«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімі


Халық ауыз әдебиетінің түрлері



бет4/14
Дата23.03.2023
өлшемі67,84 Kb.
#75821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері т. б


Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В.Г.Белинский жоғарыда аталған еңбегінде және «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба өдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В.Г.Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді... Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді».
Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. ¥лы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың "рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың үлғайып өскен кезінде болады; әкономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады дейді.
Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан,әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың
қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.
Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.
Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде вариаиттардың көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады. Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағыертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын үгып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып үлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.
Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жүртқа белгілі болып отырады.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған үқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:
Ертек, ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Құйрық жүні үзын екен, -
деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады.
Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне үқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады.
Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай қалыптасқан дағдыға айналған сөз тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды.) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.
Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет