Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастыру



бет15/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

3.2. Табиғатпен таныстыру кезінде балаларды ұйымдастыру
бөлімдері. Сабақтар, экскурсия, серуендер.
Ұйымдастырылған оқу қызметі, экскурсия, серуендер
Табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әсерінен адамда болатын тітіркенулер бірінші хабар жүйесін , ал оларды білдіретін сөздер екінші хабар жүйесін құрайды. Таным процесінің сезімдік жағы бірінші жүйесімен байланысты : ол – түйсік , қабылдау түсінік формасын қамтиды.
Дерексіз ойлау екінші хабар жүйесімен байланысты. Танымның сезімділігі мен тиімділігі бір процестің екі жағы болып табылады. Танымның сезімділігін мен тиімділігінің өзара қарым қатынасы дамудың әр түрлі сатыларында әр түрлі сипатта болады.
Балалардың қоршаған ортамен шындықты дамуы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың оның сезім мүшелеріне әсер етуі процеінде көрінетін түйсіктен басталады.
Сезімдік танымы физиологиялық негізі- көру,есту,тері, иіс жане басқада анализаторлардың бірлескен қызметі екені И.П. Павлов атап көрсетті. Мұнан балаларды табиғатпен таныстырудың негізінде көрнекілік табиғаттағы заттар мен құбылыстардың олардың сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі тиіс деуге болады.
Балалардың обьектілерді көруге ұстауға етуге, иіскеуге олардың ауырлығын т.б. сезуге мүмкіндіктері болуға тиіс. Табиғатпен қарым қатынаста бала оны түсінеді, бірақ ол әрқашанда табиғат жөнінде нақтылы түсініктерді ала бермейді.
Балалар заттарды әрқашан ескере бермейді немесе оның маңызсыз бөліктеріне көңіл аударады. Сезімдік қабылдау - табиғат жөніндегі білімінің алғашқы көзі, санадағы шындықтың дұрыс сәулесі осы қабылдаумен байланысты сөздердің көмегімен ғана болатынын әр уақыт есте сақтау қажет. Балалардың түсініктерін қалыптастыру жане олардың сөз байлығын молайту жүзеге асырылады. Түсінік- мидың анализдік- синтездік іс әрекетінің нәтижесі.
Олар табиғаттағы заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапалары мен қасиеттерінің бірнеше рет қабылдау олардың ішінен айтарлықтай белгілерді жане ол сөзбен беріліуін ажырата отырып, оларды басқалармен салыстыру нәтижесі жасалады. Түсініктер балалардың санасына сезіну жолымен алынған негізінде болғанда ғана дұрыс дамиды.
Түсініктің жасалуы - ұзақ процесс. Алға қойылған міндеттер іске асыруды анықтайтын жолдардың негізгі принципі-тәрбиелеу білім берудің көрнекілігіне танымда балалардың белсенділігін жане тәрбиешінің жетекшілік рөлінің бірлігінде. Табиғаттағы әр түрлі дағдылар мен іс әрекетті алуына басшылық ете отырып сан алуан мен тәсілдер қолданады.
Бақылау – балаларды табиғатпен таныстырудағы негізгі әдіс. Бақылауларға басшылық жақсы қойылған ересек және мектепке даярлық топтарында балалардың өте зейінді болатыны және заттармен табиғаттағы құбылыстардың өзгерістерін олардың өздері көріп, біле бастағаны тәжіребеден белгілі. Бұл- тәрбюиешімен бірге бақылаудан балалардың өз беттерімен тәрбиешінің күні бұрын берілген тапсырмалары бойынша, оның басшылығы арқылы орындалған бақылауларға көшуге мүмкіндік береді. Мысалы: сабақтарда бұтақтарды қарағаннан және табиғат бұрышындағы сабақтарда пайда болғанжапырақтарды бақылағаннан кейін ересек топтың балалары көктемдегі әр түрлі ағаштар мен бұталарда болатын өзгерістерді өз беттерімен белгілей алады.
Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы. Бақылау – мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірліг көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Анализаторлардың бірлесе іс-әрекет жасауы, тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады, ойлауы, тілі жетіледі, табиғатқа биемделген материалистік көз қарасқа, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке, әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді. Тәрбиешінің табиғи обьектілер мен табиғи құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы мектеп жасына деінгі балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Обьектіге және балалардың жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге, ал кейде бір аптаға дейін созылатын ұзақ болуы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен сәбилер топтарындағы балаларды ауа райын, үй жануарларын, балықтар мен табиғат мүсімдегі құстарды бақылауға тартуға болады. Бұл бақылаулар аз уақыт алалды, бірақ жиі қайталанады. Естияр топтарда аз уақыттық бақылаулардан басқа, ұзағырақ бақылауларды да ұйымдастырады, мысалы, табиғат мүйісіндегі және жер учаскесінде егілген немесе отырғызылған өсімдіктердің өсуі мен дамып жетілуін бақылау. Ересек және мектепке даярлық топтарында ұзақ бақылаулары көбірек орын алады: балалар өсімдіктің тұқымынан өсуін, жәндіктердің пайда болуын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді т.б. қадағалайды.
