Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе


ІV БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ



бет20/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

ІV БАЛАЛАРДЫ ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫ
4.1. Эксперимент және бақылау әдістері
Бақылаудың маңызы және ұйымдастырылуы.
Бақылау мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс.Анализаторлардыдың бірлесе іс әрекет жасауы,тәрбиешінің сөздері негізінде балаларда нақтылы білімдер пайда болады,ойлауы, тілі жетіледі,табиғатқа деген матералистік көзқарасқа ынта ықыласқа, сүйіспеншілікке,әдемілікті сезінуге тәрбиеленеді.Тәрбиешінің табиғи обьектілері мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастырылуы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таны табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады.Обьектіге және балалардың жасына байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және бірнеше күнге,ал кейде бір аптаға дейін созылатын ұзақболуы мүмкін.Мектеп жасына дейінгі бөбектер мен кіші топтарындағы балаларды ауа райын,үй жануарларын,балықтар мен табиғат мүйісіндегі құстарды бақылауңа тарату,а болады.Бұл бақылаулар аз уақыттық бақылаулардың басқа,ұзағырақ бақылауларды да ұйымдастырады,мысалы ,табиғат мүйісіндегі және жер учаскесінде егілілген немесе отырғызылған өсімдіктердің тұқымынан өсіуі,дамып жетілуін бақылау .Ересек және мектепалды даярлықта ұзақ бақылаулар табиғи маусымдық өзгерістерді қадағалайды.Ұзақ бақылаулар табиғат құбыластардың болуының жүйелігін,олардың арасындағы көзге көрінуінің байланысты сезінуге мүмкіндік беруімен құнды.Бұл бақылауларды естияр топтың балалары ,тәрбиешінің басшылығымен ,ал ересек және мектепалды даярлықтарындағы балалаар өз беттерімен орындайды.Бақылау балалардың дұрыс түсініктері мен ақыл ойының жетілуінің қалыптасуына әсер етуі үшінтәрбиеші оған басшылық жасауы тиіс.Ол бақылаудың мақсаттарын түсіндіреді,олпрдың назарын заттарға немесе құбылыстарға тән ерекшеліктерге бағыттайтын сұрақтар қояды.Егер зат немесе құбылыс белгісіз болса,онда тәрбиеші олардың қалай деп айтады.Олпрдың атын білдіретін сөздерді балалар бірнеше рет қайталайды.
Бақылау барысында балалардың әр түрлі анализторлардың қатыстыру қажет.Тәрбиеші олардың заттарын түгел қарап шыққан дыбыстарды естіп ,сипап немесе түртіп және қабылдаған нәрселерін дұрыс атауларына қол жеткізуге тиіс.Бақылау барысында тәрбиешә балалардың ойындық және табиғи заттармен тәжірбиелік әрекет жасауын пайдаланғанда анализаторлардың жұмысы белсендірек болады.Бақылау кезінде ойлауды белсендірек ететін әдістемелік бағалы әдіс теңеу болып табылады. Табиғаттағы заттарды салыстырған кезде балалар айырмашылық белгілері оңай болады.Айырмашылығына қарай салыстыру топтарында барлығында өткізіледі.Ұқсастығына қарай салыстырум әдетте балаларды қиналтады,өйткені олар ұқсас заттардың айтарлықтай қасиеттерін өз беттерінше ажырата алмайды.Бұл әдіс ересек және мектепалды даярықтарындағы бақылау кезінде қолданылуы мүмкін.
Ұйымдастырылған оқу қызметіндегі бақылаулар .Табиғи обьектілермен оқу қызметін өткізген балаларды өсімдіктер мен жануарларды бөліктерін жақсылап кқріп дұрыс атауға үйретеді.Кейбір оқу қызметінде балалар жануарлардың қалай коректенетін,қалай қозғалатынын бақылайды.Тәрбиеші балаларды жануарлардың коректенуі,қозғалуы олардың дене мүшелерінің құрылысымен байланысты деген қортындыға келтіреді,мысалы «Кролик, көк шегіртке,бақа секіреді»,себебі олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзынырақ.
Бөбектік жас топтарындағы балалар оқу қызметінде мысықтың баласын, күшікті,тауықты балапанын,тордағы құстың балапаның ,суда жүзген балықтың,жазда бақаны қоңызды бақылай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет