Оң және сол жақ аяқта бір орында секіру. Орындық бойымен екі жақтан бастап ортасына келгенде екі жаққа кету тапсырмасын орындап жүру.
Мақсаты: Допты соғу күшін реттей отырып, қолдың бірқалыпты қимылымен допты еденге соғуға үйрету. Орнында бір аяқпен секіруде табанмен түспей, итерілуде аяқтың ұшына сүйеніп орындай білуін бекіту. Орындық бойымен жүруде өзінің әрекетін басқаның әрекеттерімен үйлестіре білуге жаттықтыру.
Ойын: «Белгіні тыңда». Тепе-теңдік.
1
66
Негізгі қимылдар:
Көлбеу саты бойымен гимнастикалық қабырғаға өрмелеу
Бір қолымен допты еденге соғу.
Мақсаты: Көлбеу сатыға (гимнастикалық қабырғаға 3 көлденең салмаға салынған) қалыпты жағдайда көлденең салмадан ұстанып, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, гимнастикалық қабырғаға шығу және одан түсу. Допты еденге жұдырығын түйіп, күшпен соқпай, қолдың қалыпты қимылымен соға білуін бекіту.
Ойын: «Мысық пен тышқан»
Еркін жүгіру, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру.