үйрету. Басын және денесін тік ұстап, алдыға қарап, орындықтан секіргеннен кейін тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту.
Ойын: «Құстар мен мысықтар». Координация, кеңістікте бағдарлау.
1
56
Негізгі қимылдар:
Көлбеу тақтай бойымен алақаны және тізесімен жоғары қарай еңбектеу
Оң және сол қолмен алысқа лақтыру (шыршаның бүрі). Бір шеңберден екінші шеңберге секіру.
Мақсаты: Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді үйрету. Қолдарын иықтарынан белсенді түрде алға-жоғары асырып және алысқа лақтыруда лақтыру күшін бере білуін бекіту. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу.
Ойын: «Орнынды тап». Жылдамдық, өзінің орнын тез таба білу.