«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі


ІІ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ



бет5/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ІІ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні

Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі — халықтың ауыз әдебиеті.


Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгіме, мақал-мәтел, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырган. Сондықтан да бұларды халыктынтың ауызша шығарған көркем шығармасы, даналық сөзі, яғни ауыз әдебиеті деп атаймыз. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетін көп адам бірлесіп отырып шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің қандай үлгілерін болса да әуел баста жеке адамдар шығарған. Бірақ ерте кезде, жазу өнері болмағандықтан, ауыз әдебиетін шығарушылардың аттары хатқа түспеген, сақталмаған. Халық олардың шығармаларын ғана есіне сақтап және ауызша айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, сөйтіп, жеке авторлар шығарған әдеби туынды кейіннен өнделіп, сұрыпталған, оган ұжым болып творче-стволық өзгерістер енгізіп отырған. Бертін келе ондай шығармалар көпшіліктің еңбегіне, яғни халықтың ауызша шығарған әдебиетіне айналып кеткен.
Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.
Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.
Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.
Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял - ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда (3 - 4 жас) ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында (5 - 6 жас) оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.
Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін.
Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.
Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.
Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем.
Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды.
Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды.
Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді,
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы:
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді.
Мақал – мәтел, нақыл сөздер - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді.
«Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында:
«Денсаулық – зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.
Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы.Балабақшадағы,мектеп алды даярлық топтарындағы тәрбиешілерге ауыз әдебиетінен үйретуге бас назар аударылған.Онда оқыған ертегі , әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстарын әңгімелеп біреуге үйрету , ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай оброзды сөздер мен диологтарды кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білуге екі адамның диологында кездесетін сұрақ қарқынын , талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып мәнерін айта білуге тәрбиелеу талап етілген.Халық ауыз әдебиетінің маңызы балаларға мәдениетті сөйлеуді үйрету , баланың тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету.
Ұлы данамыз Абай Құнанбаев: "Туғанда дүние есігін ашады өлең өлеңмен жер қойнына кірер денең" - деп бекер айтпаса керек.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез,
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын кез.
Адам баласы адам, баласынан ақыл ғылым өр мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздымғой, демектің бәрі де ақымақшылық.
Біз ұлы ойшыл ақын атамыздың ілімге, өнерге, әділдікке, тәрбиелікке арнаған мақал - мәтелдеріне сүйене отырып өз тәжірибемізде бала бойында жақсыдан үйрен деген ұғымды қалыптастыру.
Жақсыдан үйреніп, сабырлы болуға, талапты болуға, мақтаншақ болмауға, тәрбиелі өнегелі, өнерлі болуға, үлкенді сыйлай отырып, адал дос болуға үйренеді.
Қазақ ертегілерінқұлағымен естіп өскен мектепке дейінгі балалардың ішкі дүниесі айналасын қоршаған табиғатқа көзқарасы болашаққа халқына, салтын,ата-анасына қамқор да қайырымды да мейірімді болып өседі.Халық ауыз әдебиеті түрлерін күнделікті қарым- қатынаста таңертеңгі қабылдау мен кешкі қоштасу сәтінде сәлем сөздің анасы «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені»-деген мақалдарды ұстана отырып, балалармен мейіріммен сәлемдесу, қоштасу арқылы бала бойында мейірімділік, ризашылық, үлкенге ізеттілік көрсету сияқты қасиеттерін қалыптастыру.
Жаңа озық технологияларды дамыта оқытудың мақсаты мен міндеті, баланың даму заңдылықтарына сәйкестендіріледі.
Мақсаты:Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, өз бетінше ізденуге, шешімқабылдауға, жеке қасиетін тану.
Дамыта оқыту компоненттері:
- Оқу мақсатының компоненттері.
- Оны шешудің жолын қарастыру.
- Дұрыстығын дәлелдеу.
Ерекшеліктері:
- Әдіс –тәсілдегі ерекшеліктер.
- Оқытуды ерекше ұйымдастыру.
- Тәрбиеші мен бала арасындағы жаңаша қарым-қатынас.
Принциптері:
- Қарапайымға қарай жетелеу, суретін көреді, не екенін, түрі қандай екенін сұрағаннан гөрі ол туралы не білетінін не айта алатынын сұрап білу баланы дамыту үшін тиімді.

  1. Қызығушылықты ояту:Белгілі бір тақырып бойынша бала не біледі, не айта алады анықтаудан басталады, ойды қозғау, ояту.Әрине тақырып өтеміз деп тұрған сабаққа,тақырыбына байланысты бояу керек.Қызығушылықты ояту тәрбиешінің ізденісіне байланысты. Ояту түрі керекті материалы баланы қозғай алуы.

Мағынаны тану: Тәрбиеші қаншалықты ізденіспен, өзінің даярлығымен жаңа ақпаратты жете түсіне алатындай етіп беруі, баланың тез түсінуіне қабылдауына ықпал етеді.

  1. Ой толғаныс: Балаға ойланып түсініп мейлі қателессе де өз ойын еркін айта алатындай уақыт беру керек. Дамыта оқыту – мұғалім мен бала арасындағы қатынас, ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік.Баланың бойындағы қызығушылығын, білімді өз бетінше ізденуін, өз-өзін дамытатын тұлға қалыптастырады.

Дамыта оқыту:
- Баланың өз қабілетіне, болашағына сенуіне.
- Баланы ынталандыруға.
- Баланыңөзінесенуіне.
- Баланыңдамуынакөпықпалетеді.
Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекетінде «Аурухана», «Асхана» сюжеттік-рөльдіойындарынойнату.
- "Кәнекімаспазболады?"
- Мен ( аспазкиімінкиеді)
- Кел, Қанат сен бүгінаспазболасың.
- Сен қандайтағамдардайындайсың?
- Мен сендерге алма қосылғантәттінанпісіремін, алмұртшырынындайындаймын.
Ойын: « Мақалдыжалғастыр».
Ойыншарты: Доптықағып ала отырыпмақалдыңсоңынжалғастыру.
Атаңныңбаласыболма – адамныңбаласы бол.
Жақсыіскекелер – жаманасқакелер.
Жаманнан жирен – жақсыданүйрен.
Ананыңсүті бал – баланыңтілі бал.
Білімқымбат – білуқиын.
Білім – инеменқұдыққазғандай. т.б.
Ойын арқылы дамыған бала алғаш мектеп есігін ашқанда білімді қоғамдық тәжірибені тез меңгеріп, өзінің психологиясын жан-жақты дамытып, дүние танымын кеңейтіп, оқытудың мазмұнына қызығушылықпен қарайды. Баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.
Балалардың тіл дамуын айқындау тәсілі:
1.Қарым-қатынас мәдениеті;
2.Грамматикалық формада дұрыс сөйлеу;
3.Байланыстыра сөйлеу.
Қарым - қатынас мәдениетін тексеруде сыпайы сөйлесе білуі. «Сіз», «рахмет», «кешіріңіз» сөздерін қолдану дәрежесі сөйлеуге, әңгімелесуге ойын барысында еңбек әрекеті кезінде тіл табыса алуы. Грамматикалық формада дұрыс сөйлеуін тексеру күнделікті өмірде үлкендермен қарым- қатынас жасау барысында жүзеге асады.Баланың бір ойды әртүрлі сөздермен жеткізе алу қабілетіне назар аудару.
Мысалы: Сырттажелсоғыптұр. Даладажелболыптұр.
Байланыстырыпсөйлеуқабілетінтексеруақыл- ой және даму деңгейінбайқатады.
- Әңгімелеубаланыңөзібілетінертегінемесеәңгімеайтыпберуінсұрау.
- Өзбетіншеәңгімелеуі.
- Ересекадамныңкөмегінқажететуі.
- Мазмұнынтолықжеткізеалады.
Бала тәрбиесіне тек отбасы ғана емес сонымен қатар балабақша, мектеп, қоршаған ортаның да әсері мол. Ата-аналармен тығыз байланыс жасау балалардың өнегелі тәлімді тәрбие және сапалы білім алуына мүмкіндік береріне өз тәжірибемізде қол жеткіздік.
Сөзіміздің соңында ұмыт қалып бара жатқан салт – дәстүрімізді қайта жандандыруға, өз үлесімізді осылай қосып ұлттық рухты қазақи иісі аңқыған қазағымның иманды да инабатты, сыпайы, алғыр, батыл, зерек ұлы және қызын тәрбиелеуге өз үлесімізді осылай қоссақ артық болмас деп ойлаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет