Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


ІІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ



бет14/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

ІІІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ
3.1 Әртүрлі жастағы балаларды табиғатпен таныстыру міндеттерінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалар ұйымдарындағы тәрбие үрдісінде балаларды дамыту ісі әр түрлі іс-әрекеттер (ойын,еңбек,ұйымдастырылған оқу қызметі) арқылы жүзеге асырылады. Баланың кез келген іс-әрекетінің негізгі орны қоршаған нәрселермен,табиғатпен танысу кезінде пайда болатын білімдер мен іскерліктерден тұрады.Балаларды табиғатпен таныстыру-оларды дамытудың басты құралдарының бірі.Оның барысында балалардың қоршаған ортадағы бағдарлаушылығы молаяды,танымдық қабілеті қалыптасады,табиғатпен тиісті қарым-қатынас жасауға тәрбиеленеді.Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру-оларға заттар,өлі және тірі табиғат құбылыстары,балалардың оларға деген ықыласы мен сүйіспеншілігі тәрбиелеу жөнінде белгілі бір көлемде білім беруді алдын ала көздейді.Әрбір жас топтарында балаларды табиғатпен таныстыру белгілі бір бағдарламалық міндеттерге сай жүзеге асырылады.Олар баланың табиғат тану білімдерін бірте-бірте меңгеруін алдын ала қарастырады.
2 жастан 3жасқа қараған балаларды өсімдіктерімен,жануарлармен,өзі табиғат құбылыстарымен таныстырады,оларды кеңістікті ажырата білуге және өсімдіктердің (жапырақтардың,гүлдердің түсін) кейбір белгілерін,жануарлардың қимылы мен дауысын ерекшелеп,дұрыс атауға алғашқы көрнекі байланыстар мен жалпылауларға сүйенуге (балықтар суда жүзеді) үйретеді.Сөйтіп балалардың талдағыштығы (көру,есту) жетіле түседі,бақылаған объектілерге деген назары мен ықыласы артады,оларға деген тілектестік қарым-қатынасы қалыптасады.
Төрт жасқа қараған балаларда олардың өмірде үнемі кездесіп отыратын табиғаттағы заттар мен құбылыстар жөніндегі түсініктері қалыптасады,сабақтардағы,ойындардағы заттық-сезімдік іс-әрекеттер үрдісінде тани алатын байланыстарды орнатуға және оларды нақтылы түсініктер формасында көрсетуге қол жеткізеді.Өсімдіктерді,жануарларды бақылауға,олардың жекелеген белгілерін бөліп алып,сенсорлық эталондарды (түсін,формасын,көлемінің) пайдалана отырып анықтауға,объектілерді салыстыруға және олардың сыртқы белгілеріне қарап топтастыруға балаларды үйретеді.Білімдерді меңгеру үрдісінде оларда танымдық іс-әрекеттердің күрделірек формасы пайда:балалар төрт жасқа қарағанда себеп-салдарлық қатынастарды анықтауға қабілетті боп келеді . Бес жасқа қараған балаларды көрнекі-бейнелі ойлаудың жоғары формасы қалыптасады.Олар жалпылаушы білімдерді меңгере алады.Балларды өсімдіктердің,жануарлардың жаратылысына тән ерекшеліктерін айыруға,олардың тіршілік ету жағдайларына байланыстылығын анықтауға үйретеді. Мектепке баратын жастың соңына таман балаларда логикалық ойлардың қарапайым формасы дамыған болуы тиіс:талдау мен жүйелеу қабілеттілік,өсімдіктер мен жануарлардың жеке және ортақ белгілерін айыра және жалпылай (мысалы,қоректену,қозғалу,тіршілік ететін жерлері жануарлардың әр түрлі топтарын жалпылау ) білу.Балаларды табиғаттағы құбылыстардың табиғи себептермен байланысты екендігіне қорытынды жасауға дағдыландырады (мысалы,өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі өзгерістер күнге,жарық пен жылуға байланысты).Балаларда мектепке баратын кезде бақылағыштық,білуге құмарлық,табиғатқа деген сүйіспеншілік және оған ұқыпты қараушылық,ондағы әдемілікті таба білудегі қабілеттілік,ауыл шаруашылығындағы еңбектерге деген ынта-ықылас дамыған болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет