Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет81/289
Дата09.05.2022
өлшемі0,52 Mb.
#33478
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   289
Байланысты:
МДҰ оқу бағдарламасы

2-параграф. Тіл дамыту


      118. Мақсаты - әр түрлі формалар және балалар әрекетінде қажетті лексикалық және грамматикалық тілдік құралдарды сәйкесінше таңдай алу икемін дамыту болып табылады.


      119. Міндеттері:


      1) тілдің лексика-грамматикалық қатарын жетілдіру;



      2) сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын дамыту (диалог, монолог);



      3) қоршаған орта іс-әрекетіне, өзінің жүріс-тұрысына талдау жасау және адекватты бағалау әрекетін дамыту;



      4) коммуникативті, ойын және басқа іс-әрекет барысында шығармашылық белсенділікті, дербестікті, ұйымдастырушылық әрекетті дамыту;



      5) ситуативті емес - тұлғалық қарым-қатынас формасын қалыптастыру;



      6) сөйлеу этикеті нормаларын дағдыландыру.


      120. "Тіл дамыту" сабағының мазмұны оқыту бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, күтілетін нәтижелер түрінде оқытудың мазмұнын мақсатын өзінде кірістіретін бөліктерден құралады. Әр бөлік ішінде бірізді ұйымдастырылған оқытудың мақсаты, педагогтарға өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері жайлы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.


      121. Оқу бағдарламасының мазмұны келесі бөлімдерді қосады:


      1) лексика;



      2) грамматикалық қатар;



      3) байланыстырып сөйлеу.


      122. "Лексика" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау;



      2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру.


      123. "Грамматикалық қатар" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру;



      2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру.


      124. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:


      1) диалогтік сөйлеуді дамыту;



      2) монологтік сөйлеуді дамыту.


      125. "Лексика" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:


      1) сөздік қорды кеңейту және нақтылау. Қаратылған сөйлеуді тыңдай алады. Сөзге қызығушылық және көңіл білдіреді. Сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсінеді және түсіндіреді, белсенді сөйлеуде оларды қолданады. Сөз айту кезінде жай салыстыруларды, антонимдер, синонимдер және көп мағыналы сөздерді, түрлі сөз таптарын қалай қолдануды біледі және түсінеді. Заттардың тақырыптық топтары бойынша жалпылама сөздерді қолданады. Мектепте оқуға қатысты арнайы терминология сөздерін қолданады;



      2) тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру. Қоршаған орта заттарының сапасын және ерекшеліктерін, сипатын, әрекетін, заттарын белгілеу үшін сөздерді таңдай алады. Сөздерге неғұрлым келетін антонимдер, синонимдерді іріктейді. Айтылғанды жалпылау үшін тілдің лексикалық құралдарын қолданады, байланыстырушы, сұрау сипаттағы сөздерді кірістіреді. Сұрау,лепті хабарлы дауыс ырғақтары бойынша сөздер мен сөйлемдерді ажырата аладыжәне сөйлеу тілінде қолданады.



      1-кесте



Бөлімше



Оқыту мақсаттары



1.1 Сөздік қорды кеңейту және нақтылау



0.1.1.1 сөздердің лексикалық мағынасы мен ұғымын түсіну және түсіндіре алу, белсенді сөйлеуде оларды қолдана алу



0.1.1.2 ауыспалы мағыналы сөйлемшелерді және кейбір сөздерді, жалпылама сөздердің лексикалық мағынасын мен ұғымын түсіну, өзінің сөз пікірінде оларды қолдану



1.2 Тілдің лексикалық құралдарын белсендендіру



0.1.2.1 мағынасы бойынша жақын және қарама-қарсы сөздерді түсіну, оларды сөйлеу тілінде қолдану



0.1.2.2 заттарды, олардың ерекшелігін және функционалдық тағайындалуын белгілеу үшін барлық сөз таптарына қатысты сөздерді қолдану және түсіну



      126. "Грамматикалық қатар" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:



      1) тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру. Сөйлеу тілінде грамматикалық категорияларды қолданады: зат есім және сын есімдердің аналық, аталық тегін, жекеше және көпше түрді, септіктерді, етістіктің шақ және рай түрін, көмекші сөздерді, соның ішінде күрделісін. Сөз түрлендіру және сөз жасам дағыдыларын меңгерген. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауыштарды таңдауда, туыстас сөздерді, күрделі сөздерді жасауда жаттығады. Тәуелдік және қатыстық сын есімдерді құрастырады, етістіктен сын есімдердің, зат есімдердің салыстырмалы шырайын жасай алуда жаттығады. Сан есімнің зат есіммен, сын есім мен сан есімдердің зат есіммен келістіруінде жаттығады;



      2) тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру. Сөйлем құрастыру кезінде сөздерді текте, түрде, септікте келістіре алады. Заттардың кеңістікте орналасуын, бірлескен әрекетті көрсету үшін көмекші сөздерді қолданады. Бірыңғай анықтауыш, баяндауыш, толықтауышпен сөйлем құрастыруда жаттығады. Тілдің нормаларына сәйкес қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алады.



      2-кесте



Бөлімше



Оқыту мақсаттары



2.1 Тілдің грамматикалық категорияларын жетілдіру



0.2.1.1 грамматикалық категориялар жайлы түсініктердің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдана алу



0.2.1.2 сөз түрлендіру және сөз жасамның түрлі формалары жайлы түсініктерінің болуы, оларды сөйлеу тілінде қолдануға жаттығу



2.2 Тілдің нормаларына сәйкес тәжірибелік меңгеру



0.2.2.1 сөйлемді құрастыру кезінде барлық сөз таптарын келістіре алу



0.2.2.2 қолжетімді құралымдағы салалас құрмалас және сабақтас құрмалас, жайылма сөйлемдерді құрастыра алу дағдысына ие болу



      127. "Байланыстырып сөйлеу" бөлімінің мазмұны келесіні қарастырады:



      1) диалогтік сөйлеуді дамыту. Диалогтік сөйлеу тілін меңгерген. Қаратылған сөйлеуді тыңдайды және түсінеді. Әңгімелесуге қатыса алады, берілген тақырыптағы диалогке қатысады. Қарым-қатынастың өзгеруі жағдайында тілдік құралдарды қолданады. Диалогті көздейтін, жаңа ойын және тұрмыстық жағдайларда қалыптасқан коммуникативті-сөйлеу дағдыларын қолданады. Қалыпты ырғақта сөйлей алады, өз мағынасы және логикалық екпіні бар сөйлеуді сөйлеу бөліктеріне бөле алады, диалог барысында өзін мәдениеті және әдепті ұстайды. Сөйлеу кезінде "сиқырлы сөздерді" қолданады, сөйлеу этикетінің элементарлы нормаларын меңгерген;



      2) монологтік сөйлеуді дамыту. Байланыстырып сөйлеу үлгілерін тани алады. 5-тен кем емес сөйлемнен әңгіме құрастырады. Ұсыну бойынша, схема, суреттер сериясы, сюжетті сурет бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді мазмұндап айтады. Өзі 4-5 сөйлемнен берілген тақырыпқа әңгіме құрастыра алады. Кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алады. Оқиғаға, ертегіге, әңгімеге жалғасын және соңынын, әңгімеге атауын ойлап таба алады, шығармашалық айту дағдыларына ие. Іс-әрекет уақытын, басын және аяғын, басты тұлғаны өзгерте отыра, мәтінді шығаршылық айтуда жаттығады. Әңгіме, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне элементарлы баға бере алады, өз ойын білдіре алады. Санамақтар, мақалдар, өтірік өлеңдер, қысқа тақпақтарды жатқа айтады.



      3-кесте



Бөлімше



Оқыту мақсаттары



3.1 Диалогтік сөйлеуді дамыту



0.3.1.1 берілген тақырыпқа диалог барысында сұрақтарды қоя алу және жауап қайтара алу



0.3.1.2 сөйлеу этикетін сақтай отыра қарым-қатынастың түрлі жағдайларына қатысу



3.2 Монологтік сөйлеуді дамыту



0.3.2.1 сюжетті иллюстрация, схема, суреттер сериясы, бейнелеу, дербестік бойынша сипаттама, салыстырмалы және хабарлы әңгімелерді құрастыру және қайта айту



0.3.2.2 кейіпкердің эмоционалдық күйін және көңіл-күйін көрсете отыра, берілген ертегі немесе әңгіменің сюжетін ойнап бере алу, шығармашалық айту дағдыларына ие болу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   289




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет