6-параграф. 2-жартыжылдық. 510. Қоршаған ортамен танысу 1) өзінің тегі мен жасын айта білуге үйрету; 2) тұрмыстық заттар туралы түсініктерін қалыптастыру: жиһаз түрлері (үстел, орындық және олардың бөліктері, диван, кресло), аяқ киім (бәтеңке); 3) заттарды топтарға жалпылау біліктілігін қалыптастыру: ойыншықтар, жиһаз; 4) құрал-саймандар туралы түсініктерін қалыптастыру (сыпыртқы, күрек, суқұйғыш); 5) қазақтың ұлттық киімдері (тиқия) мен ыдыстары (кесе, қазан) туралы түсініктерін қалыптастыру; 6) мейрамдармен таныстыруды жалғастыру: жаңа жыл, қыс мерекесі, аналар мейрамы; 7) жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыру; 8) қысқы ермек-ойындар туралы түсініктерін қалыптастыру: қар лақтыру, шанамен сырғанау, аққала жасау; 9) мамандығы әртүрлі адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктерін қалыптастыру (сатушы, жүргізуші); 10) әлеуметтік өмірдегі нысаналары туралы білімін қалыптастыру: дүкен, көлік; 11) тәулік мезгілдері туралы түсінігін қалыптастыру: таңертең. 511. Күтілетін нәтижелер: 1) өзінің тегі туралы түсінігі бар; 2) тұрмыстық заттарды көрсетеді және ажыратады; 3) жыл мезгілдері мен қысқы ермек-ойындар туралы түсініктері бар; 4) ұлттық киім (тақия) мен ыдыс (кесе, қазан) туралы қарапайым түсініктері бар; 5) мерекелік іс-шараларға және балалардың ермек-ойындарына эмоциональді әрекет етеді; 6) кейбір мамандықтар туралы түсініктері бар; 7) тәулік мезгілінажыратады - таң. 4-тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар) 1-параграф. "Таным" білім беру саласы 512. "Таным" білім беру саласының оқу мазмұны - ойынға үйрету, ойлауды қалыптастыру арнайы түзеу оқу қызметіндеіске асырылады. 513. Мақсаты балаларға үйрету жағдайынан меңгерілген ойын әрекеттерін еркін ойын әрекетіне көшіру, балаларда көрнекілік-бейнелік ойлауды дамытудың алғышартын құру, өзінің практикалық тәжірибесін тірек ете отырып, сюжеттік суреттерде бейнеленген жағдайды бүтіндей қабылдауын қалыптастыру болып табылады. 514. Міндеттері: 1) белгілі бір рөлмен байланысты, ойын әрекетінің тізбегін қалыптастыру; 2) ересектердің көмегімен сәйкес рөлге байланысты әрекет ету дағдысын дамыту; 3) балаларда ойын міндетін шешу үшін біріге отыра, шағын топтармен бірге ойнау дағдысын қалыптастыру; 4) ойын барысында мәнерлі сипаттағы тұжырымдау сөзді, заттық-орынбасарды қолдануды қалыптастыру; 5) заттық құралдар, олардың қасиеттері мен сапасы, адам әрекетіндегі рөлі туралы жалпы түсініктерді қалыптастыру; 6) балаларды сюжеттік суретте бейнеленген құбылыстың бұзылу барысының болжамды себебін анықтауға үйрету; 7) суретте бейнеленген оқиғалардың дәйектілігін анықтауға үйрету.