Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жоспар



бет3/5
Дата17.02.2023
өлшемі27,03 Kb.
#68941
1   2   3   4   5
Суреттеу әңгімелердің – салыстырмалы және түсіндірмелі түрлері болады. Түріне қарай екі түрлі затты салыстырып айтып береді.
Түсіндірмелі әңгімелеуде - бала өз ойын жеткізеді, әрекеттерді көрсете алады. Мысалы бала екінші балаға қандай да болса затты, ойыншықты қалай дұрыс қолдану , қалай ойыншықпен ойнау қажет екенін түсіндіріп береді.
Сюжетті әңгімелеу - бұл бір уақытта болған, кейіпкерлері бар әңгіме. Балаларға сюжетті әңгімелер туралы түсінік беріледі – бірінші кейіпкерлерін атайды, кейде олардың сыртқы түрлеріне сипаттама беріледі, соңынан бірінші оқиғаның қай жерде болғаны туралы артынан 2-3 эпизодтардың арасындағы байланыс, ең соңында аяқталуы жөнінде айтады.
Осындай әңгімелеу кестесін бала бірден ұғып алмайды. Балаларға аяқтау ұсынылады, немесе оқиға болып жатқан орынды сипаттау, немесе екі кейіпкер арасындағы диалог, т.б. Сюжетті әңгімелеу кейіпкері баланың өзіде болуы мүмкін. Мысалы ол өзінің өткен туылған күні туралы айтатын болса, немесе мен қалай бірінші сыныпқа барамын деп ойын айтып бере алады.
Әңгіменің формасынан гөрі мазмұны өте маңызды. Балаларға әңгімелеп берудің әдістерін таңдау үшін оларға екі факторды ескеру қажет: не туралы әңгімелеуші айту керек, қандай психикалық процеске сүйену қажет. Әңгімелеп берудін үш категориясы: қабылдау бойынша, есте сақтаған оқиғаларды әңгімелеп беру, ойдан шығару. Бірінші екі әңгімелеу категориясы нақты негіздері болады, бар зат, құбылыстар туралы айтады.
Үшінші түрі – шығармашылық әңгіме болып есептеледі. Бала өзі ойластырып айтады, бірақ бала суреттегі кейіпкер туралы, көрмей тұрған зат туралы ойдан шығарып айта алады.
Немесе қолында ұстап тұрған ойыншықтар туралы әңгіме құрастыра алады.
Практикада бала түрлерін араластырып та айта алады. Тәрбиеші балаға талап қояды: бірінші не көріп тұрсын сол туралы айт, артынан ойдан шығарып айтуға болады.
Кішкентайлар тобында әңгімелеуге әзірлейді. Әңгімедегі оқиғаларды бірінен соң бірін тәрбиешінің сұрақтарына, илюстрацияларға, силуэттерге қарап әңгімелеп беруді ұсынады.
Бірнеше сөзбен өз ойларын айтқан балаларды мадақтау. Балалар тәрбиешінің әңгімесіне қатысады: аяқталмаған сөйлемдерде сөздерді аяқтайды, әңгімеде оқиғалар бір-бірінен соң келетінін байқайды.
Бес жасқа қараған балаларда монологтік тілде сөйлеу қабілеттері көрінеді. Ортаңғы топта мәнерлеп әңгімелер мен ертегілерді, заттарды сипаттауға, олардың маңызды қасиеттерін атап әңгімелеп беруге үйретеді. (ойдан).
Ересек тобында заттарды салыстырып, өз тәжірибесінен, есте қалған әңгімелер айтуға, суреттер бойынша салыстырмалы және түсіндірмелі әңгімелер қабылдауға сүйеніп (сюжетті сурет бойынша ІІІ тоқсанда). Әңгіменің сапасына көңіл аударады. Әңгімеде байланыс, тақырыптың бағытынан басқа жаққа ауыспау, қай жерде, қай уақытта болып жатқанын айту.
Мектепалды даярлық тобында балалар өздері тәрбиеші ұсынған сюжет бойынша әңгіме құрастыра алу қажет (ІІІ тоқсан).
Сонымен қатар балаларды бір-бірін мұқият тыңдауға, тапсырманы дұрыс орындап жатқанын байқауға үйрету қажет.
Әңгімелеуге үйрету әдістері: әңгіме үлгісі (еліктейді). Үлгіні 1-2 нашар әңгімелеп беретін балаға қайталату. Балалардың өз бетімен әңгімелеу мадақтау қажет. Сабақ басында пайдаланады.
Жартылай үлгі-әңгімелеуді бекітуде пайдаланады. Балаларға әңгіменің басын ойластыру ұсынылады.
Әңгімені түгел, немесі бір бөлігін тәрбиеші қажеттілігіне қарай қайталайды, балалардың жауаптарын ойыншық атынан бағалау.
Үлгіні талқылау, әңгімелеудің жоспарын құрастыруға әкеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет