Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі баязова б. Т балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі астана 2018 Кіріспе



бет23/47
Дата03.12.2023
өлшемі219,4 Kb.
#133568
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
КІТАП.Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі,

Мектепалды даярлық Оқу жылының басында кезекшілердің міндеттерін еске түсіру және анықтау үшін «Табиғат мүйісіндегі жұмақ туралы әңгіме» сабағын өткізеді. Мұнда мынандай сұрақтар қоюға болады: Біздегі табиғат мүйісінде қандай аңдар мен құстар бар? Табиғат мүйісінде кезекшілер не істейді? Біздегі балықтар қалай аталады? Біздегі балықтар қалай аталады? Олар қайда өмір сүреді? Немен қоректенеді? Сендер балықтарды қалай күтесіңдер? Балықтарға жем қалай беретінін көрсетіңдер. Балықтардың жақсы өсуі үшін тағы да не істеу керек? Табиғат мүйісіндегі өсімдіктер туралы сұрақтар қояды: Біздегі табиғат мүйісінде қандай өсімдіктер бар? Сендер өсімдікті қалай күтесіңдер? Өсімдіктерді қалай суаруға болады? Егер бала табиғат мүйісіндегі объектілерді күтудің дұрыс әдістерін қолданбаса, тәрбиеші басқа баланы шақырып, неліктен бұлай істегенін көрсетіп, түсіндіреді, қандай өсімдіктерді бүріккішпен су бүрку керектігін көрсетеді. Табиғат мүйісіндегі кезекшілікті барлық балалар кезектесіп атқарады. Олардың міндеттерін дұрыс атқаруын және өздеріне тапсырылған жұмысты аяғына дейін жеткізуін қадағалап отыруы керек.
Әр жастағы балалармен жұмыс істеуге әртүрлі ойындардың орны, оларды ұйымдастыру және өткізу. Ойын- тек көңіл көтеру үшін емес, сондай-ақ олардың көмегі арқылы жас балаларға қоршаған өмірді таныстыратын да тәсіл болып саналады. Балалармен жүргізілетін білімдік – тәрбиелік жұмыстардың тәсілі ретінде ойын жиі қолданылады.
Рөльдік ойындар Балалардың ойыны саяхат немесе серуен кезінде қабылдағандарын әрдайым шығармашылықпен қайтадан жаңғырту болып табылады. Онда өсімдіктер, жануарлар және адам еңбегі жайында алған елестетулер бейнеленеді. Мұнда ойында балалар бақылағандарын қайталайды, білімдерін және алған дағдыларын нығайта түседі. Тәрбиеші балалардың ойындарын бақылай отырып, оларды қажетті заттармен жабдықтайды, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап таба білуге көмектеседі, елестетулері дұрыс болмаса түзетеді. Ойын балаларға міндетті түрде таңылмауы және онда ондағы тек қана өз қабылдауларын қайталауы өте маңызды. Мұнда ойындарды бақылаут тәрбиешінің балаларды танып – білуі, олардың білетінін елестетулерін және табиғат пен еңбекке деген көзқарасын есепке алу үшін мол материал береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет