Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет6/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

Көркем әдебиет
Н.Исахметов «Әже». Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту.
Драма
Түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстау.

ҚМҰҚ
1 санымен таныстыру. Заттар санын салыстыруды, атауды, топта бір зат бойынша теңдік қалыптастыруды үйрету. Шеңберді басқа геометриялық пішіндерден ажырату.
Жаратылыстану
Жыл мезгіліндегі маусымдық өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру. Ересектердің еңбегіне бақылау жасау.

Сурет салу
«Менің отбасым». Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету. Техникалық дағдылар мен біліктерді игерту.
Аппликация
«Анам, әкем және мен»
Заттарды қағаз бетінде орналастыра білуге үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білу дағдыларын дамыту.
Музыка
Әндердің жекелеген эпизодтарын көргендегі және музыкалық бейнелерінің арақатынасын тануға және атауға үйрету. Ән сипатын ұғыну. Қимылды музыкамен сәйкестендіру дағдыларын қалыптастыру.
Музыка
Музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау. Әннің көңіл күйін бере білуге үйрету. Музыканың екінші бөлігінде қимылды өзгерту дағдыларын қалыптастыру.

Қоршаған ортамен танысу
Отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету.




Менің көшем
(ІІ апта)

Дене шынықтыру
1. Қол мен аяқ қимылын үйлестіріп жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта). Тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу.
2. Сызықтар арасымен (15 см арақашықтық) жүру, жүгіру. Тақтайда, орындықта көлденеңінен еңбектеу.
Бір-бірінен қашық қойылған 5-6 доп арқылы кезекпен аттап өту.
3. Педагогтің белгісімен сапта жүрудің бағытын өзгерту. Бір-бірінен қашық қойылған 5-6 доп арқылы кезекпен аттап өту. Допты аяқтарымен бір-біріне домалату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет