Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі


Мүсіндеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі



бет4/9
Дата19.05.2023
өлшемі129,41 Kb.
#95283
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жумагалиева М

1.2 Мүсіндеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымның бір саласы, ол практикалық жұмыс тәжірибесін теориялық ғылыми жүйелендіріп таратады. Яғни бейнелеу әдістемесі педагогика ғылымы, психология, эстетика және өнертану негіздерін басшылыққа алып дамиды. Ол бейнелеу өнеріне оқытудың жаңа ереже заңдылықтарын жасайды, жинақтайды,ұсынады. Бұл әдістемені бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесі деп алуымызға болады. Сонымен қатар, сол бейнелеу өнерін оқытудың ғылыми әдістемесін жинақтап, зерттеп ұсынған әдіс-тәсілдерді оқу –тәрбие процесінде жүзеге асыруды практикалық әдістеме деп атайды. Педагогикалық жұмыстағы әдістемелік өсу, педагогикалық іскерлік дағдыларын меңгеру мұғалімнен белгілі бір қабілеттілікті және бейімділікті талап етеді, өйткені ол қиын да, күрделі және аса жауапты педагогикалық өнер.
Кейбіреулер оқыту оңай да қарапайым, тіпті оған оқудың да қажеті жоқ, тек өз пәніңді білсең болды деп ойлайды. Бірақ, әрине ол олай емес, тамаша суретші, жазушы, ғалым, мүсінші болғанымен, жақсы оқытушы болмауы мүмкін. Оған дәлел көптеген дәлел көптеген белгілі суретшілер, мүсіншілер оқыту әдістемесі рөлінің маңыздылығын ескермей, оқытушылық істерінде үлкен дағдарыстарға ұшырады. Оқытуда да өнердегідей шабыт,сезім, тапқырлық, іске шығармашылық көзқарас болуы маңызды. Кей жағдайда сабақ барысында сабаққа аяқасты өзгерістер енгізугн тура келеді. Мысалы, топқа түсіндірген жаңа материалды балалар меңгере алмады, онда педагог өткен материалына оралып жаңа материалды кішкене бөліктерге бөліп, біртіндеп кезеңдеп түсіндіреді. Кезеңдеп түсіндіру барысында бір кезеңді балалар меңгергеннен кейін ғана екінші кезеңге көшеді. Сөйтіп жаңа материалдың меңгерілуі жеңілдетіледі. Міне, сондықтан да дер кезінде ұйымдастырылған іс-әрекетті аяқ астынан қайта құру педагогтен әдістемелік тапқырлықты, шығармашылық көзқарасты, педагогикалық сауаттылықты талап етеді. Педагогтің жеке тәжірибелік әдістемесін байытудың бірден-бір жолы – ол педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін, жаңа педагогикалық технологтяларды жинақтап, зерттеу.
Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет. Балалар бірте-бірте үлкен балшықтан ұсақ кесек балшықтарды үзіп алуды, түзу қимылмен шиыршықтауды, айналма қозғалыстар жасауды игереді. Олар кесектерді жаншуды, ішіне қарай басып енгізуді бейнелердің ұсақ бөліктері мен детальдарын созуды үйренеді. Оларды саусақтармен мүсіндеудің әр алуан тәсілдеріне, стекаларды пайдалануға баулиды, тұтас бөліктен және бөлшектер бойынша мүсін жасауға үйренеді. Мүсін жасау техникасы меңгеру қол қимылының дамуына жәрдемдеседі және балалардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Мүсін жасауда балаға балшықтың, ермексаздың кесегін қайта өзгертуге, алуан түрлі формалар алуға, бейнелер жасауға мүмкіндік беретіндей қол қимылдарын дамыту қажет.
Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады. Тәрбиеші мүсіндеу бойынша іс-әрекеттер ұйымдастыру кезінде төмендегі нұсқауларды ұстануы қажет:
1.Саз балшық қоюланып, балалардың қолдарына жабыспау үшін оны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті басталмас бұрын алдын ала әзірлеп қояды.
2.Дайын саз балшықты полиэтиленді пакетке салып оны дымқыл шүберекпен орап тастау керек.
3.Саз балшықтан мүсіндеу жұмыстары кезінде балалар заттың бір бөлігін екінші бөлікке біріктірулері үшін және пішінді тегістеулері үшін су құйылған орташа тегеш немесе сулы шүберек дайын тұру керек.
4.Мүсіндеу жұмыстары басталмас бұрын үстелге сазбалшық салынған ыдыс пен жалпақ таяқша қойылады. Ол мектепке дейінгі балаларға мүсіндеу үшін сазбалшықты керегінше алуға үйретеді.
5.Сазбалшықпен жұмыс жасау кезінде айналмалы қондырғылар қолданған жөн. Оның үстіне тек затты (халық ойыншығын, кіші көлемді скульптураны) зерттеп көріп қана қоймай оның пішінін бұзбай мүсіндеуге де болады.
6.Мүсіндеу пластмассадан, ағаштан, темірден жасалған арнайы стека таяқшасын қолдану керек. Балалар стекалармен мүсіндеп жасаған бейнені өңдеуді үйренеді. Себебі, мектепке дейінгі балалар заттың сыртқы пішінімен белгілерін (ұзын, қысқа, жуан, жіңішке) көрсете білулері тиіс.
7.Мүсіндеу жұмыстарынан кейін балалар үстелдің үстін дымқыл шүберекпен сүртеді. Тек қолдарын құрғақ шүберекпен сүрткеннен кейін ғана жылы сумен жуады. Мектепке дейінгі балалар тапсырмаларды түсіндіру кезінде-ақ ермексазды қолдарымен уқалай алатындықтарын естен шығармаған жөн. Алайда ермексаздан жасалған бейнені тегістеу көп уақыт алады.
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде мүсіндедің үш түрі қолданылады: заттық, сюжеттік және сәндік мүсіндеу. Мүсіндеудің бұл түрлерін әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет