|
-тарау. Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар)
|
бет | 146/289 | Дата | 09.05.2022 | өлшемі | 0,52 Mb. | | #33478 |
| Байланысты: МДҰ оқу бағдарламасы2-тарау. Бірінші кіші топ (2 - 3 жастағы балалар)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
8. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны - дене шынықтыру, мәдени-тазалық дағдылары ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
9. Мақсаты дененің қалыпты өсуін, баланың жеке типологиялық ерекшеліктеріне қарай омыртқасын және толыққанды денесін дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету, жеке гигиеналық бастапқы дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
10. Міндеттер:
1) жалпы қимылдық икемділіктерді, еркін түзімдегі, берілген бағыттағы жүру мен жүгіру дағдыларын қалыптастыру;
2) шапшаң қимылды ойындарға және ойын жаттығуларына қатысуға эмоциялық әсер мен ынтасын шақыру;
3) өзінің қимылын үйлестіруге, әрекеттің бағыты мен сипатын тәрбиешінің сигналы мен командасына сәйкес өзгертуге үйрету;
4) ептілікті дамыту, мүсінді қалыптастыру;
5) тамақтану және қарапайым гигиеналық процедураларға баланың қатысуын ынталандыру(ересек адамның көмегімен);
6) өзіне-өзі қызмет ету барысында қарапайым қарым-қатынас әрекетін қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|