6.3. Ерте жас және кіші топтағы балаларды үй жануарлары
және жабайы аңдармен таныстыру
Нәрестелер тобы Бірінші топ (бір жасқа толғанға дейін).Балалар бір жасқа тола бастағанда-ақ төңірекке коз салып, создерді түсіне бастайды. Баланы осы жастан бастап мүмкіндігі болатын әсерлерге кенелте беру керек, бұл - олардың анализаторларын, ал келешекте сөзін дамытуга жәрдемдеседі. Бала 5-6 айдан бастап төңірегін қызықтап өседі. Басқа объектілерге қарағанда бәрінен бұрын жануарлар қимылымен және дауысымен олардың назарын жиі аударады. Балаларды 9-10 айдан бастап-ақ маңайдағы жануарларды ажыратуға және танып-білуге үйретеді, соларды қызықтауга тәрбиелейді. Оку қызметі әр баламен жеке өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі - жануардың өзін көрсету. Баланы жануарларға (мысыққа, итке, балапанға) жақындатады, ал объектіге қараған кезде сол жануардың атын айтады, мысалы, "мысық", «мияу-мияу» немесе «піш-піш». Келесі оқу қызметінде баланың жануарларды ажыратып, танып-білуін жетілдіру үшін оны жануарға жақынырақ апарып: «мысық (ит, балапан) қайда?» деген сұрақ қояды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін обьекті тақап апармай-ақ балаларға: «Мысықты көрсетші» дейді. Бала жануарды көзімен нұсқап немесеқолымен көрсетуі керек. Бұған жануарлардың суретін бейнелейтін суретті немесе ойыншықты пайдалануға болады. Тәрбиеші баланың алдына бірнеше ойыншық (мысық, ит) қойып: «Мысықтытауып берші» немесе Мысықты көрсетші» дейді. Балаларға 10-11 айда біраз түсіндірме жасап, сурет көрсетуге болады, мысалы: «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды».
Екінші топ (екі жасқа қарағанда). Екінші жылы балалар сөзді есіне сақтай бастаған шақта тілін ұштап, төңірегін бағдарлауы үшін жануарлар туралы (сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы) қарапайым түсінік қалыптастыруга болады. Бір жарым жасқа дейінгі балалардан жануарларды түріне қарай және суреттен танып білуге дағдылануды талап етеді. Балалар бір жарым жастан бастап ойыншық бойынша жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсетуі тиіс. Оқу қызметті жеке-жеке және 446 баладан шағын топ жасап өткізеді. Тәрбиеші осы мақсатпен балаға ойыншық немесе сурет бере отырып, жануардың атын айтпады да, олардың назарын жануардың мүшелеріне аударады, Көшеден немесе бөлмеден мысықты, итті, тауықты, үй қоянды көрсете отырып, балалардың назарын жануарлардың қимылына (жүруі, жүгіруі, секіруі),дыбысына аударады; солардың кейбіреуінің қылығын қайталап көреді. Бақылау соңынан жануарлардың дыбысы мен қимылдарына еліктейтін ойындар өткізеді. Балаға тәрбиеші атын атааан жануардың бейнесі бар суретті табудыжәне оның қалай жүріп, қалай дыбыс шығаратынын айтуды ұсынады.
Кіші балаларды үй жануарларды және жабайы аңдармен таныстыру Бағдарламаның мазмұны Бағдарлама бойынша балалардан үй жануарларының (мысық, ит, жылқы, сиыр, ешкі, тауық) өзіне қарап жане суреттен ажыратуын, олардың атын атап. сол жануарлардың кейбір сыртқы белгілерін көрсетеді, олардың төлдерін ажыратып, аттарын атау талап етіледі. Мектеп жасына дейінгі екінші кіші тобындағы балаларға үй жануарларының мінез-қылығын (не жейтінің, қалай жүретінін, олардың дауысы қандай екенін) бақылауды үйретіп, оларга қамқорлық жасай білуді, мейірімді болуды дағдыға айналдырады.
Үй жануарларын бақылау.Үй жануарларымен таныстырудың негізгі әдісі, серуендеп жүргенде оларды аз ғана уақыт, бірақ бірнеше рет қайта-қайта бақылау болып табылады. Мәселен тауықтың топырақты қалай тырмалайтынын: балапандарын қалай шақырып, балапандардың қалай шиқылдайтынын бақылауды екі топтың балаларына да ұсынуға болады. Тәрбиеші мекиеннің дән тауып алып, оны жеу үшін өз балапандарын шақыратынын түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балалар 5-7 минут бақылау жасайды. Осыдан кейін тәрбиеші: «Қандай тауық? Қандай балапандар? Тауық балапандарын қалай шақырады? Балапандар қалай шиқылдайды?» - деп сұрайды. Сиқырды, жылқы мен ешкіні жазғы жайылымда бақылаған жақсы. Балалардың назарын мүйізге аудару керек, сиырдың қалай моңіреп, жылқының қалай кісінейтінін, ешкініц қалай секіретінін тыңдап, олардың ие жейтінін, сиырлар мен ешкіні қалай сауатынын бақылау керек. Үсақ үй жануарларын - мысықты, итті - болмедегі ұйымдастырылған оқу қызметінде бақылауга болады. Тәрбиеші итпен бақылау ұйымдастырады. Балалардың нақтылы түсінігін тиянақтап, сөз қорын байыту үшін «Үй жануарлар» жинағынан: «Мысық пен мысықайлар», «Итпен күшіктер», "Сиыр мен бұзау», «Тауықтар» деген суреттерді қаратады. Балалардың назарын жануарларды бақылаған кезде көзбен көрген әсерлері негізінде суреттегі бейнелерге оңай тартуға болады. Тәрбиеші оларды қарап көру кезінде жануарлар туралы тағы сипаттамай-ақ, сұрақ қояды. Барлық үй жануары бойынша суретпен жұмыс істеуді жоспар бойынша құруға болады. Тәрбиеші суретті анықтап көріп болған соң балаларға мысық туралы әңгіме тыңдауды ұсынады.
Дидактикалық ойындар Жануарлардың дауысы туралы білгенді бекітіп, дыбысты айта білуге жаттықтыру үшін «Қайсысы қалай дауыстайды?" (бірінші кіші топқа) және «Қора-жайда қайсысы тұратынын таба ғой» (екінші кіші тобына) деген дидактикалық ойындар өткізеді.
Суретті ойындар Екінші кіші тобындағы балалармен ойындар нұсқасының бірі "Енесі қайда?» дегенді өткізуге болады, Жануарлар мен олардың балалары туралы мектеп жасына дейінгі балалардың түсінігін баянды етуге мүмкіндік беретін ойындарды пайдаланады.
Жануарларды азықтандыруда балалардың қатысуы Жануарлардың қоректенуі туралы балалардың түсінік алуы үшін тәрбиеші солардың көзінше тауықтарға жем шашып, мысыққа, итке тамақ береді.
Достарыңызбен бөлісу: |