Сөйлеуді дамыту
Үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құруға үйрету. Әңгімелеу барысында сын есімдер мен етістіктерді қолдана білуге үйретуді жалғастыру.
Көркем әдебиет
Зат есімдер мен сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту. Табиғат құбылыстары тусінік беру.
Драма
Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау, түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру.
|
ҚМҰҚ
Кеңістіктегі заттардың орналасуын анықтауға үйрету. Геометриялық пішіндерді сипап сез және көру тәсілдері арқылы ажырату: шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер.
Жаратылыстану
Табиғат құбылыстары туралы түсініктерін қалыптастыру. Өлі табиғат нысандары туралы білімдерін байыту.
|
Сурет салу
Ағаштардың ерекшеліктерін ескере отырып, салуға үйрету. Сурет салудың техникалық дағдыларын жетілдіру.
Аппликация
Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу дағдыларын қалыптастыру.
Музыка.
Сипаты мен мазмұны жағынан алуан түрлі екі шығарманы эмоциялық тұрғыдан қабылдай және салыстыра білуге үйрету. Музыкалық шығармадан кейін ән айту фразалар арасындағы тыныс алуға жаттықтыру. Жеңіл және ырғақты, қозғалу қимылдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Музыка.
Әртүрлі музыкалық және шулы аспаптарда ересектің ойнағанын тыңдауға үйрету. Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау біліктіліктерін дамыту. Әуен сүйемелдеуімен жұбымен жүруге, көңілді билеуге жаттықтыру.
|