Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жоспар



бет4/5
Дата17.02.2023
өлшемі27,03 Kb.
#68941
1   2   3   4   5
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Тілдің синтаксистік жағы байланыстырылып сөйлеу және әңгімелеуге үйрету процесі арқылы жетіледі. Төл сөз кеңінен пайдаланылады, жай, жайылма, салалас сабақтас құрмалас сөйлемдер көптеп кездеседі.Ойын-инсценировкалар драматизациялар халық ертегілерімен: «Торғай мен қарлығаш», «Түлкі мен ешкі», « Жыланның басы мен құйрығы» т.б. Жұмбақтар,мақал-мәтелдер кеңінен пайдалынады. Балалардың шығармашылығы, әңгіме құрастыру, кітапшалар жасау. Бастауышты сын есіммен байланыстыру, мысалы:сәби көңілді. Көңілді сөзін тағы қандай сөздермен байланыстыруға болады?
Схема(үлгіге )қарап сөйлем құрау.
Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту сабақтарында және де күнделікті өмірде іске асады.Әдеби шығарманы қайталап айтып беру(әңгіме, немесе ертегі), суретке қарап әңгімелеу, шығармашылық әңгіме, тіл дамыту сабақтары.
Оқығанды, тыңдағанды айтып беруге үйрету сабақтарының әдістемесі осы топтағы балалардың байланыстырып, сөйлеу деңгейіне, қойылған тәрбиелік мақсаттарға және де ұсынылып отырған әдеби мәтінге тәуелді.Мұндағы көркем –бейнелі сөз (тіл) баланың жетістігі.
Балаларлың диалогтық, монологтық сөйлеу тілін дамыта отырып, ересектер сөздерін мәнерлі жеткізе білуге икемдейді.Үлкендер айтқан әңгіме, ертегісін зейін қоя тыңдап, мазмұнын қайталап, әңгімелеп, айтып беру арқылы грамматикалық дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйретіледі.Шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкер туралы әңгімелегенде, жақсылықтың жамандықты жеңгенін, сол кейіпкердің орнында өзің болсаң қайтер едің?-деген сияқты қызықтыратын жетекші сұрақтар қоя отырып, ой-қиялын, логикалық дұрыс жүйелеу, шығармашылықпен әңгімелеп айта білуге жаттықтырылады.Баланың байланыстырып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарланған сабақтарда сабақты тыс серуен,ойын сәттерінде шығармаларды сахналандыруда ертеңгіліктер өткізуде дамытылады.Әртүрлі мамандық иелері туралы «Мамандықтың бәрі жақсы», сондай-ақ «Мереке күндері, «Демалыста не істеді?» деген сұрақтарға диалогты, монологты сөйлеу арқылы жауап беруге үйретіледі.Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік жұмысы үнемі, жүйелі жүргізіліп отырылады.Тілде қойылатын негізгі талаптың бірі оның мазмұндылығында.Тілдің қатынастық сапасын аңықтауда балалардың алған білімдерінің жүйесі мен шығарма мазмұнының тәрбиелік мақсатына назар аударылады.Сөйлеу процесін дұрыс жолға қою, ана тілінің әдістемесін жүзеге асырудың алғы шарты.Тіл дамыту сабағының эмоциональды түрде ұйымдастырылуы әр баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді, яғни балаға сөйлеу қажеттілігін тудырады.Оған дидактикалық ойындар, таныс кітапшалармен жұмыс,көңілді кейіпкерлер, сүйікті образдар әсер етеді.Ата-аналар мен педагогтар баланың кез келген уақытта берген жауабының толық, дауысының анық, ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекеттің барлығында сабақ, ойын, серуен, бос уақытта баланы ауызша сөйлей білуге, сұраққа толық жауап беруге, сөйлемді дұрыс құрап айтуға, өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылықпен әңгіме үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы:Сурет сериялары бойынша әңгімелер құрастыру.Отбасында, жолдастырымен қарым-қатынаста, қоршаған ортадағы адамдарды тыңдай білуге диалогтік сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығарманы әңгімелеуде, оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтік сөйлеуге үйренеді.Диалогті және монологті сөйлеуде дауыс ырғағын сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, хабарлы сөйлем, өтініш жасау, таң қалу т.б.келтіріп айтуға жаттығады. Басталған ертегі, әңгімені аяқтауға, педагогтың жоспары бойынша әңгіме құрастыруға дағдыланады.Мысалы, « Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні бастап, балаларға аяқтауға тапсырма беріледі.
Сурет сериялары бойынша әңгіме құрастыру, оқылған шығарма мазмұнына ұқсас, өмірден көргендері жөнінде өз шығармашылығымен әңгіме құрастыру керек.Өздеріне таныс оқиғалар туралы әңгімелетуде өз ойын жүйелі жеткізуге назар аударады.
Байланыстырып сөйлеуге үйретуде сөздік-тапсырмалар орындату, белгілі тақырып бойынша әңгіме құрастыру өз қиялынан әңгіме, ертегі құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.Баланың сөйлеу тілін жетілдіруде ойын-жаттығулар мен дидактикалық материалдар, ойындардың маңызы зор.Тіл дамыту сабағының негізгі бағыттары кез-келген сәтте бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.Олай болса, баланың тілін дамытуда алдымен сөйлеу процесін дұрыс жолға қою керек.Сонда ғана тіл дамыту әдістемесін жүзеге асыруға болады.
Тіл дамыту сабағына қойылатын талаптар:
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыру;
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білу;
Белсенді сөздік қорына енген сөздерді қажетіне қарай күнделікті іс-әрекетке пайдалана білу;
Жаңадан меңгерген сөздерді белсенді сөздік қорына еңгізу;
Сурет сериялары бойынша өз шығармашылығымен әңгіме құрастыра білу;
Заттардың аттарын, қасиетіне, белгісіне қарап ажырату;
Монологті және диалогты сөйлеудің екі түрін пайдаланып, оқылған шығарманы баяндау;
Жалпы және жеке ұғым туралы түсініктерін жетілдіру;
Оқылған шығарма, ертегі, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді ажыратып, олар туралы өздігінен қорытынды жасау;
Тіл дамыту дәптеріндегі тақырыптық жүйемен берілген тапсырмаларды орындай білу;
Тіл дамытуда мимика, ыммен сөйлесу, ым деп сөйлегенді түсіну;
Дыбыс аппараты мен артикуляцияны дамыту жаттығуларын орындау;
Антоним,синоним сөздерді бір-бірінен ажыратып, қажетіне қарай күнделікті тұрмыста пайдалану;
Ұлттық салт-дәстүр, өнер, камзол, тақия, текемет, сырмақ т.б. байланысты сөздерді (атауларды)меңгерту;
Тілдегі дыбыстарды аңық, таза, дұрыс айтып, бір-бірімен ажырата білу;
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшілігін біліп, дыбыстардың бөлінуін (қатаң, ұяң, үнді-үнсіз) т.б. ажырата білу;
Тіл дамытуға арналған дидактикалық ойындарды мақсатына шартына байланысты орындай білу;
Тіл дамытудан хрестоматиялық жинақта берілген көркем шығармаларды тапсырмаға сәйкес орындау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет