4-параграф. 2 -жартыжылдық 47. Қатынас: 1) тілдік қатынасқа деген қажеттілікті сөйлеу тілі арқылы білдіру; 2) сөйлесу барысында көрсетілетін жауап реакциялары: мақұлдап немесе қарсы бас изеу, қолмен тиісті қимыл жасау, дауыстық реакция, сөйлеу тіліне еліктеу, дауысты дыбыстарды айту, жекелеген дыбыстарды ұштастыру; 3) тілдесім (коммуникация) процесін бақылау: мимика (бет қимылы), пантомимика, артикуляциялық аппаратының қозғалысы, көзқарас арқылы білдіру, заттық әрекет, дене қалпын өзгерту; 4) бірлескен әрекет ету барысында тілдесуге деген қызығушылық, ересектермен байланыс жасауға ынталандыру; 5) құрдастарымен тілік қатынас жасауға ынталандыру; 6) ойын барысында ауызша сөйлеу тілін қолдан; 7) айналадағылардың сөйлеу тілін мұқият тыңдау, сөйлеп тұрған адамның жүзіне тұра қарау; 8) сұрақ қою біліктілігі; 9) затпен және заттарды қатыстырмай тапсырмаларды орындау білу; 10) қарапайым тапсырмаларды жеткізе білу. 48. Қабылдау /сөйлеу тілін түсіну: 1) енжар сөздік қорын сан есімдермен үстеу, есімдік, сан есім, септеуліктермен толықтыру; 2) ашық райдағы етістіктерді түсіну; 3) жіктеу есімдігін (мен), тәуелдеу есімдігін (менің) түсіну; 4) жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсіну; 5) жалпылама сөздердің мәнін, заттардың бөлікшетерін білдіретін сөздердің мағынасын түсіну; 6) оқиғалар,қалайтын іс-әрекеттері, отбасы туралы сұрақтардың мағынасын түсіну,сұрақтарға жауап беру; 7) 2-4 сөзден тұратын сөйлемшелердің мәнін түсіну; 8) дыбыс, графема, артикулемалардың байланысын түсіну; 9) есту-көру және есту арқылы таныс сөздер мен сөз тіркестерін ажырату; 10) әуен, ән тыңдауға,мультфильмдер көруге деген қызығушылығын ынталандыру; 11) сөздегі бастапқы дауысты дыбысты табу білігі. 49. Айтылым: 1) тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді; 2) заттарды атауларына байланысты топтау (жалпылау); 3) заттардың сапасын, қасиеттерін іс-әрекеттерді білдіретін сөздерді, есімдіктерді,септеуліктерді атайды; 4) сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу; 5) кестелердің көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттеу; 6) айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктеу; 7) шамамен сөздер мен фразаларды байланыстырып, біріктіріп айту; 8) шамамен сөздер мен фразаларды бейнелі көрсетіп айту; 9) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айту; 10) толықтауышы бар жайылма сөйлем құрастыру; 11) сұрақтардың көмегімен сөйлемше құрастыру (кестеде, тақтаға жазылған сөздер арқылы); 12) адамдардың бір-бірімен заттарды, құбылыстарды іс-әрекетерді салыстыру білігі; 13) ауызша белгілері немесе кестелер бойынша заттар мен бейнелерді тану; 14) сұраулы сөйлемдерді қолдану; 15) сөйлеуде бұйрық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білу. 50. Оқылым және жазылым: 1) кітаптағы білетін сөздер мен фразаларды танып оқу; 2) танып оқу (кестеде жазылған сөздерді танып, көрсету): Әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттарды көрсету; іс-әрекет, сұрақтар; 3) жазылған суреттерге қарап білетін сөздерді танып оқу; 4) қазақ әліппиіндегі әріптермен танысу; 5) ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазу; 6) заттарға немесе суреттерге қатысты табличкаларды іріктеп, сәйкестендіру, оқу (танып оқу); 7) қима әріптерден балалардың аттарын құрастырып жазу; 8) үлгі бойынша қима әріптерден сөздер құрастыру; 9) кестеде берілген сөздерді таңдап суретке сәйкестендіріп құрау; 10) 2-3 қатардағы дауыстылардан бірізділікпен дауысты дыбыстарды атау білігі; 11) қолды жазуға дайындауға арналған жаттығулар; 12) өз бетінше фразалар мен сөздерді ауызша-дактилді формада айту. 51. Күтілетін нәтижелер: 1) сөздің дыбыстық құрылымын талдайды; 2) тиісті 2-3 кестеден көрсету арқылы өтініш, тілектері, хабарлама, сұрақтары туралы (шамамен) ауызша жеткізеді; 3) әртүрлі тақырыптық топтамалардан заттардың атын танып оқиды, іс-әрекетке, суретке қатысты сұрақтар; 4) заттарды атауларына байланысты топтайды (жалпылау); 5) қазақ әліппиіндегі әріптерді таныйды; 6) табличкалар мен сұрақтардың көмегімен заттарды немесе суреттерді суреттейді; 7) қойылған сұраққа жауап береді; 8) тапсырманы айтып жеткізеді; 9) ауада, тақтаға, қағазға баспа әріптермен балалардың аттарын жазады; 10) айналасындағылардың артикуляциясына, мимикасына и пантомимикасына еліктейді; 11) ашық райда етістіктерді енгізе отырып, жекеше, көпше түрде қолдана білуді түсінеді; 12) жекеше және көпше түрдегі зат есімдердің мағынасын түсінеді; 13) есімдік, шылау, заттардың сапасын, қасиеттерін білдіретін сөздерді, іс-әрекеттерді түсініп, қолданады; 14) ауызша белгілері бойынша 2-3 сөзден тұратын сөз тікестері мен фразаларды түсініп айтады; 15) қима әріптерден сөздерді құрастырып жазады; 16) тұрмыстық іс-әрекеттерді шынайы, эмоционалды көркемдеп айтады; 17) сұрақтардың көмегімен сөйлемшелер құрастырады; 18) кестеден 100 сөзге дейін (зат есім, етістік, сын есім, үстеу, сан есім), 20-25 тапсырма, сұрақ, хабарламаны таниды; 19) ауызша белгілері немесе кестелер бойынша заттар мен бейнелерді таниды.