«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет345/403
Дата06.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#12510
түріБағдарламасы
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   403
Мінез-құлық дағдылары

Ойын барысында рольдерді өзгерту, ересектердің көмегіне сүйену.

«Менің», «сенің», «оның» жіктеу есімдіктерінің көмегімен, заттың балаға немесе ересек адамға тиісті екенін нақтылау.

Қарым-қатынас барысында балалар арасындағы келіспеушілікті оң шешуге мүмкіндік туғызу.

Баланың барлық қажеттіліктеріне құлақ асу, жауап беру.

Баланы өзін-өзі ұстауға үйрете отырып, түрлі жағдайларда ымыраға келіп, келісе білу жағдайларын талқылау.

Балалармен басқа адамдармен тіл табысу, этикалық ережелер мен шектеулер туралы әңгімелесу.

Балаға өз таңдауын жасауға мүмкіндік беру.

Балалардың бір-бірімен әңгімелесуі мен ойын барысындағы балалық қылықтарын бақылау.

Баланы айналасындағы адамдармен өктем түрдегі қарым-қатынастан бас тартуға үйрету.

Балалар арасындағы ұрыс-керісті болдырмау үшін ойынды ойыншықтардың бірнеше данасымен қамтамасыз ету.

Проблеманы шешу үшін баламен келісу.

Проблеманы жою үшін балаға бірнеше ұсыныстар жасау.

Балалар ұжымындағы проблемаларды оң шешуге мүмкіндік беру.

Балаға проблемаларды шешуге жеткілікті уақыт беріп, қиналған жағдайда көмекке келу.

Көңіл күйінің себептерін білу (шаршағандықтан ойнағым келмейді, Ермекке ренжігендіктен ойнағым келмейді, т.б.)

Баланың оң немесе теріс қылықтарының басқаларға қалай әсер әсер ететінін көрсетіп, түсіндіру.

Кітаптар оқу, кейіпкерлердің дау-жанжалдарды шешетін, қиын жағдайлардан жол тауып шығатын көріністерін көрсету.

Балалармен келеңсіз мінез-құлықтар мен жағымсыз қылықтар көрсететін ойындар ойнау.

Баламен бірге кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын көрсететін шығармалар оқу.

«Егер дүкенде кезекте тұрсаң, кезегіңді сақта», «Өтініш білдіре тұрып: өтінемін, кедергі жасағаныма кешіріңіз?» сыпайы сөздерінің көмегімен әлеуметтік ойын жағдайларындағы мінез-құлықты көрсетіп, түсіндіру.

Ересектер мен құрбыларына орын беру, өз құрбыларымен бөлісу, бір-біріне көмектесу қажеттігін көрсетіп, түсіндіру.

«Егер мен бұлай істесем, кейін не болады?» түріндегі бала қылықтарының салдарын түсінетінін көрсету үшін мән-жайды талқылау.

Өзінің мінез-құлқының басқаларға қалай әсер ететінін түсіну (Мен Айсұлуға орын бердім, ол қуанды).

Басқа балалардың қылықтарын бағалауға мүмкіндік туғызу.

Бір бала екіншісін ренжіткен жағдайда жәбір көрген балаға жанашыр болуды, қажет болса, жолдасын қорғауға деген ниет білдіруді мадақтау.

Баланың мінез-құлқы мен ішкі жан дүниесінің жай-күйін талқылау («Бала шаршаған соң жылап жатыр», «Айнұр қуанышты, өзін бақытты сезінеді»).

Баланы түрлі рөлдерді ойнайтын, тәжірибе жинақтайтын драмалау ойындарына қатыстыру үшін жағдай жасау.

Екі баланың арасында дау-жанжал пайда болған жағдайда ымыраға келуге көмектесіп, балаларды татуластыру, екі балаға да жанашырлығы мен түсінушілігін көрсету.

Балаларды жалпыға бірдей мінез-құлық ережелерін қолдана отырып, таңдау жасай білуге үйрету.

Балаларға түрлі әлеуметтік жағдайларда қиындықтардан өте білуге мүмкіндіктер жасау.

Балаға өзі және өзгелер жайлы хабарлауда мәдени және лингвистикалық сипаттағы түрлі тәсілдерді (әңгіме, драмалау, сурет салу, фотосурет альбомы, бейнефильм) қолдануға мүмкіндік жасау.

Балаға ересектердің қатысуынсыз ойнауына мүмкіндік беру.

Қажет болғанда, көмекке келе білу..

Әңгімелесу барысында бала тарапынан қарсылық, сонымен бірге баланың жеке басының пікірі болатынын түсіну.

Баламен қатынасу кезінде бетін тез қайтарудан аулақ болу.

Баланың өзіндік пікір мен сезімдерге құқығы болуы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Баланың әрекет түрлерін жеке таңдауға мүмкіндік беру (еңбекті сүю, бақылау, іздену, тәжірибе және т.б.).

Ойын барысында өз тілегіне сай түрлі рөлдерде өзін көрсете білуге мүмкіндік беру.

Баланың отбасы мүшелері, олардың қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп айтуы.

Баланың жетістіктерін қолдау.

Балаға таңдау жасауға мүмкіндік беру, өзіне қатысты эксперименттерін мадақтау.

Балаға туған-туыстарын (аға, тәте, көке) ажырата білуге көмектесу.

«Барлығы мен туралы», «Барлығы менің отбасым жайлы», «Бәрі менің достарым туралы» коллажын жасауда балаға көмектесу.

Басқа балалармен, ересектермен ақпаратпен бөліскісі келетін ықыласын көтермелеу.

Балаға кейбір маңызды ақпараттарды (телефон нөмірі, өзінің мекен-жайы, тегі, ата-анасының аты-жөні) есте сақтауына көмектесу.

Баланың жеке және топтағы жұмысын мадақтап, қанағаттануына жағдай жасау.

Баланың жүктелген міндетті (табиғат бұрышында, кітап сөресінде, ойын бұрышында, асханадағы кезекшілікте, ересектерге көмектесуде) қабылдап, оны орындауына мүмкіндік туғызу.

Балалардың кейде тыныштықты қажет ететінін естен шығармай, ол үшін жағдайлар жасау қажет.

Балаға қажет уақытта тәуелсіз болуына рұқсат беру.

Баламен мінез-құлық ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Баланың өзін-өзі (немесе өзіне ұқсайтынын) кітаптардан, қуыршақтар немесе ертегі кейіпкерлерінен көре алатынына көздерін жеткізу.

Сезімдерді сипттай білу: жақсы көреді, жақсы көрмейді, неге таңдағанын түсіндіреді.

Баланың өзіне өзі мінездеме беруі, өз әрекеттерін бағалауы.

Балаға іс-әрекет таңдау үшін мүмкіндіктер беру.

Баланы жаңа тапсырмалар мен жағдайларға қызықтыру.

Зерттей алатын материалдарды балаларға ұсыну.

Белсенді қимыл-қозғалыс үшін қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету.

Сәтті орындалған тапсырмадан кейінгі қуанышты баламен бірге бөлісу.

Балаға өз әрекетіне қанағаттанғандығын көрсете білуіне мүмкіндік беру.

Өз еңбегінің нәтижесі бойынша («Мен салған суретке қараңдаршы», «Міне, менің ұшағым қандай болды») басқалармен пікір алмасуда балаға қолдау көрсету.

Баламен бірге ашқан жаңалығының қуанышымен бөлісу.

Баланың өзіне және өзінің қабілеттілігіне сенімділігін арттыруға көмектесу.

Түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керек екендігін көрсету, балаға орындауға мүмкіндік беру.

Тапсырманы орындағаннан кейінгі баланың ойымен, сезімдерімен бөлісу.

Балаға өз мүмкіндіктерін көрсету, өз күшіне сенімділігін артыру үшін қолынан келетін тапсырмаларды ұсыну керек.

Дұрыс шешімдерді қабылдауда баланың өзіне сенімді болуын қолдау.

Балаға тәуелсіз бола отырып, өзіне шек қоя білуге көмектесу.

Балаға мінез-құлық ережелері мен нормаларын сақтауға мүмкіндік туғызу.

Балаға ыңғайлы, өзгертуге жеңіл икемді күн тәртібін құру.

Баланың наразылық білдіруі дамудағы қалыпты жағдай екенін тану.

Баланың жағымды эмоциялар танытуына мүмкіндік туғызу.

Күшті эмоциялардан кейін бала көңілін жайландыру.

Топтық ойындар барысында баланың өзін-өзі ұстау ережелерін құру, олардың орындалуына жағдай жасау.

Қиын тапсырмаларды орындауда баланың табанды жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.

Баланы біріккен еңбек пен ойындарға тарту және қиналған уақытында қолдау жасау.

Жанжалдан кейін, бала тынышталған соң жағдайды талқылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   403




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет