«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі


а) Ертегілер-халық даналығының айнасы



бет7/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
а) Ертегілер-халық даналығының айнасы
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мүң шері,
арман-мүраты бейнёленген.

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі - ертегілер.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда аитылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сапа-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге үшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жағын анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі секілді, ертегілер де ауызша шығарылып, ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге үшыраған, бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі қосылып араласқан. Бергі заманда туған ертегілер ерте заманда шыққан кейбір ертегілердің алғашқы үлгілерін олардың оқиғаларын бойына жинай да жүрген.
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ тілінде ауызша айтылып келген ертегілердің барлығын бірдей қазақ халқы шығарған жоқ. Қазақ ертегілерінің ішінде ағайындас-аралас, көршілерден, атап айтқанда: орыс, қырғыз, өзбек, Түркімен, қарақалпақ халықтарынан алынған, бізге сіңісіп кеткен, өзіміздің төл- тумамыз болған ертегілер де бар. Бұл алуандас ертегілер кездейсоқ түрде келіп енбеген. Ол қазақ халқымен көршілердің арасында көп заманға созылған әкономикалық, ағайын-достық қарым-қатынастардың негізінде енген. Сөйтіп, қазақ халқы бұл ертегілердің жалпы мазмұнын алып, мәнерлеп әңгімелеген, өзінің тума шығармасы етіп жіберген.
Сондықтан да біз оларды қазақ халқының ертегісі деп қарауға тиістіміз.
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар.
Қазақ халқының тұрмыс – салтын, арман – үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу – сызу өнері болмаған кездің өзінде - ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілікке жағдайларына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым – түсініктерін, сезім күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Осы негізде ертегі – әңгімелердің алғашқы үлгілері пайда болған.
Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой – өрісін, дүние танымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, ыждағаттылыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілердің де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақта, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғы желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтыр өрістей келе, әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады. Әсіресе, адам өміріне байланысты іс – әрекеттер өткір сықақ – мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.бала жағымсыз кейіпкерлердің жексұрын әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай ыржақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықты жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты. Ертегілер мазмұн ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Солардың ішіндегі бастылары:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет