Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет149/189
Дата11.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#73441
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189
Байланысты:
499 бұйрық

2-параграф. 1 - жартыжылдық

515. Ойынға үйрету:


1) балаларда тұрмыстық заттарды, ойыншықтар, сүйікті ойындарды таңдауда қызығушылықтар мен артықшылықтарын қалыптастыру; балаларды бейнелік ойыншықтарды бөлме кеңістігінде, ойын бұрышында, үстел үстінде орналастыруды үйрету (барлық жазықтықта теңестіре отыра; бір қатарға, бірінен кейін бірін қою);


2) балаларға құрбыластарына ойын өтінішімен сұрауды үйрету; ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас етуді дамыту;


3) ойында балалардың отбасы мен балабақшада және ойын барысында ересектермен қарым-қатынасын бейнелейтін ойын әрекетінің логикалық тізбегін құрастыра алуды оқыту;


4) тұрмыстық мазмұны бар орнын басушы заттарды ойында қолдана білуді үйрету (құрылыс материалдарындағы кірпіш);


5) ойында өзгеру техникасымен балаларды таныстыру (түрлендіру); балаларға кейбір жануарлар, құстар, жәндіктер, күннің көзі, әртүрлі көлік қимыл-қозағылысының ұқсастықтарын көрсете білуге үйрету; ойын кейіпкерінің образына сәйкес дауыс және сөйлеу, мимика, қимыл-қозғалысты өзгерте алуды балаларға үйрету (ересек адамның бақылауында); педагог айтып жатқан тақпақтар және өтірік өлеңдер бойынша бір кейіпкерді үнсіз импровизациялы ойындарға қатыса алуды үйрету.


516. Күтілетін нәтижелер:


1) құрбыларына ересектердің өтініші бойынша ойнау қажеттігін сұрай алады;


2) ойын барысында ым-ишара, мимика, сөйлеу көмегімен қарым-қатынас жасайды;


3) белгілі бір рөлдерге тән, бірізді әрекеттер тізбегін ересек адамның бақылауымен жүзеге асыра алады;


4) көлік құралдары, жәндіктер, құстар, жануарлар қимыл-қозғалыстарын ұқсастырып жасай алады;


5) ойында ересектердің көмегімен адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді;


6) ойында тұрмыстық мазмұндағы заттың орынбасарларын қолданады.


517. Ойлауын қалыптастыру:


1) балаларда көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытудың алғышартын құру: заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы, олардың адамдардың әрекеттеріндегі рөлі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру;


2) сан алуан көрнекілік-әрекеттік міндеттерді арнайы құрылған мәселелік жағдайларда шешуге үйрету; мәселелік жағдайда барынша сәйкес келетін құралды (4-5 заттың ішінен) қолданады;


3) мәселелік-практикалық міндетті сөйлеу тілдік айтылымдарда талдай білуді қалыптастыру;


4) балаларды көрнекілік-бейнелік жоспардағы міндеттерді шешуге үйрету: балаларға олардың өздерінің практикалық тәжірибесінен таныс жағдайлар бейнеленген сюжетті суреттерді ұсыну, оларды жағдайдың мәнін ашып айтуға ынталандыру;


5) балаларда сюжеттік суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауды қалыптастыру;


6) балаларды сюжетті суреттерде бейнеленген нысандар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті таба білуге үйрету.


518. Күтілетін нәтижелер:


1) заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы туралы жалпы түсініктері бар;


2) мәселелік-практикалық жағдайларды талдайды;


3) өзінің практикалық тәжірибесін тірек ете отырып, нысандар мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланысты және тәуелділікті таба отырып, суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет