7-параграф. 2 - жартыжылдық 58. Тілдік емес дыбыстау: 1) дыбыстаудың сипатын айтады; 2) есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтау; 3) жануарлардың дауыстарын ажырату; 4) есту арқылы 4-тен таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбыстауларын ажырату; 5) әртүрлі дыбыстаулардың сипатын ажырату (темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны); 6) таныс әндерді тану. 59. Тілдік дыбыстау: 1) есту арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындау; 2) есту арқылы қысқа сөз тіркестерін тану; 3) есту арқылы толық сөздер мен сөз тіркестерін тану; 4) ересектер мен балалардың дауыстарын тану; 5) дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік материалды тану, ажырату (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен); 6) есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін ажырату; 7) буынды бірқатардан бір буынды бөлу. 60. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 2) буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 3) жағдаятты, дауысты дыбыстар, қарапайым буындармен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету; 4) буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды айыру (дифференциациялау); 5) 4-тен кем емес дауысты дыбыстарды айту; 6) 7-ден кем емес дауыссыз дыбыстарды айту; 7) сөздерді айту (толық, жақын және толық емес); 8) сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау; 9) сөздік екпінді сақтау; 10) көру арқылы бірбуынды сөздерге ырғақтық сипаттама беру білігі. 61. Күтілетін нәтижелер: 1) дыбыстаудың сипатын айтады; 2) есту арқылы нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды; 3) жағдаятты дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді; 4) есту арқылытолық сөздерді, сөз тіркестерін қысқа сөйлемшелерді ажыратады; 5) есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтайды; 6) кемінде 4 дауысты, 7дауыссыз дыбыстарды айтады; 7) сөздерді толық, жақын айтады; 8) ересектердің, балалардың, жануарлардың дауыстарын ажыратады; 9) тұрақты ара қашықтығы арттырылған тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді; 10) есту арқылы таңдау бойынша 4-тен музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады; 11) есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін айтады; 12) әртүрлі дыбыстаулардың сипатын ажыратады (қарқыны/темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны); 13) сөздегі екпінді сақтап айтады; 14) таныс әндердітаниды.