Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Еңбек және ойын технологиясы. Заттық ортаның орналасуы



бет22/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

4.2. . Еңбек және ойын технологиясы. Заттық ортаның орналасуы
Жер учаскесіндегі жұмыс. Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты бақылаулар жасаумен ұштасып жатады және олардың өсімдіктері мен жануарлар жөніндегі білімдерінің қорлануына еңбек, еңбек дағдылары мен іскерліктерінің жетіле түсіуіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиеленуіне ықпал етеді. Еңбекті ұйымдастыру жұмысының түруне, балалардың жасына және жыл маусымдарына байланысты. Жер учаскесіндегі кейбір жұмысты барлық топтарда ( немесе шағын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметі түрінде жүргізуге болады, бірақ еңбектік шеберліктермен дағдылардың қалыптасуы балалардың күнделікті еңбектерінде жүзеге асыруға тиіс. Әр түрлі тапсырмаларды мезгіл-мезгіл (немесе ұзақ уақытқа) жеке балаларға олардың кішкене топтарына немесе бүкіл топқа береді. Ересек және мектепалды даярлықтарында бақшаға және гүлзарға кезекшілік қояды.
Табиғат мүйісіндегі жұмыс. Табиғат мүйісіндегі жұмыс істеу күн сайынғы еңбекке бөлінген оқу қызметінде жүргізіп отырады. Балалар өсімдіктер мен жануарларды бақылайды, оларды ұқыпты қарауға меңгереді, үлкен адамдармен бірьесіп еңбектенуге, ал сонан кейін өз беттерімен еңбектенуге үйренеді. Балалардың еңбегін ұйымдастыру олардың жасына байланысты. Бірінші кіші тобында балалар тек тәрбиешінің өсімдіктерді қалай күтетінін бақылайды, ал екінші кіші тобында бұл жұмысқа олардың өздері қатысады. Орта топта барлығы да тәрбиешінің жекеленген тапсырмаларын орындайды. Ересек топтарда оларды тәрбиешінің бақылауымен кезекшілер орындайды. Мектепалды даярлықта кезекшілерден басқа балалар өсімдіктер мен жануарларды күтуде жеке дара бақылаулар жүргізеді. Табиғат мүйісін жинастыруда бірлесіп жұмыс істеуге болады.
Табиғат бұрышында тәрбиешінің балалар кезекшілерін басқару. Ересек топ. Ересек тобынан бастап балалар кезекшілікке тартылады. Кезекшілердің міндетіне жалпы тәрбиешімен бірге өсімдіктер мен жануарларды дұрыс күте білу. Балалар өсімдіктерді суарып, балықтардың суын ауыстырып және оларды азықтандыратын әдістері бекітіледі, оларды дағдыға айналдырады. Бірте-бірте кезекшінің міндеттері күрделене түседі. Мұндай кезекшілер оқу жылының басынан бастап енгізіледі. Ол үшін алдымен арнайы сабақ өткізіледі, онда кезекшілердің міндеттерін анықтап, өсімдіктер мен жануардарды күту әдістерін тағы да көрсету , ұқыптылықпен қарау қажеттілігін еске түсіру керек. Кезекшілер бөлме өсімдіктеріне су құйып , олардың ірі жапырақтарын сүртеді, жануарлар үшін азық дайындап (көкөністерді турап, дән, су әкеліп оларды азықтандырады жемдегіштер мен астауларды жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет