|
Тақырыпша
|
Денсаулық
Дене шынықтыру – 3 сағ
|
Коммуникация
Сөйлеуді дамыту – 1
Көркем әдебиет – 0,5
Орыс тілі – 0,5
Драма – 0,5
|
Таным
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ) – 1
Құрастыру – 0,5
Жаратылыс тану – 1
|
Шығармашылық
Сурет салу – 1
Мүсіндеу – 0,5
Аппликация – 0,5
Музыка – 1,5
|
Әлеумет
Қоршаған ортамен таныстыру – 0,25
Экология негіздері – 0,25
|
|
Менің балабақшам
(І апта)
|
Дене шынықтыру
1. Сапта бір-бірлеп жүру және жүгіру. Бір орында тұрып, екі аяқпен секіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) тепе-теңдікті сақтап жүру.
2. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен кезектестіру. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) жүру. Допты тура бағытта домалату.
3. Балаларды бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер бойымен тізбектеліп жүруге және берілген бағытта жүгіруге үйрету. Допты тура бағытта домалату. Құрсаудан еңбектеп өту.
|
Сөйлеуді дамыту
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға, топтағы заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін зат есімдерді қолдануға үйрету. Заттарды және олардың тұрған орнын анықтау дағдыларын жетілдіру.
|