Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру бойынша жылдық перспективалық жоспары ортаңғы топ



бет5/37
Дата21.10.2022
өлшемі62,71 Kb.
#44696
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
KAZ Srednyaya gruppa-1-1

ҚМҰҚ
Тең және тең емес заттар тобын салыстыруды, теңдікті орнатуды, салыстыру нәтижелерін «көп», «аз», «тең» сөздерімен белгілеуді үйрету.
Құрастыру
Ұзын және қысқа пластиналарды ажыратуын, оларды дұрыс атауын, құрылыс сипаттамасына сәйкес қажетті бөлшектерді өздігінен таңдауын, құрылысты дайын нұсқамен орындау іскерлігін бекіту.



Сурет салу
Жиһаздар туралы түсініктерін қалыптастыру. Дөңгелек және сопақ пішіндерді қолдана отырып жиһаздардың суретін салу.
Мүсіндеу
«Менің орындығым»
Пропорцияларды сақтап, саусақ пен алақан қозғалыстарын пайдалана отырып екі бөліктен тұратын заттарды мүсіндеуге үйрету.
Музыка
Әуендерді орындау кезінде пьесаларды тану және атауға үйрету. Дауыстап және төмен дауыспен ән салу біліктіліктерін жетілдіру. Жүрелеп отыруды ырғақты орындауға жаттықтыру.




Қазан. Тақырыбы: «Менің отбасым»




Менің отбасым, ата-аналар еңбегі
(І апта)

Дене шынықтыру
1. Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40-50 метрге жүгіру. Басқа қап киіп, заттарды аттап өту, бұрылу. 2-3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру.
2. Шапшаң және баяу қарқынмен жүру және жүгіру. 2-3 метрлік қашықтықта алға ұмтыла қос аяқпен секіру.
Тепе-теңдікті сақтап бөренемен жүру.
3. Ойлы-қырлы тақтаймен жүру және жүгіру. Тепе-теңдікті сақтап бөренемен жүру. Допты бір-біріне төменнен лақтыру және қағып алу (1,5 м қашықтықта).

Сөйлеуді дамыту
Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анық, таза, әрі түсінікті айтуға үйрету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы, отбасындағы тұрмыс туралы айтып беруге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет