Су-әлемдегі ең көп таралған зат.Су- бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі.Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық- химиялық қасиеттердің жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық,жоғары тығыздық,ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік,тұтқырлық,қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады.Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді.Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің қалыпты өтуіне себепкер болады.Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан.Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді. Құм-сусымалы тау жынысы,табиғатта жиі кездеседі.Ол сары, ақ,сұр,қара болып келеді.Құрғақ құм түйіршіктері бір бірімен байланыспай тұрады.Құм су қоймаларында ауыз суды сүзіп тазартуға қолданылады.Таза құмнан әйне жасайды.Құм-ұсақ түйірлі борпылдақ шөгінді тау жынысы.Құрамында әр түрлі минералдар мен тау жыныстарының түйіршіктері бар.Әр түрлі минералдық заттардың түсіне сәйкес құм ақ сары,қоңыр, қара,қызыл түсті болады.
2.4. Өсімдік бөліктері Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Әрбір өсімдік айналадығы орта жағдайлармен байланысты болғандықтан, тіршілік етеді.Өсімдіктер айналадағы ортадан су,ауа,минералды тұздарды сіңіреді,күннің қызуы мен жарығын пайдаланады.Өлі табиғаттың және тірі ағзаның барлық осы жиынтықтары өсімдіктер айналасындағы ортаның жағдайларын құрады.Өсімдік айналадағы табиғи ортадан тіршілігіне қажетті барлық заттарды алады.Алайда өсімдіктер тек сіңіріп қана қоймайды,олар айналадағы ортаға өздерінің тіршілік әрекеттерінің өнімдерін шығарады. Осылай өсімдіктер тіршілігі тұтасымен айналадағы орта жағдайына байланысты.Орта жағдайының өзгеруі өсімдік тіршілігін өзгертеді.Жылдың әр маусымында өсімдіктер қалай өзгеретінін өздерің жылда бақылап жүрсіңдер.Күзде өлі табиғат жағдайлары қалай өзгеретінін,олар өсімдіктерге қалай әсер ететінін естеріңе түсіріңдер.Күн суыта бастайды,жаңбыр жиілеп,күн қысқарады.Гүлді өсімдіктердің жемістері мен тұқымдары піседі,жапырақтарының түрі өзгеріп,түсе бастайды.Көптеген шөптесін өсімдіктердің жер бетіндегі бөліктері құрайды.Ал көктемде қандай құбылыстар байқалады?Жер жылынып,қар еріп,күн ұзарады да,өсімдіктер оянады ағаштардың шырындары қозғала бастайды, жапырақ шығып,өсімдіктер гүлдейді.Өсімдіктің тіршілігі үшін топырақ, оның құрылысы мен құрамының маңызы аса зор.Өсімдіктерге топырақтағы өзгеріс,ылғалдың жетіспеуі немесе артуы,минералды заттардың мөлшері өте тез әсер етеді.Сондықтан құрғақ жерде өсетін өсімдіктер ылғалды жерлерде кездеспейді,әрбір ортаның өзіне тән өсімдіктері болады.Мысалы:құнарлы жерлерде атқонақ,қоңырбас,қойкөде кездеседі.Дала мен шөлейт жерлерден сексеуіл,изен,көкпек,жолжелкен, бақбақ, қалақай жиі ұшырасады.Сол сияқты сулы жерде,жайылымдарда жиі кездесетін өсімдіктер тобын бөлуге болады.Өсімдіктер тіршілігіне ең қажетті жағдай жарық.Жарықтың әсерінсіз фотосинтез жүрмейді, яғни органикалық заттар түзілмейді,оттегі бөлінбейді,ауа арқылы қоректену бұзылады.Алайда өсімдіктердің жарық сүйгіштігі бірдей емес.Жарық сүйетін,яғни тек жарық мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктер болады.Олар шөл дала,таулы жер,тундра,ормандағы биік өсімдіктер ,ашық жердегі шөптесін өсімдіктер наурызгүл,өгейшөп,айдаршөп,тайтұяқ,саумалдық,қарғакөз,шаңжапырақ және басқа орман өсімдіктері көлеңке сүйгіш өсімдіктерге жатады.Олар көлеңке сүйгіш өсімдіктерге жатады.Олар көлеңкелі жерде жақсы өседі.Өсімдіктер айналадағы өлі табиғатпен ғана емес,тірі табиғатпен де тығыз байланысты.Өсімдіктерге,әсіресе жануарлар үлкен әсер етеді.Жануарлардың көпшілігі өсімдіктермен қоректенед.Мысалы: көптеген аудандарда ешкілер бұталарды,ағаштарды қатты зақымдайды,жапырақтарды жейді.Бұғы жазда тәулігіне 30-40 кг, түрлі өсімдіктерді азықпен қоректенеді,қыста 10 кг өркен мен қабық, күніне 300-400 ағаш пен бұтаны қорегіне пайдаланады.Желінбей ,зақымдалып қалған бұтақтар, сынған,майысқан,қураған ағаштар әлсіз болғандықтан, басқа да зиянкестердің әсеріне оңай ұшырайды.Малды үнемі бір жерде жаю өсімдік түрлерінің азаюына тіпті жойылуына апарып соғуы мүмкін.Өсімдіктерге кейбір жәндіктерге орасан зиянын тигізеді.Шегіртке ,колорад қоңызы,орамжапырақ көбелектерінің қуыршақтары,өсімдіктердің тұқымын таратады және тозаңдандырады.Суырлан, қабандар,тышқандар,жерден ін қазып,топырақты қопсытады. Інге өсімдік қалдықтарын тасып, топырақтың құрылымын өзгертеді.Мұндада өсімдіктің тамырына ауа еркін жетіп,оның өсуіне қолайлы жағдай жасайды.Әсіресе,шұбалшыңның маңызы өте зор.Ол 1.5 м тереңдікке дейін ін қазып,былайша айтқанда жер жыртады.Топырақты қопсытады.Сондықтан өз аулаларындағы,өсімдіктерді жақсы өссін десеңдер,олардың түбіне шұбалшаңдарды жіберген жақсы.Олар топырақты қопсытып,қасиетін жақсартады.Алма ағаштарының ең қатерлі жаулары жемісжегіш,гүлжегіш көбелектер.Алайда бұл көбелектер кейбір өсімдіктердің иісіне төзе алмай бақшадан ұшып кетеді.Міне,осындай өсімдіктерді ащы жусан мен түймешетенді алма ағашының маңына отырғызған жөн.Жануарлар өсімдіктерді тек қорекке пайдаланып қоймайды,сонымен қатар оларды мекен етеді.Мұнда жануарлар қоныстанып ұрпақтарын таратады.Мысалы: құстар ағаштармен бұталарға ұя салып,ондағы жәндіктер мен өсімдіктердің жемістері және тұқымдарымен қоректенеді.Өсімдіктерге жануарлар ғана емес,олардың өздері де бір-біріне әсер етеді.Кейбір өсімдіктер басқа өсімдіктерге шырмалады.Көптеген өсімдіктер маңайындағы өсімдіктерге не жағымды,не жағымсыз әсер етеді.Мысалы грек жаңғағы қазанға ,қартапқа бедеге,алма ағашына жағысыз әсер ететін заттар бөліп шығарады.Сондықтан оның айналасында аталған өсімдіктер тіршілік ете алмайды.Эвкалипт ағашы шөптесін өсімдіктердің өсуін тежейді.Гүл шоғын жасауға кез келген өсімдіктің гүлін пайдалануға болмайды,алынған өсімдіктер де бір-біріне әсер етеді.Сондықтан нарцисс пен раушан гүлін бір ыдысқа қоюға болмайды.Ал шыра мен балқарағай,емен мен жөке ағашы бір жерде жақсы өседі, олардан бөлінген заттар бір-бірне жақсы әсер етеді.Әбден піскен қызан қатар жатқан көк қызанның пісіп жетілуін жылдамдатады.Сонымен,өсімдіктер айналадағы ортамен тығыз байланыста болады.Айналадағы орта өсімдікке ортаға әсер етеді.