Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет24/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

Электроника әлемі
(ІІІ апта)

Дене шынықтыру
1. Орташа қарқынмен жүру және жүгіру. Еденге салған тақтай бойымен қос аяқпен секіру. Бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру.
2. Қарқынды өзгерте отырып жүру және жүгіру. Бастапқы қалыпта тұрып, түрлі бағытта қойылған доптарды лақтыру. Сапқа тұру барысында бағдар бойынша теңелу; оңға, солға айналу, бұрылыстар жасау.
3. Кедергілерден аттап жүру және жүгіру. Сапқа тұру барысында бағдар бойынша теңелу; оңға, солға айналу, бұрылыстар жасау. Қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіріп, қырындап адымдау.



Сөйлеуді дамыту
Балалардың сөздік қорын тұрмыстық электротехника заттарының атауларымен байыту. Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту.


Көркем әдебиет
Таныс шығармаларда бағдар жасай білуді, оларды суреттерден танып, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру біліктерін бекіту. Электроникаға қатысты жұмбақтар жасыру.
Драма
Әдеби кейіпкерлердің әрекеттеріне өзінің көзқарасын білдіруге үйрету. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас туралы түсінік беру.



ҚМҰҚ
Заттарды ұзындығы бойынша салыстыруға жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің кеңістікте орналасуын анықтауға үйрету. Кубты шаршымен салыстыра отырып, таныстыру.


Құрастыру
Шығармашылық қиялдауды дамыту. Көрнекілікке сүйене отырып электроника заттарын жасау. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сурет салу
Балалардың сурет салу үшін түстердің жылы реңктерін таңдауға қажеттіліктерін қалыптастыру. Элементтер бірізділігін олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтауға үйрету.
Аппликация
Қағаз бетінде бейнелерді құрастыру, одан кейін оларды желімдеу дағдыларды қалыптастыру. Желімді қолдану мен қайшыны ұстау қауіпсіздігін сақтау біліктерін дамыту.
Музыка.
Күш салмай ән айтуға үйрету. Музыканың сипаты мен мазмұны жағынан салыстыру дағдыларын жетілдіру. Музыканың биге тән сипатын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Музыка.
Әуенді дұрыс бере білуге үйрету. Бір қарқында ән айтуды дыбыстаудың бірдей күшімен ән айту біліктіліктерін жетілдіру. Музыка әуеніне сәйкес қозғалыс бағытын өзгертіп адымдауға жаттықтыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет