Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


Сабақты мынадай жоспар бойынша өткізуге болады



бет18/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

Сабақты мынадай жоспар бойынша өткізуге болады:
1) тексті оқудан бұрын текстке байланысты баланың не білетінін анықтау ниетімен әңгімелесу;
2) шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады);
3) әңгімелесу;
4) әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы);
5) экскурсия, бақылау.
Бала тілін жетілдіруде мынадай міндеттер көзделеді:
1) сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу;
2) өмірмен байланысты сөздерді үйрету;
3) шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету;
4) оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру.
Жаңа сөз үйрету, үйренген сөзді қолдану жағына көңіл бөле отырып, баланың жас ерекшелігіне орай сөз санын (2-ден 3 жасқа дейін сабақта – 2-3 сөз; 4-5 жаста — 4-5 сөз; 5-6 жаста — 6-7 сөзден) белгілеп, сабақ тақырыбын баланың нені игергенін, нені игерту керектігін ескере белгілеу. Осылайша баланы үйренген сөзді саналы қолдана білуге, жаңа сөздермен сөз қорын молайту дәрежесіне жеткізу қажет. Үйренген сөзді қолдана білуге үйрету, сабақта және сабақтан тыс әр алуан серуен, ойын, еңбек процесіндегі жаттығу жұмыстарында іске асады.
Мектепке дейінгі балалардың сөз қорының басым көпшілігінің зат есім, етістік сөздерден болатыны, ал сын есім, сан есім, есімдік, тағы басқа сөздердің сөз таптарының аздығы көрініп жатады. Сондықтан сөзге үйрету ісінде заттың түр–түсі, формасы, кейде түрі ұқсас заттарды салыстыра отырып жауап алу, білмегенін түсіндіру қажет. Екінші кезекте «Сен нені қалайсың?», «Танып ал, атын ата» деген дидактикалық ойын (ұсақ суреттемен) ойнату орынды. Енді бірде қысқа тақпақтар оқылады. Сабақ жемістер жайында болса, олардың суретін көрсете отырып, тақпақ оқылады.
Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, Жеміс ағаштары көктемде қайтеді? Қандай жемістерді білесіңдер? Дәмі, пішіні қандай? Шиенің дәмі қандай? Алманың дәмі қандай? Пішіні неге ұқсайды? деген сияқты сұрақтар қойып, жауап алады.
Осыдан соң «Формасын таны», «Қайда өседі?» деген дидактикалық ойындар басталады. Ойын үшін жеміс–жидек суреттері әзірленеді. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіріп, суреттерді үстел үстіне араластыра тастайды. Шақырылған бала жоғарыдағы сұрақтарға сай жемістерді сипаттап айтады (5-6 жас), екінші бала (егер аралас топ болса, 4 жасар бала) сол жеміс туралы тақпақ айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет