«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған



бет38/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
кешен балалар әдебиеті

Тақырыбы: С. Сейфуллин әңгімелерінің балалар әдебиетіндегі рөлі
Сәкеннің туып, өскен жері - өзі сан рет ең тәтті жырларымен әлпештеп суреттеген сұлу Сарыарқаның сүбелі шүйгін бір арнасы Нұра, Есіл өзендерінің арнасы.Қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданының бірінші ауылында туып өскен.Сәкен әуелі ауылда Ағаш аяқ дейтін молдадан оқып хат танып, 1905 жылы Нілді мыс қорыту заводындағы орыс – қазақ мектебіне оқуға түсіп, онда жұмысшы қызметкерлердің балаларымен бірге оқиды.

Ол кезде Ақмола облысының мыс өндіріп, қорытатын осы Нілді, Спасский, Қарсақбай заводтары мен Қарағанды көмір кенінде істейтін жұмысшылар ең алғаш саяси күрес майданына шыққан, еңбек пен капитал арасының қайшылығы қазақ даласына да қанатын жайған кез еді.Нілдіде оқып жүрген кезінде алған әсері туралы кейін Сәкен: « 1905 жылғы жұмысшылардың көтерілісін көрдім. Орыс шешендерінің сөздерін естідім.Көтеріліс жасаушылардың қозғалысы менің ой – дүниемде шу деп із қалдырды » деп жазды.Елде өз үйінің жоқшылық, кедейлік тіршілігі, қалада араласып жүрген жұмысшылардың тұрмысы Сәкеннің бірте – бірте езілген еңбекші халықпен біте қайнасып кетуіне себепші болды.

Сәкен Нілдідегі мектептен үш жыл оқығаннан кейін Ақмола қаласына келіп, Приходская школада екі жыл, үш кластық қалалық училищеде үш жыл оқыды.Сәкеннің Нілді мен Ақмолада оқыған кездерінде жалпы білімі қандайлық молайып өсетін болса, қоғамдық ой санасы да, әдебиетке бейім қабілеті де тез оянып, қалыптаса бастайды.Нілді мен Ақмолада және өзінің туып өскен ауылында Сәкен оқып – үйренуден, поэзияға ынтыға берілуден, қоғамдық өмірдің алуан сырларын, әсіресе әлеуметтік теңсіздікке, таптық күреске байланысты өмір сырларын білуден жалықпайды да, тоқталмайды да.

Сәкеннің өмірді танып – білуінің, ақындыққа алғаш бой ұруының негізгі факторлары - өзі өскен ортаның ақыны мен әншілері, яғни халықтың теңіздей мол поэзиясы.

Қазақ ортасындағы неше түрлі айтқыш ақындарды, сері әншілерді Сәкен Қарқаралы, Баянауыл, Атбасар төңірегіндегі елдерден де көп кездестіреді.Сәкен ақындығының негізгі бір қайнар бұлағы міне осылар.

Екінші, Сәкен орыс мектебіне түскеннен бастап, орыстың ақын, жазушыларын, орыс тілі арқылы басқа елдердің классиктерінің шығармаларын оқи бастайды.Сәкеннің орыс поэзиясына айрықша ынта қойып оқуына оның мұғалімдері мен оқытушылары айрықша әсер еткен көрінеді.Сәкен шәкірт кезінде Пушкин, Лермонтов, Надсон, Блок шығармаларын қызыға оқыған.

Ауылда өтетін ойын – сауықтарда Сәкенің өзі де домбыра тартып, ел жастарының салты бойынша ән салып, өлеңмен жеңіл айтыстарға да араласып жүрген.

Сәкен Ақмолада оқыған уақытында тереңдей білім алу жолына беріле жүріп, екінші жағынан Ақмолаға оқу іздеп келген қазақ балаларына орысша сабақ береді.Ақмолада оқып жүрген кезінде Сәкен қаншалықты өлең жазғаны бізге мәлім емес. Ал 1914 жылы басылған жинағына кірген өлеңдерінің бірқатары өзінің туған ауылы мен Ақмолада жазылуы сөзсіз. ( 1. 178-181 бб )

Сәкеннің аңызға айналған аты тек әдебиет пен мәдениеттегі ерен еңбегіне ғана емес, оның қоғам алдындағы борышын адал дааумақты атқарған қайраткерлігіне де байланысты болғанын еш уақытта естен шығара алмаймыз.Сәкеннің азаматтық келбетінде өзі құралыптас ақын жазушылар мен қайраткерлерде кездеспеген, маңдайына жазылмаған, бастарынан өткермеген екі қасиеті бар. Бірі –В.И.Ленин гвардиясының қатарында шыңдалғандар ішінде өмір мен өлім көргенінен өткен революционерлігі, екіншісі – ақыл - парасаты мол мемлекет қайраткері болғандығы. ( 2. 10-11 бб )

Сәкен 1913 жылы Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясына түсіп, оны 1916 жылы бітіріп шығады.Омбыға келу Сәкеннің бұрынңғыдан да терең білім алуына кең жол ашумен бірге, саяси – қоғамдық және ақындық – эстетикалық көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады. 1913 жылы Омбыда оқитын қазақ жастарының « Бірлік » атты мәдени – ағарту ұйымы құрылып, оның басқару жұмысына Шәймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин т.б. белсене қатысады. « Біздің программамыз және көздеген мақсатымыз қазақ арасына мәдени ағарту жұмысын жүргізіп, қазақ әдебиеті арқылы патша үкіметінің қысымшылығына қарсы идея тарату еді » дейді Сәкен. Осы мақсатты іске асыру ниетімен 1914 жылы Сәкеннің « Өткен күндер » атты өлеңдер жинағын бастырып шығарады. Мұнда жазушы жастық, шәкірттік өмірдің жай – күйлерін айтумен бірге, патша үкіметінің отаршылық қысымына, қазақ байларының кертартпалық, топастық қылықтарына қарсы шығады. Ел жастарын өнер – білімге шақырады. Омбыда оқып жүргенде Сәкен бірталай орыс интеллигенттерімен, соның ішінде революционер - жазушы Феоктист Березовскиймен жақын дос болады.

Сәкен 1916 жылы Омбыдағы семинарияны бітіріп, Ақмола уезіндегі Сілеті – Бұғылы ауылдық мектебіне оқытушы болып тағайындалады. Осы жылдың жазында мал санағын алатын комиссияның жұмысына қатынасып, Ақмола уезіндегі елдің бірталай жерін аралайды.

Сәкеннің орыс классиктерін, сондай-ақ Абай шығармаларын тереңдей оқып, ақындық өнерін анағұрлымжетілте, дамыта түскен мезгілдері 1915-1917 жылдар арасы екендігі байқалады.

1917 жылы Февраль революциясында патша тақтан түскеннен кейін Сәкен Ақмола қаласына келіп, саяси-қоғам жұмысына белсене араласады. Қалада мұғалімдер даярлайтын педагогикалық мектеп ашып, бір жағынан сонда сабақ береді. Сәкеннің саяси-қоғамдық қызметінің ең маңызды дәуірі басталады.Сәкеннің саяси-қоғамдық қызметінің ең маңызды дәуірі басталады. Сәкен Ақмола қаласындағы солшыл революцияшыл бағыттағы орыс, қазақ, татар оқығандарымен бірлесе отырып, уақытша үкімет тұсында бұрынғы патшалық үкіметтің заң тәртібінің қалдығын жою, еңбекші халыққа шын мәніндегі бостандық берілу мақсатында белсенді жұмыс жүргізеді. Саяси мәселелерді халық мақсаты тұрғысынан ешкімге жалтақтамай, ашық, тура қоя білу арқасында бірден беделі артып, үлкен сенімге ие болады.1917 жылы май айында Қазақ комитеті құрылғанда Сәкен әуелі орынбасар, біраздан кейін оның бастығы болып сайланады.

Міне осы кезде Сәкен Сейфуллин, Абдолла Асылбеков, Бәкен Серікбаев бастаған революцияшыл топ қазақ комитетімен қатар « Жас қазақ » ұйымын құрады. « Жас қазақ » өзінің саяси программасында Россиядағы ең революцияшыл партиямен бірге майданға шығатындығын, Россияның құрама республика қолдайтындығын жариялайды. « Жас қазақ » ұйымы « Тіршілік » атты газет шығара бастайды. « Жас қазақ » пен « Тіршіліктің » басқару жұмысының ауыр салмағы Сәкенге жүктеледі. Бұл ұйым да, газет те саяси бостандық, ұлт мәселелерінде алашордашылардың, тағы да сондай буржуазияшыл партиялардың саясатына ашықтан – ашық қарсы күреседі.

« Жас қазақ » пен « Тіршілік » революцияшыл жастардың қолында болып қыр мен даладағы еңбекші халық арасында революциялық үгіт насихатты күшейте түседі. Әсіресе Сәкен « Тіршілік » газетінің бетінде көптеген мақала, фельетон, очерктер жазады. « Асығып тез аттандық », « Кел, жігіттер », « Тергеген болсаң, айтайын », « Ақша қар », « Далада », « Күзетші иттер», « Қырда » сияқты революцияшыл маңызы күшті өлеңдерін де осы « Тіршілік » газеті арқылы қалың еңбекші халық арасына таратады.Сәкеннің революциялық мазмұнға толы бұл поэзиялық шығармалары және осы 1917 жылы жазылған « Бақыт жолында » атты пьесасы – қазақ совет әдебиетінің ең алғашқы қарлығашы, « Тіршілік » газетінде, сондай-ақ жиырмасыншы жылдардың бас кезіндегі газет-журналдарда Сәкеннің бірқатар мақалалары мен шығармалары « Манап-Шәмил » деген бүркеншік атпен басылады. Бірлі жарым өлеңі « Кер торы ат » деген атпен де жарияланған.

1917 жылдың күзінде Сәкен Ақмола қаласында Совет үкіметін орнату жұмысына белсене қатынасады. Ақмолада ұйымдасқан тұңғыш совдепте Сәкен президиум мүшесі және Ақмола уезіндегі ағарту жұмысының комиссары болып сайланады.

Сәкен қазақ халқынан шыққан алғашқы коммунистердің бірі. Ол 1918 жылдың басында, яғни Октябрь революциясының ұлы идеясы жер жүзіне жарығын түсірер таң шапағында бар иман – тілегімен еңбекші таптың жақтаушысы, қорғаны болуға бекінеді.

Сәкеннің саяси және творчестволық өміріндегі үлкен бір оқиға – коммунистік партиясының қатарына кіруі. 1922 өзі қолымен толтырылған анкетада ( партия тарихы институтында сақтаулы ), партия қатарына 1917 ж.декабрьде түстім деп жазады. Ал 1936 жылы тағы да өзі жазған өмірбаяндық ақпарда 1918 жылдан партия мүшесі делінген. Жұлдыздың екі есебі бойынша декабрьде, жаңа есеп бойынша 1918 жылдың январы болуы мүмкін. Сәкен 1918-19 жылдарда бірталай өлеңдер жазған. Бұл кезде жазған өлеңдерінің көпшілігі өзінің революциядағы күресіне, өмір жолына тығыз байланысты болып отырады.

Сәкеннің « Қамаудан », « Адасқандарға », « Сағындым », « Тұлпарым », « Қамыққан көңілге » атты ыза мен кекке толы күшті революциялық өлеңдері тұтқында отырып жазылған. ( 1. 187-190 бб )

1919 жылдың апрелінде Сәкен лагерьден қашып шығып, азаттықтың ауасын есі кете жұтқанын « Түрмеден қашып шыққанда » атты тамаша өлеңінде жырға қосты. Тылсым шаттыққа кезікті, бірақ одан өмір бірден жеңілдеген жоқ. Қар еріп, жер-дүние лайсаңға айналған осы бір шақта жаны қиналып, азап үстіне бейнет қосарланған тұста Сәкен өзінің жан сырын былай шертті:




Күлдіреп табандары, баяулаған;

Қамығып ер көңілі қаяулаған.

Ұрпағың жүйрік мінген, бабаларым,

Жоқ шығар мендей балаң жаяулаған.




Сәкеннің публицистикалық шығармаларының дені халық ағарту мәселесіне арналған. 1921-1925 жылдарда жазған мақалаларының жалпы рухы, әсіресе аттарының өзі-ақ көп жайды аңғартады. « Әр қазақтың жадында оқу болсын », « Зор міндет», « Барлық күш оқуға », « Оқушы жастарға үлгі », « Екі мың », « Орынбарда », « Қазақ арасында сауатсыздықты жою », « Жас азамат, әскери мектепке даярлан! » деп аталған мақалалардың айтпағы анық. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында халық ағарту ісін жүйелі насихаттап, практикалық тұрғыдан шешіп отырған Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа мәдениетінің күннен-күнге қуатты қарқынмен өркендеп келе жатқанына қуанды. Сәкен кейінгі жылдарда жазған шығармаларында оқуға үндеуді халықтың сауаты ашылған кезде білім арттыру, ғылым тереңіне бойлау, асқар биікке қол сермеу, мәдениеттену мақсатымен сабақтастырып жіберді. Қайнаған өмірдің бар саласында өзінің мемлекеттік парасатын әрқашан танытқан Сәкеннің жаңа заман орнап, социалистік мәдениет қарышты қадаммен алға басаршақта үкімет басшысы болуының өзі зор сәттілік еді.

Мемлекет басшысы ретінде Сәкен қазақ халқының келешегі туралы талай толғанды.Жаңаны орнатумен қатар, Сәкен ескі кәсіпорындарды жандандыру, қалпына келтіру ісіне де айрықша мән берді.Оған нақты дәлел – 1923 жылы Қазақстан партия ұйымының үшінші конференциясына келген Екібастұз жұмысшыларының делегациясымен кездесіп, әңгімелесуі. ( 2. 15-20 бб. )

1919 жылы жазған өлеңдері тақырып жағынан да, идеялық мазмұны жағынан да күшті. Ақын бірде « Боранда », « Бабаларыма », « Жазғытұры », « Қамыққан көңілге » сияқты мұң мен күйікті айтып толғанса, бірде « Біздің жақта », « Шөлде » атты туған жерді, аққу құсты, сүйген жарды сағынған көңіл сырларын баяндайды. Сөйте тұра:
Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,

Сан азап бір күнгідей болмай кетер.

Қара түн басып тұрса алды-артыңды,

Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер,-




деп өзіне және серіктес достарына қайрат жігер бере толғайды. Әсіресе Сәкеннің Сарыарқа мен Түркістан өлкесінің аралығындағы көшпелі руларды аралап жүріп « Жас қазақ марсельезасы », « Қашқынның ауылы » сияқты революциялық күреске шақырған, ескі құлдық дүниені талқандап, жаңа бостандық өмірдің, сәулелі келешегін елестеткен тамаша гимндік шығармасынжазуы ақын поэзиясының кең тынысты өрісін байқатады. Сәкен Әулиеата қаласына барған жерінде « Жас қазақ марсельезасын» сондағы жастарға жазып, әнмен айтып таратқызған. ( 1. 190-191 бб )

Сәкен Сейфуллин 1916 жылы Омбы семинариясын бітіргеннен кейін Ақмола уезінің Бұғылы еліндегі жаңа мектепке мұғалім болып тағайындалады.Осы сапарының басындағы тоқтаған жерлерінің бірі Ақмоланың «Ақсирақ көл» деген Атбасармен шектес ең шеткі елі болады. Сәкен бастаған топ болып, старшын, тілмаштарымен « Шұбыра » деген жерге келеді.

...Не сыр бар осы көздің аясында,

Ну қамыс судыраған саясында.

Естіледі аққу құстың үні мұңлы,

Не сыр бар ақ сұлудың ұясында...




Аққу құс іздей ме әлде ұяласын,

Сұңқылдап төгіп мендей көзден жасын.

Аққуға Әупілдек құс үн қосады.

Әупілдек күңірентіп көлдің басын...

Осы жерде болған естен кетпес бір оқиға Сәкеннің « Тар жол, тайғақ кешу » романында тамаша суреттелген. Шұбыраның көкорай жайқалған шалғынды белестері мен томарлары, тіл үйірер балдай сары қымызы, самал желі, сонау алыстан сағымданып әнмен елес берген Әупілдек, Алакөлдері Сәкеннің суреттеуінде бейне бір суретшінің қылқаламынан жаңа ғана туып, бояуы кеуіп үлгермеген кекіндеме сипатты. ( 3. 5-бет )

Сәкен Сейфуллиннің творчествосы жайында әңгіме болғанда, ең алдымен оны қазақ совет поэзиясының негізін қалаған ақын деген пікір баса айтылады да, әдебиеттің әр саласындағы, әсіресе проза мен драматургия, публицистика, сын мен ғылым саласындағы еңбектеріне онша жеткілікті назар аударылмайды. Сондықтан революционер жазушының өлмес мұрасын тұтас қамтып, әр саладағы табысы мен жетістігін, жаңашылдығы мен ізденімпаздығын, көркемдік шеберлік биігіне көтерілген бұралаң соқпақтары мен сүрлеулерін, өсу, өркендеу жолдарын шолып өту қажет.

Өнер жолы - өшпес жол. Асыл өнердің ғұмыры адамның жеке басының өмірімен өлшенбейді.Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұялатса, ол мәңгі өмір сүреді.

Осындай құдіретті күші бар үлкен өнер – Сәкен Сейфуллиннің туындылары. Өз авторының рухани өмірін ұрпақтан – ұрпаққа соза түсетін де, үлкен дарынның зор тұлғасын бұдан да гөрі тұлғаландыра түсетін де осы туындылар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет