Тақырыптың өзектілігі:Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді.
Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер мектепке дейінгі балалардыңой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т.б. уағыздайды.
Оның үстіне ертегілер жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы себебі жаңағы айтылғандар - жақсы үлгілердің алғышарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.
Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курс жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы мектепке дейінгі балалардыңтілін дамыту енді-енді ғана қолға алынға
мәселе екендігін ескерсек біздің жұмысымыздың көкейкестілігі ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді.
Зерттеудің мақсаты: Халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту.
Зерттеу нысаны: Балабақшада халық ауыз әдебиеті жанрларын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні:Мектеп жасына дейінгі балаларды ауыз әдебиетімен таныстыру жолдары
Зерттеудің міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін