16-параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі 238. Арнайы түзете оқу әрекетінің мазмұны үстел үстінде және тамақтану барысына байланысты дағдыларды қалыптастыру; киіну және киімді күту дағдыларын қалыптастыру; үй жағдайында және басқа жағдаяттарда мінез-құлықтарына байланысты дағдыларды қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыру. 239. Мақсаты - күрделі кемістігі бар балаларды өз-өзіне қызмет көрсету дағдысын дамыту, балаларды әлеуметтік және тұрмыстық ортаға қосу болып табылады. 240. Міндеттері: 1) үстел үстінде тамақтану мен мінез-құлыққа байланысты дағдыларды қалыптастыру; 2) киіну және киімге күтім жасау дағдысын қалыптастыру: 3) үй жағдайында және басқа жағдаяттағы мінез-құлыққа байланысты дағдыны қалыптастыру. 17-параграф. 1-жартыжылдық 241. Үстел үстінде мінез-құлық ережесі мен тамақтану дағдыларын қалыптастыру. 242. Тамақтану: 1) азық-түліктің иісі, дәмімен қоса, дене бөліктерінің қызметі туралы білімдерін бекіту; 2) әртүрлі көлемдегі және формадағы кесемен таныстыруды жалғастыру; 3)әртүрлі көлемдегі қасықтармен таныстыруды жалғастыру; 4) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) біліктілігн қалыптастыру; 5) қасықпен дұрыс әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару); 6) алуантүрлі тамақты қасықпен жеуге үйрету; 7) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішу біліктілігін бекіту; 8) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буып-тию біліктілігін бекіту; 9) жемістерді тазалау біліктілігін бекіту (банан, мандарин); 10) тәтті және тәтті емес объектілерді ажырату біліктілігін бекіту; 11) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын ыдыс-аяқ заттарын ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; ( сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - ыдыс-аяқ заттарын белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу); 12) бұзылыстың түріне қарай жиі қолданылатын азық-түлікті ым/графикалық белгілер/сөздермен сәйкестендіре алу біліктілігін қалыптастыру; (сөйлеу мүмкіндігіне сәйкес балаларға арналған - азық-түлікті белгілейтін белсенді сөздік қорын кіргізу). 243. Күтілетін нәтижелер: 1) азық-түліктің иісі мен дәмі туралы біледі; 2) кеседен дұрыс ішуге (екі қолымен ұстап, аузына апару, кесені бүгіп ішу, қайтадан кесені үстелге қою) талпынады; 3) қасықпен дұрыс әрекет жасауға талпынады (қасықты алу, қолына ұстау, тамақты алу, тамағы бар қасықты аузына апару); 4) алуантүрлі тамақты қасықпен тырысады; 5) жемісті және сүтті шырынды түтіктен ішуге талпынады; 6) күрделі емес орауларды (кәмпит, печенье, шоколад) буады; 7) жемістерді тазалауға талпынады (банан, мандарин); 8) тәтті және тәтті емес объектілерді ажыратады. 244. Киімді кию мен күту дағдыларын қалыптастыру. 245. Киіну және шешіну: 1) жеке дене мүшелерінің қызметтері туралы білімдерін бекіту, киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілермен атау; 2) киіну барысында өз киімдерін әкелу біліктілігін қалыптастыру, оның қызметін білу; 3) қалпақты шешуге, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шешу дағдысын бекіту; 4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашу, жабу (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді); 5) үлкен түймелерді ағыту біліктілігін қалыптастыру. 246. Күтілетін нәтижелер: 1) жеке дене мүшелерінің қызметтерін,киімді сақтау орны мен атауын білдіретін графикалық белгілерді біледі; 2) өз киімдерін әкеледі, оның қызметтерін біледі; 3) қалпақты шешеді, ересек адам жартылай шешкен жейде, шұлық, шалбарды, аяқ киімді шеше алады 4) "сыдырма" ілгекті негізгісіне дейін ашады, жабады (сыдырма тілін тауап жоғары және төмен қарай түсіреді); 5) үлкен түймелерді ағытуға тырысады. 6) өз киімін қалыпқа келіп, таза ұстайды. 247. Үй және басқа да жағдаяттарда мінез-құлқына байланысты дағдыны қалыптастыру: 1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындауға үйретуді жалғастыру; 2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдалануға үйрету; 3) "Мынаны сен қалайсың ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтуға үйрету; 4) ересек адамның көмегімен төсекті салу кезіне қатысуға үйрету; 5) ересек адамға өз төсек орнын салу кезіне қатысуға үйрету; 6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдесуге үйрету. 248. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адамның қарапайым нұсқаулықтарын орындайды; 2) сәлемдесу және қоштасуға тән сөздер (ымды) пайдаланады; 3) "Мынаны сен қалайсын ба?" деген сұраққа жауап ретінде "жоқ, иә" деп сөзбен/ыммен айтады; 4) ересек адамның көмегімен төсекті салуға қатысады; 5) ересек адамға өз төсек орнын салуға қатысады; 6) жиі кездестіретін адамдарды сәлемдеседі.