Ұзақ бақылаулар табиғаттағы құбылыстардың болуынын жүйелілігін, олардың арасындағы көзге көрінетін байланысты сезінуге мүмкіндік беруімен құнды. Бұл бақылауларды естияр топтың балалры, тәрбиешінің басшылығымен, ал ересек және мектеп даярлық топтарындағы балалар – өз беттерімен орындайды. Бақылаулар балалардың дұрыс түсініктері мен ақыл – ойының жетілуінің қалыптасуына әсер етуі үшін, тәрбиеші оған басшылық жасауға тиіс. Ол бақылаудың мақсаттарын түсіндіреді, олардың назарын заттарға немесе құбылыстарға тән ерекшеліктерге бағыттайтын сұрақтар қояды. Егер балалар танысып отырған заттапен немесе құбылыспен бұрын кездескен болса, онда тәрбиеші бақылауды ұйымдастыруға бағыттайтын сұрақтар қоя бастайды. Егер зат немесе құбылыс белгісіз болса, онда тәрбиеші олардың қалай деп аталатынын айтады. Олардың атын білдіретін сөздерді балалар бірнеше рет қайталайды.
Бақылау барысында балалардың әр түрлі анализаторын қатыстыру қажет. Тәрбиеші олардың заттарды түгел қарап, шыққан дыбыстарыды естіп, сипап немесе түртіп қабылдаған нәрселерін дұрыс атауларына қол жеткізуге тиіс. Бақылау барысында тәрбиеші балардың ойындық және табиғи заттармен тәжірибелік әрекет жасауын пайдаланғанда анализаторлардың жұмыс белсендірек болады.
Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін әдістемелік бағалы әдіс – теңеу болып табылады, ол – айырмашылғына немесе ұқсатығына қарай заттар мен құбылыстардың ерекшелік сипаттарын алыстыру. Табиғаттағызаттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілерді оңай табады. Айырмашылығына қарай салыстыру топтардың барлығында өткізіледі. Ұқсастығына қарай салыстыру әдетте балаларды қиналтады, өйткені олар ұқса заттардың айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды. Бұл әдіс ересек және мектеп даярлық тпотарындағы бақылаулар кезінде қолданылуы мүмкін. Бұл топтардың балалары обьектілерді салыстыра отырып, тәрбиешінің көмегімен ұқсас заттар мен құбылыстар айтарлықтай қасиеттерін ажыратады, оларды топтастыратын және қарапайым ұғымдарды туындыратын материал алады. Бақылауларды сабақтарда, саяхаттаарда, күнделікті серуендерде, жер учаскесіндегі кезінде, табиғат мүйісінде өткізуге болады.
Жер учаскісінде бақылаулар жасау. Жер учаскісінде жұмыс жасаған кезде, жер суарған, қонсытқан кезде балалар топырақтың әр түрлі қасиеттерімен (құрғақ, ылғалды) танысады, өсімдіктің суарғанға, қопсытқанға дейінгі және одан кейінгі сыртқы түріндегі өзгерістерді қадағалайды, көктей бастайды, жапырақтардың, гүлдердің, ұрықтардың жетілулерін бақылайды.
Әсіресе өсімдіктердің дамуындағы оның желінетің бөлігінің даму процесіндегі өзгерістерге: тамыр жемістің тамырына, пияздың бадасында, капустаның жапырақтарына, помидорлардың ұрықтарына, бұршақтың дәндеріне жене т.б көңіл аударған маңызды.
Бұршақ жапырақтарының формасының күнделігін, олардың танышқа бекітілуін бақылау қызықты. Бұрщақ бір жаққа қарай кыйсая бастсғанда, тәрбиеші өсімдікке көз салып қарауды және ондағы өзгерісті айтып беруді ұсына алады. Балалар: «Бұршақ жерге кыйсая бастады»,-дейді. «Ал ол неліктен кыйсая бастады?». Егер балалар жауап беруге кыйналса, тәрбиеші күнбағыстың сабағына қарауды және оны бұршақтың сабағымен салаыстыруды ұсынады. Олар тез қорытынды шығарады: күнбағыстың сабағы жуан, сондықтан ол төмен өседі. Балалармен бірге өсімдікке тіреу қоюға болады. Отау кезіңде балалар мәдени өсімдіктерді арамшөптерден ажыратуды үйренеді (олардың сабақтары мен жапырақтарының ұқсастығын және айырмашылығын салыстыру).
Экскурсия мен серуенде бастаған бақылауларды жер учаскісінде жалғастыруға болады. Мысалы, Свердлов обылысындағы балалар бақшасының бірінде орман мен жайылымнан алып келген жабайы өсімдіктерден мүиіс жасалған. Балалар бұл өсімдіктерді күтті және оларға өте жақсы жағдайлар жасады. Экскурсияда орманда қалған өсімдіктерді учаскіге алып келген өсімдіктермен үнемі салыстырып отырады. Өз бақылауларын жинақтай келіп, балалар өздері күткен өсімдіктерінің тезірек өсетініне, әдемі де ірі болатынына қортынды жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет