Көлденең бөрене бойымен жүру (жанымен қырындап жүру). Асықты алысқа лақтыру.
Мақсаты: Жұппен жеңіл және ырғақпен жүгіруге, өзінің адымын басқаның адымымен үйлестіруді үйрету. Бөренеде тұрақты тепе-теңдікті сақтап және денені тік ұстап солға және оңға қырындап жүре білуді бекіту. Ұсақ заттарды алдыға алысқа лақтыруға жаттықтыру.