5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар 20. Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады: - жалпы орта білім базасында 180 кредит; - техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит; - техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескерпе: * өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды. ** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы "3" тамыздағы № 348 бұйрығына 7 қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі 1. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген). 2. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20580 болып тіркелген). 3. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21146 болып тіркелген). 4. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23692 болып тіркелген).