9-параграф. 2- жартыжылдық 93. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: 1) сандық түсініктерді қалыптастыру:біртекті заттардан көптік құрау және көптіктерді жеке заттарға бөлу (педагог "тағы", "көп", "барлығы", сөздерін пайдалана отырып, балалардың әрекеттерін айтып тұрады); жазықтықта әртүрлі орналасқан заттық көптіктердің құралуы (тігінен, көлденеңінен, үйме);топтардан біртекті заттарды: "көп", "аз", "біреу" (еліктеу бойынша) ерекшелеу ("көп"затты ерекшелегенде заттарды екі қолмен, ал "аз" заттарды бір қолмен, "біреуді" оң қолдың екі саусағымен алу); 2) қолдың қимылын ілестіріп, қорытынды санды атай отырып, екі сан көлеміндегі заттарды санау;екі заттан құрылған көптікті санамай-ақ тану: "Екі саңырауқұлақ қайда, көрсет";түске, пішінге, көлемге бағдарлай отырып, заттарды әртүрлі көптіктерге біріктіру; "көп",арнайы ұйымдастырылған және қоршаған ортадан 1, 2 затты табу; 3) шама:заттың шамасын анықтау және бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып, көлемі бойынша(үлкен, кіші)салыстыру; заттарды көлемі(үлкен, кіші) бойынша топтастыру; 4) геометриялық фигуралар:дөңгелек, шаршы пішінді заттарды анықтау; заттарды пішіндері бойынша: шар, текше топтастыру;геометриялық пішіндерібойынша: дөңгелек, шаршы ажырату; 5) кеңістікте бағдарлау:берілген бағыт бойынша:алға, артқа, соға, оңға(ересек адамның көмегімен) қозғалу;өз дене мүшелерінде бағдарлау: бас, қолдары, аяқтары, кеудесі. 94. Күтілетін нәтижелер: 1) еліктеу немесе үлгі бойынша бір текті немесе әр түрлі текті элементтерден көптік құрайды; 2) топтан "бір", "көп", 1, 2 заттарды ерекшелейді; 3) 2 көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе саусақпен көрсетеді; 4) ересек адамның ұйымдастырушы және бағыттаушы көмегімен жұптық сәйкестікті анықтау тәсілімен элементтерінің саны тең көптіктерді құрайды; 5) заттарды көлемі бойынша бірін біріне салу және жанына қою тәсілдерін пайдаланып (үлкен, кіші) салыстырады; 6) геометриялық пішіндерді: дөңгелек, шаршы ажыратады; 7) заттарды пішіндерібойынша: шарларды, текшелерді топтастырады; 8) өз дене мүшелерінде (бас, қолдар, аяқтар, кеуде) бағдарлайды. 95. Сенсорика: 1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ұсынылған 2-3 үлгінің шамасында заттарды олардың бейнелерімен салыстыру; көлемді геометриялық пішіндерді (текше, шар, кірпіш) қораптың сәйкес келетін ойығына байқап көру тәсілімен итеру;көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі (дөңгелек, шаршы) қораптарға қақпақ таңдау, байқау арқылы қақпақтың пішінінің қорап пішініне қатысын анықтау;педагогтың әрекетіне еліктеу жағдайында (қуыршаққа киімдерді түсіне қарай таңдау) түстерді (қызыл, сары, жасыл) ажырату;2 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; 2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: белгілі бір аспаптардың (дағыра, пианино, бубен үшеуінен таңдау) дыбыстарын жіктей отырып әсерін білдіру; ойыншықты оған сәйкес дыбысқа еліктеумен сәйкестендіру; суретті тірек ете отырып, есту арқылы үш сөздіажырату; фонетикалық талдаусыз буын құрамы әртүрлі сөздерді есту арқылы ажырату; 3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту:заттарды сөз бойынша ("Маған үлкен допты бер, кіші допты бер") және сипап сезе отырып, пішіні мен көлемі бойынша таңдау; үлгі бойынша көлемі мен пішіні бойынша таңдау; заттарды пішіні, түсі, көлемі бойынша топтастыру;заттар мен нысандарды "дымқыл" - "құрғақ" (сүлгі, тас) белгілері бойынша жіктеу; заттар мен нысандардың температурасын "ыстық" - "суық" (ыдыс, су, құм) белгілері бойынша ажырату; 4) дәм сезуді дамыту:ыстық және суық тамақ туралы түсінікті қалыптастыру;ыстық және суық сусындарды (шай, шырын) жіктеу;әртүрлі дәмдік сезім "тәтті-ащы" туралы түсініктерін қалыптастыру; тамақты "тәтті-ащы" дәмі бойынша анықтау. 96. Күтілетін нәтижелер: 1) таныс заттарды олардың бейнесімен сәйкестендіреді; 2) түстерді (қызыл, сары, жасыл) сәйкестендіреді; 3) заттардың көлемін (үлкен, кіші) ажыратады; 4) геометриялық пішіндерді (шар, текше, кірпіш) сипап сезіп ажыратады; 5) жақын ортадағы заттарды көру арқылы таниды; 6) 2 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады; 7) әртүрлі буындардан құралған сөздерді естіп ажыратады; 8) тамақты, сусынды "ыстық-суық", "тәтті-ащы" белгілері бойынша ажыратады; 9) заттарды және нысандарды "дымқыл-құрғақ", "ыстық-суық" белгілері бойынша ажыратады. 97. Құрастыру: 1) балалардың көзінше орындалатын құрастыру әрекеті процесіндегі ересектің әрекетін бақылауға;өзінің жасаған құрылысымен ойнауға;ересектің көмегімен қарапайым құрылыстарды орындауға;көлемді пішінді заттарды, конструктор бөліктерін зерделеу: екі қолымен сипай ұстау, нобайы бойымен қолымен жүргізуарқылы қабылдауға; еліктеу бойынша практикалық әрекеттер арқылы заттарды көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыруға үйрету; 2) негізгі түстер туралы білімдерін қалыптастыру, түстерді: қызыл, сарысәйкестендіру; заттардың көлемі: үлкен, кіші туралы білімдерін қалыптастыру; заттардың пішіні: текше, кірпіш туралыбілімдерін қалыптастыру; 3) құрылыс материалдарынан құрастыру:құрылыс материалының бөліктерімен, оларды құрастыру мүмкіндіктерімен (текше, кірпіш) таныстыру;үлгі бойынша кезең-кезеңмен құрастыру тәсілін пайдалана отырып, 2-3 текшеден мұнара құрастыру;еліктеу бойынша кірпіштерден мұнара қалау;еліктеу бойынша ені тар ұзын жол салу;ойында құрылыс жиынтығының элементтерін зат алмастырушы ретінде пайдалану; 4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;еліктеу бойынша топ бөлмесінің кеңістігінде құрылыс конструкторының бір элементінің орнын ауыстыру ("Мен сияқты қой");көлемдік үлгілер бойынша кеңістіктік қатынасты үлгілеу (әрекетті көлемді модульдермен орындау) дағдыларына үйрету; 5) таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің суретінің үстіне қою тәсілімен қарапайым пішіндерді салу; 6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру:еліктеу бойынша ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау;қуыршақтың бет-әлпетін және дене мүшелерін, ойыншық жануарлардың дене мүшелерін көрсету; 7) дағдыларды қалыптастыру: конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру;бөліктерді бірін біріне орналастыру;затты екі қолымен зерделеу (затты сипап сезу);құрылыс жиынтығының эелементтерін көлемі бойынша (үлкен, кіші) салыстыру;кірпішті тар қысқа қырынан қою. 98. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады; 2) құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады; 3) таныс құрылыстарды таниды; 4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады; 5) бұйымдар мен құрылымдарды әртүрлі бағытта орналастырады; 6) ойында құрылыстарды пайдаланады. 99. Жаратылыстану: 1) табиғат құбылыстары: қыс және оның қарапайым белгілері (суық, қар) туралы түсініктерді қалыптастыру; жаз және оның қарапайым белгілері (ыстық, күн қыздырады) туралы түсініктерді қалыптастыру; 2) өсімдіктер әлемі: практикалық әрекет процесінде көкөністермен (қияр) және жемістермен(банан) таныстыру; өсімдіктер әлемі: ағаш, шөп туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) жануарлар әлемі: үй жануарымен (ит) танысу; тірі табиғат нысандарына деген қайырымдылық сезімін тәрбиелеу. 100. Күтілетін нәтижелер: 1) педагогтың көмегімен иллюстрациялардан қыс пен жазды көрсетеді; 2) таныс көкөністер мен жемістерді көрсетеді; 3) таныс үй жануарларын көрсетеді.