6-параграф. 2 - жартыжылдық 260. Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау қамтиды: заттық әлем, өзі туралы ұғымдары, жеке гигиена, көшедегі мінез-құлық ережесі, қоғамдық-тұрмыстық мекемелер, ересектердің еңбегі, мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті. 261. Заттық әлем: 1) заттың қызметі мен оның құрылымы, жасалған материал арасындағы өзара байланыс туралы ұғымдарды қалыптастыру; 2) іс-әрекетті жүзеге асыруға арналған заттардың сапасы, қасиеттері, қызметіне сәйкес таңдау білігін үйрету. 262. Бала және қоршаған адамдар. Ұғымдарды дамыту: 1) өз туралы; 2) өз отбасы туралы; 3) балалардың жеке-дара сенсорлы мүмкіндіктері туралы. 263. Жеке гигиена. Таныстыру: 1) көз гигиенасының ережесімен; 2) сырт бейнесін өзіндік бақылау тәсілдерімен. 264. Көшедегі мінез-құлық ережесі: 1) көшеден өту ережесін бекіту; 2) жолаушылар көлігінің аялдамасында мінез-құлық ережесімен таныстыру. 265. Қоғамдық-тұрмыстық мекемелер: 1) дүкендердің алуан түрлері туралы ұғымдарды дамыту; 2) шаштараз туралы ұғымдарды қалыптастыр. 266. Ересектердің еңбегі. Шаштараз кәсібі, еңбек нәтижесінің мазмұны мен маңызы туралы ұғымдарды қалыптастыру. 267. Мінез-құлық және қарым-қатынас мәдениеті: 1) қоғамдық орындарда мінез-құлық ережесімен таныстыру; 2) балаларға нақты әрекеттерге өзіндік қатынасын көрсету білігін үйрету; 3) адам денесі мен бетінің сызбасын қабылдау алгоритмін бекіту. 268. Қабылдау мен қайта жаңғыртуға үйрету: 1) бет қимылы: ашушаңдық; 2) ым-ишара: маған кел, біреуге ұрсу, есік қағу, біраз; 3) пантомимикалық қимылдар: тіс тазалаймын, ыдыс жуамын, шаршадым, суық; 4) сюжетттік бейнелеуде кейіпкерлердің бет қимылы, ым-ишарасы, позаларының маңызын анықтау білігін үйрету. 269. Күтілетін нәтижелер: 1) заттың қызметі мен оның құрылымы, жасалған материалы арасындағы өзара байланысты түсінеді; 2) өз отбасының құрамын біледі, отбасындағы туыстық қатынастарды түсінеді; 3) көз гигиенасын жүзеге асыру тәсілдерін біледі; 4) көшеден өту ережесін біледі; 5) бірқатар қоғамдық-тұрмыстық мекемелер туралы түсініктері бар (дүкен, емхана, шаштараз); 6) қоғамдық орында мінез-құлық ережесі туралы түсініктері бар; 7) орындалатын әрекетті позасы бойынша таниды; 8) сюжеттік бейнедегі кейіпкерлердің эмоционалды күйлерінің көрінісін түсінеді.