Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет2/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

Көркем әдебиет
Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балабақша туралы әңгімелеу.
Драма
Балаларды театрмен таныстыру. Көркем әдебиет шығармалары бойынша драмалық дағдыларды дамыту.

ҚМҰҚ
Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Ұсынылған үлгі бойынша немесе кеміген заттардан топ құрауға, топтан жеке бір затты бөліп алуға үйрету. Әртүрлі түстен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру.
Құрастыру
Құрылыс материалдарынан орындық, сырғанақ құрастыра білуге үйрету. Құрылыс материалдарының бөлшектерін дұрыс ажыратып, атау.

Сурет салу
«Менің тобымдағы заттар» Қарындаштармен дәстүрлі тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру. Топ бөлмесіндегі дөңгелек пішінді табу арқылы заттарды салу.
Аппликация
Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру.
Музыка
Ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру.
Қысқа әндер айтуға үйрету. Ойындық музыкалық қимылдарды орындауға жаттықтыру.



Қоршаған ортамен танысу
Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.
Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту.
Ересектерге көмектесуге ынталандыру.

Менің достарым
(ІІ апта)

Дене шынықтыру
1. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүру және жүгіру. Құрсаудан еңбектеп өту. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату.
2. Сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүру және жүгіру. Заттар арасымен доптарды, құрсауларды домалату. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу.
3. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 8 м дейінгі қашықтықта заттар арасымен тура бағыт бойынша төрттағандап еңбектеу. 1,5 м қашықтықтан тігінен нысанаға дәлдеп лақтыру.

Сөйлеуді дамыту
Әңгімеге қатысу және тілді түсіну. Тұрмыстық және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру. Тақырыпқа сәйкес тақпақ жаттау.


Русский язык
Учить правильно произносить гласные и согласные звуки русского языка, составлять словосочетания. Обучать умению слушать и понимать короткие произведения на русском языке.

ҚМҰҚ
«Барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Бірінің астына бірі екі қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет