Мектепке дейінгі пәндер бірлестігі


Ересек тобында мүсін жасау, үйрету және қолдану әдіс тәсілдерін зерттеудегі тәржірбиелік жұмыстар



бет8/9
Дата19.05.2023
өлшемі129,41 Kb.
#95283
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2.2 Ересек тобында мүсін жасау, үйрету және қолдану әдіс тәсілдерін зерттеудегі тәржірбиелік жұмыстар
Мен эксперименттік-тәжірбиемді Астана қаласы №24 «Айналайын» бала-бақшасының «Аққу» ересек тобында өткізіп, тәжірбиелік эксперимент жұмысқа 8 бала қатысты. Топтағы балалар 4-5 жас аралығында. Мен зерттеуімде бірнеше әдістемелік тапсырмаларды пайдаландым. Бұл зерттеу барысында балалардың қабілеттерін дамыту үшін қызықты суреттер мен сұрақтарды мақал- мәтелдерді қоладана отырып балалардың қызығушылығын оята білдім.
Іс тәжірбие барысында зерттеу тақырыбым бойынша төмендегідей жұмыстар ұйымдастырды.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балаларды ермексаздың кесек бөлігінен мүсіндеуге, ертегі кейіпкерлерін бейнелетуге үйрету. Ертегілер арқылы қиялы мен қабілетін жетілдіру. Тақпақ, тыйым сөз, мақал-мәтелдерді қолданып, сөздік қорын байыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Жұмысын толық және ұқыпты аяқтауға, эстетикалық әсемдікке өз жұмысынан ләззат алуға тәрбиелеу. Көлемдік қатынастар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Ермексаздан жасалған үлгі, суреттер..
Әдіс-тәсіл: Ойын, жұмбақ, мақал-мәтел, сұрақ-жауап, үлгілі, балалар жұмысын талдау.
Қажетті құралдар: Сулы губка, таяқша, ермексаз, сүлгі.
Алдын-ала жұмыс: ертегіні оқып беру, мақал-мәтел, тақпақ, тыйым сөз, жаңылтпаш жаттау.
Сөздік жұмыс: бүкір, бейғам.
Балалар топқа кіреді. Сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар, қазір біз «Төлдерін ата» деген ойын ойнайық.
Ойын шарты: Мен сендерге төрт түлік малды атаймын, ал сендер төлдерін дұрыстап атап, маған допты кері лақтырасындар.
Ойыннан соң балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Бүгін аптаның нешінші күні(төртінші, бейсенбі күні). Бейсенбі күні қандай сабақтар болушы еді?(Балалардың жауабы).
Тәрбиеші: Бүгінгі мүсіндеу сабағы өзгеше, қызықты болмақ. Сабақтың тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат» деп аталады. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, қайсыларын тапқыр екенсіндер, ал мұқият тыңдаңдар.

  1. Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды,
Болсадағы сақалы,
Секеңдеуін қоймайды.(ешкі)

  1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.(қой)

  1. Қамыс құлақ, тостаған тұяқ

Мінсен қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет