Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет30/138
Дата29.12.2022
өлшемі0,59 Mb.
#60170
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   138
Байланысты:
Ìåêòåïêå äåé³íã³ äåíå ò?ðáèåñ³ òåîðèÿñû ìåí ?ä³ñòåìåñ³ ï?í³íåí ä

Қозғалыс траекториясы. Қозғалыстағы дене мүшесінің (немесе заттың) жолын траектория дейді. Траекторияның формасы, бағыты және қозғалу амплитудасы болады. Формасы жөнінен траектория түзу сызықты және қисық сызықты болады. Түзу сызықты қозғалыстар дененің белгілі бір мүшесіне қысқа жолда (қылыш шаншу) мейлінше, жоғары жылдамдық өрбіту қажет болғанда қолданылады. Қисық сы­зықты қозғалыстар жиірек қолданылады, өйткені қозғалыс инерциясын жеңу үшін қосымша бұлшық ет күші жұмсалынбайды (теннис добын соққан кездегі ракетканың ілмек тәріздес қозғалысы). Траектория формасының күрделілігі дененің қозғалыстағы массасына тәуелді болады: ол үлкен болған сайын форма қарапайымданады. Мысалы, қолдың қозғалысы аяққа қарағанда сан алуан.
Қозғалыс бaғыты. Дене жаттығуларының жеке бұлшық еттердің дамуына және қимыл-қозғалыс міндеттерінің ойдағыдай орындалуына тигізетін әсерінің тиімділігі қозғалыстағы денеге, оның мүшелеріне немесе затқа берілетін бағытқа тәуелді. Қозғалыс бағыты адамның өлі тұлғасына қатысы бойынша (қолды алға созу) немесе сыртқы бағдар тұтатын нәрселермен (жіптен асыра лақтыру) анықталады. Мына төменгі бағыттар адам денесі қозғалысының негізгі бағыттары болып аталады: жоғары-төмен, алға-артқа, оңға, солға. Айналмалы қозғалыстардың бағытын дененің жазықтары бойынша, бүйірлік (алғы-артқы) жазықтықпен қозғалғанда (аяқ-қолды бауырға бүгіп алға, артқа домалағанда («алға», «артқа» терминдерін қолдана отырып), беттік жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, бір жағына қарай төңкеріліп түсу) - «оңға қарай», «солға қарай», горизонтальдық жазықтықпен қозғалғанда (мысалы, оңға, солға бұрылу) «оңға», «солға» терминдерін қолдана отырып анықтайды. Coндай-ақ екіаралық бағыттарда (мысалы, жартылай солға т.б.) қолданылады. Козғалыс бағытын бақылауда, кеңістікті бағдарлауда көру жетекші рөл атқарады. Осыған байланысты, бағыт тез және қатты өзгерген кезде, бас дененің басқа мүшелерінен гөрі біршама бұрын қозғалады.
Козғалыс амплитудасы – бұл тербелісті қозғалыстың арылы-берілі ауытқу құлашы (дененің немесе оның мүшелерінің теңдік қалпынан мейлінше ауытқуы). Қозғалыс амплитудасы бұрыштық өлшемдермен (градустармен), сызықтық өлшемдерден (адымның ұзындығы) және шартты белгілермен (жартылай отыру) немесе сыртқы нәрселерді бағдар тұтумен (еңкейгенде колды еденге тигізу), өз денеңдегі бағдарлармен (еңкейгенде қолды тізеге тигізу) анықталуы мүмкін. Қозғалыс амплитудасы буындар құрылысына, сіңір және бұлшық еттерінің икемділігіне тәуелді болады. Бұлшық еттердің белсене жиырылуынан пайда болатын буындар қозғалғыштығын белсенді қозғалыс деп атайды. Самарқау қозғалыс сыртқы күштердің (партнер) әрекетінен туады. Самарқау қозғалыстың ауқымы белсенді қозғалыс ауқымынан үлкен. Өмірде және дене тәрбиесі практикасында әдетте, қозғалыстың максималды, анатомиялық мүмкін амплитудасы қолданылмайды. Максималды амплитудаға жету үшін антагонист бұлшық еттер мен байланыс аппаратын шегіне жеткенше созуға бағытталған қосымша бұлшық ет күші талап етіледі. Егер амплитуда шамадан тыс ұлғаятын болса, онда бұлшық еттер мен сіңірдің зақымдануы мүмкін. Мұнымен бірге үлкен амплитудалы қозғалысты атқарған соң оның бағытын жайлап өзгеру қиын. Кейін тез және қатты жиырылуы тиіс бұлшық еттерді алдын ала созу талап етілгенде, сондай-ақ қысқарған бұлшық еттерді созу, икемділікті арттыру, тұлға кемшілігін түзету, аяқтың үзеңгіліктерін нығайту қажет болғанда буындарда қозғалғыштықтықтың үлкен ауқымы пайдаланады. Әртүрлі амплитудалы козғалысты белгілеу үшін «кең құлашты» және «тар құлашты» деген терминдер қолданылады. Үлкен амплитудалы қозғалысты – кең құлашты, кіші амплитудалы қозғалысттарды құлашты деп атайды. Қозғалыстың бағыты немесе амплитудасы алға қойылған қимыл-қозғалыс міндетіне сай келмейтін қозғалыс - бұрыс қозғалыс аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет