Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика



бет108/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика - баланың отбасындағы, бөбекжайдағы, балабақшадағы күн тәртібінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады. Ертеңгілік гимнастиканың маңызы сан алуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін жүйке жүйесін сергітеді. Ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады. Оянғаннан кейін арнайы іріктелген дене жаттығуларын орындаудан көрінетін ертеңгілік гимнастика баланың бүкіл организмін біртіндеп әрекет ету жағдайына тартады. Дене жат­тығуларын орындау ми қыртысының қозуын, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің реакциясын күшейтеді. Миға барлық - көру, есту, тірек-қимыл, тері рецепторларынан келетін импульстардың тұтастай тасқыны жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілетін, тұтастай организмнің тіршілік қызметін туғызады, қалпына келтіреді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ертеңгілік гимнастикаға жатады немесе отбасында және интернат үлгісіндегі мекемеде бала оянғаннан кейін іс жүзінде дереу жасалатын дене шынықтыруды осылай атайды. Күндізгі топтарда ол сауықтыру, ұйымдастыру маңызын сақтайды. Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра (сумен ысқылау, құю, душ) орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігіне жеткізеді. Ертеңгілік гимнастикамен ұштастырылған су процедурасы жүйке жүйесінің жалпы жағдайы мен функционалдық мүмкіндіктерін жақсартады, оны нығайтады, шынықтырады, қоздыру, тежеу процестерін теңестіруге көмектесе­ді, алмасу реакциясын жақсартады, тұмаудың, жұқпалы аурулардың иммунитетін қалыптастырады, балалардың балғындық, жеңілдік, шаттық сезімін туғызады. Балалардың организмін шынықтыру мақсатында судың температурасы жүйелі түрде, бірақ біртіндеп төмендетіледі: бұл орайда дәрігердің көрсетуіне сәйкес әрбір балаға жеке-жеке қарау қатаң сақталады. Сөйтіп, шынықтыру процедурасымен өзара байланыстағы ертеңгілік гимнастика баланың күні бойы шат көңілді жағдайын жақсартатын, сақтайтын маңызды, сан салалы дене шынықтыру - сауықтыру процесі болып табылады.
Ертеңгілік гимнастиканы жүйелі түрде өткізу жаттығуларды балалардың бұрын үйренген жаттығуларынан алдын ала іріктеп алуды талап етеді. Iріктеліп алынған жаттығулардан күнделікті пайдалануға арнап кешендер жасалады. Жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу дене бітімін дұрыс қалыптастыру мақсатында бұлшық еттердің негізгі топтарын белсенді жұмысқа біртіндеп қатыстыру, оларды дамыту және нығайту жолымен организмнің тіршілік қызметін арттыруды көздейді. Бұлшық еттердің әр түрлі топтарын белсенді жұмысқа тартуды көздейтін, белгілі бір тәртіппен орналастырылған жаттығулар әрбір кешеннің мазмұнын құрайды. Бұл орайда жаттығулардың мынадай жүйелілігі: 1) иық буындарының, көкірек қуысының қозғалғыштығын дамытуға және омыртқаның түзуленуіне жәрдемдесетін иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға, нығайтуға арналған; 2) құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытуға арналған, осы бұлшық еттерді ны­ғайтуға бағытталған, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын; 3) арқа бұлшық еті мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға, нығайтуға арналған, осы бұлшық еттерді да­мытуға көмектесетін, ішкі органдарға массаждаушы ықпал жасайтын, аяқ буындарын дамытатын, тұлғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар белгіленеді.
Нақты жаттығуларды кешенді түрде іріктеп алу белгілі бір топтың балаларының мүмкіндіктері мен денсаулық жағдайын, сондай-ақ олардың жеке бастарының ерекшеліктерін ескере отырып, әр жастағы топқа арналған балабақша бағдарламасымен анықталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларында ертеңгілік (таңертеңгілік) гимнастика үшін күн тәртібінде сағат 9.00-9.20-ға (жас ерекшелігіне қарай) дейінгі уақыт аралығы белгіленген.
Ертеңгілік гимнастика организмнің функциялық жағдайына пайдалы әсер ететін жүруден, жай жүгіруден, жалпақ табандылықтың алдын алуды, кеңістікте бағдар ұстауды көз­дейтін ұзаққа созылмайтын жаттығулардан басталады, одан кейін балалар жалпы денені дамытатын жаттығуларды орындау үшін бірнеше тізбекті сапқа немесе шеңбер жасап тұрады.
Бұдан кейін біртіндеп қарқынды, ал одан соң баяу жүріске ауысатын жүгіру (немесе секіру) өткізіледі, ол орнында тұрып аяқ басумен және тоқтаумен аяқталады. Сөйтіп, ертеңгілік гимнастика процесінде бұлшық еттердің барлық негізгі топтары бүкіл организмді әрекет ету жағдайына келтіре отырып, біртіндеп жұмысқа қосылады. Жүгіру неме­се секіру кезінде денеге мейлінше көп ауыртпалық түскеннен кейін, ол біртіндеп төмендейді (жүру кезінде), ал тоқтау сәтінде организмнің жағдайы бұрынғы қалпына келеді. Ертеңгілік гимнастикада заттарды (жалаушаларды, таяқтарды, құрсауларды т. б.) балаларға дәл үлестіріп берген жағдайда оларды қолдану өте тиімді болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет