«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі



бет8/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Қиял – ғажайып ертегілер.

Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау болады. Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңіненбастап туса да ғажап емес. Ол дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте анайы болған. Күн, ай, от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары табиғатқа сыйынып, табынған: бірінен қорықса, бірін қастерлеген. Оларды адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп үққан. Мұндай сәби мифология тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі аңдарға сыйыну дәстүрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса керек. Аңшылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-қүстардың сырын танып, біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған. Жалмауыз, мыстан кемпір, жезтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым-нанымдары болмақ. Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан, алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл кезеңде туған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлық күштермен күресушілер - мергендер, батырлар болып көрінеді.


2.Хайнауаттыр жайындағы ертегілер.
Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы жан-жануарлар туралы болсада, реалистік сипаты бар қазақ ертегілерінің бір саласын хайуанаттар жайындағы сюжеттер дейміз. «Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, қүйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын
жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет түтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға айналдырған.
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке - кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай Тұрлі жыртқыш аңқарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда Тұрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қуасығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға үқсас болып шығады.
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мүздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол - еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары - нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет