Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі



бет5/9
Дата19.05.2023
өлшемі129,41 Kb.
#95283
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жумагалиева М

Заттық мүсіндеу.
Сурет салудан көрі заттық мүсіндеуде балаға жеке заттарды бейнелеу жеңіл келеді. Заттық мүсіндеуде тәрбиешінің міндеттері:

  • мүсіндеуде балаларға заттардың орнаған пішінімен олардың өзіндік айқын белгілерін бейнелей білуге үйрету;

  • қарапайым пропорцияларды көрсете білуге, бейнені бөлшектермен толықтыра білуге, пішіндердің күрделі емес қимыл-қозғалыстарын көрсете білуге үйрету.

  • пішін бөліктерін бекітудің әртүрлі техникасын қолдана білуін, бөліктерді нық етіп біріктіре алуын қалыптастыру.

Сәндік мүсіндеу балаларды сәндік қолданбалы өнер заттарымен таныстырады. Мүсіндеу барысында тәрбиеші аспаптармен жұмыс істеуге үйретеді. Мысалы, кейбір әшекейлерді арнайы түтік, шаршы, үшбұрыш тәріздес құралдарменен өрнектеуге болады. Осындай құрал ретінде шегені төбесінде жалпақшасы бар бұранды шегені қолдануға болады.
Жапсырмалы оюмен жұмыс баланың қолының ұсақ бұлшық етін дамытады, саусақтарының ұшымен жұмыс істеуге үйретеді. Саусақтардың пішіндерімен жұмыс істегенде икемді иілгіш етеді. Баланың әдемі ыдыс-аяқ жасап шығару мүмкіндігін еліктіреді.
Сәндік мүсіндеу тәрбиешінің берген тапсырмасы бойынша және балалардың өз ойлары бойынша жүзеге асырылады. Алайда өз ойлары бойынша мүсіндеу балалар сәндік заттарды (ыдыстар, ойыншықтар) мүсіндеуге тәжірибе жинаған кезде ғана жүргізіледі. Ойыншықтарды мүсіндеу сапасы олардың пішінімен ұсақ бөліктердің қалайша жасалғандығымен ғана емес, сонымен қатар заттың қалай тегістелгеніне де байланысты анықталады.
Сюжет бойынша мүсіндеу
Балаларды мүсіндеудің үйреншікті әдістерімен біліктіліктерін жаттықтыру арқылы заттардың өлшемдік қатынастарын дұрыс бере білуге үйрету (қоян үлкен, ал көжек кішкентай). Бейненің ерекше қасиетін адамның қимылын анық көрсетуге сырт келбетін әдемі безендіруге үйретуді сюжеттерде түрлердің ерекшеліктерін, қимыл-қозғалысын, фактурасын (күрделі рельефтеу мен жапсыру арқылы) әртүрлі кескіштерді қолдана отырып, жасай білу шеберлігін қалыптастыру. Кейіпкерлдердің өзіне тән бөлшектерін (мүрын, ауыз, көз) жасай білу композияция мазмұнын қосымша заттармен элементтердің көмегімен (ағаш түбіртегінің, шөптің, гүлдің, мысықтың алдына тостаған, қыздың қолына себет) мейлінше көркемдеп жеткізе білу.
Затты тұғырға орналастыру техникасын қалыптастыру. Бірыңғай заттармен сюжеттер жасауды үйрету. Бірнеше денені бір тұғырға орналастыру. Бірыңғай заттардың бейнесін жасаудан мазмұнға сәйкес әр қилы бейнелерді жасауға көшу, балаларға таныс күнделікті өмірде балабақшамен үйде қыдыру мен саяхат кезінде кездесетін оқиғалар сюжет тақырыптары бола алады.
Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.
Сазбалшықпен, табиғи материалдармен, ермексазбен, түрлі-түсті қағаздармен жасалатын жұмыс түрлері де ұсынылған. Әрине, кез-келген бұйымды жасау үшін балалардың жас ерекшелік қасиеттерін есепке алу принципі бірінші орында тұрады. Мысалы, сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеуде балаларға қазақтың ұлттық бұйымдарын – домбыраны құрастыру, сырмақ, ертоқым, сәукеле мен камзол, аяққап, т.б. жасау ұсынылған. Ал сазбалшық және ермексазбен жұмыс істеу барысында мүсіндеу жұмыстары іске асады. Кез-келген нәрсені мүсіндеуге болады, ал бағдарлама бойынша жеміс-жидек, көкөністерді, жан-жануарларды, аң-құстарды, түрлі көлемдегі моншақтарды мүсіндеу қарастырылған.
Әр түрлі жас топтарында мүсіндеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстар. Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып ұсақ қол моторикасының дамуы мен қол еңбегінің негізі болып табылады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет