4-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 523. "Әлеумет" білім беру саласының мазмұны - қоршаған ортамен танысу арнайы түзеу оқу қызметінде іске асырылады. 524. Мақсаты қоршаған ортамен таныстыру негізінде әлеуметтік дағдыларды, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру және дамыту болып табылады. 525. Міндеттері: 1) қоршаған орта туралы, тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы, қоғамдық өмір туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету; 2) балабақша іші-жайында бағдарлай білуін жетілдіру; 3) заттарды олардың қолданысы бойынша жіктеу; 4) өсімдіктер және жануарлар әлемі, табиғаттағы мезгілдік құбылыстар туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру; 5) жыл мезгілдерінің ауысуын бақылауға, олардың қарапайым белгілерін білуге, ауа райының қалпын ажыра білуді қалыптастыру; 6) мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік мейрамдар туралы білімін қалыптастыру; 7) ауызша байланыстырылған сөйлеу тілін дамыту; 8) психикалық үдерістерін: зейін, есте сақтау, ойлаудамыту; 9) өсімдіктерге және жануарларға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. 5-параграф. 1-жартыжылдық 526. Қоршаған ортамен танысу: 1) отбасы мүшелері туралы білімдерін қалыптастыру: ана, әке, ұл, қыз, әже, ата; ағасының, әпкесінің есімдерімен таныстыру; 2) топ педагогтерін аты-жөнімен атауға үйрету, топтағы балаларды есімдерімен атап үйрету; 3) дене мүшелері мен бет бөліктерін атауға, олардың қызметін түсіндіре білуге үйрету; 4) ересектердің мамандықтары туралы түсініктерін қалыптастыру: мейірбике, дәрігер, сатушы; 5) микроәлеуметтік орта туралы білімін қалыптастыру: дүкен, дәріхана, көлік; 6) қоршаған әлеуметтік және заттық ортаға танымдық қызығушылығын дамыту; 7) қоғамдағы жүріс-тұрыстың қарапайым нормалары туралы түсінігін қалыптастыру; 8) Қазақстан - ел атауымен таныстыру, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерімен таныстыру; 9) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін кеңейту және тереңдету: ыдыс (шай ыдысы, асханалық), жиһаз (бөліктері); 10) "киім, аяқкиім", "ыдыс-жиһаз" ұғымдарын ажырата білуге үйрету; 11) жыл мезгілдері туралы білімдерін қалыптастыру; 12) өлі табиғат нысандарымен таныстыру: саз балшық, тас, құм; 13) тәулік мезгілдері туралы білімдерін кеңейту: кеш; 14) мейрамдармен: туған күн, күз мерекесі, Қазақстанның туған күнітаныстыруды жалғастыру. 527. Күтілетін нәтижелер: 1) отбасы мүшелерін біледі; 2) дене мүшелері мен бет бөліктерін атайды немесе көрсетеді. 3) ойыншықтарды, автобусты, жүк машинасын, үйді, тұрмыс заттарын атайды; 4) жыл мезгілдері мен олардың қарапайым белгілерін атайды; 5) кейбір мамандықтар туралы түсініктері бар; 6) қоғамда жүріс-тұрыстың қарапайым нормаларын сақтайды; 7) ел атауы туралы түсінігі бар; 8) тұрмыстық заттар туралы түсініктері бар; 9) иллюстрацияға сүйене отырып, тәулік мезгілдерін ажыратады; 10) мейрамдар туралы түсініктері бар.