Мектепте қашықтықтан оқыту кезінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері



бет17/28
Дата18.05.2022
өлшемі0,92 Mb.
#34957
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі кезде есептеуіш техниканың дамуына сәйкес жаңа технологиялық жасалып, адам өмірінің барлық салаларына ендірілу үстінде. Кез келген мекеменің жұмысында ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттық жүйені ұйымдастыру қазіргі заман талабына айналып отыр. Ақпараттық жүйелердің жаңа технологиялар негізінне ұйымдастырылуы жасайтыны белгілі. Мысалы: жұмыс уақытының үнемделенуі аз уақытта көлемді ақпараттың өңделуі, толығымен мекеменің дамуы тағы сондай сияқты. Ақпараттық жүйелермен технологиялардың ойдағыдай қызмет етуі олардың сапалы түрде жобалануына тікелей байланысты екені. Жобалау ақпараттық жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.


ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Ал ақпаратты қоғамда әрбір адам жаңа ақпараттық технологияларды жетік меңгере білу керек. Мысалға айтқанда әрбір адам Internet кең ауқымды желісімен толық жұмыс істеу алуы керек, осыған орай электрондық пошта, www гиперттекстік жүйе электронды оқу құралы және тағыда басқа көптеген заманына талабына сай мүмкіндіктермен таныса білудің ешқандай артықшылығы жоқ.
Қашықтықтан оқыту ақпараттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында оқытуды басқару мен бақылауды автоматтандыру, оқушыға өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы, көпденгейді дидактикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қатар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педагогикалык әдістерді пайдалану, қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.
«Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздері» тақырыбына орындалған дипломдық жұмыстың бірінші тарауында мына мәселелер анықталды:

  1. Білім беру жүйесіндегі қашықтан оқытуды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қашықтан оқыту әдістемесінің маңыздылығына көз жеткізуге болады;

  2. Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен рөлі;

  3. Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде қашықтықтан оқыту технологиясының қолданылу барысы;

  4. Қашықтықтан оқыту жүйесі шалғай тұратын оқушыларға тиімді жағдай туғызып, оқу материалдарын тез меңгеруіне ықпалын тигізеді;

  5. Білім беру жүйесінде қашықтан оқытудың әлеуметтік жүйесін саралау болашақ мамандардың қоғамдағы орны мен қызметін сапаландыруда маңызды рөл атқарады;

  6. Қашықтықтан оқытуда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру (еркіндік, өз бетімен оқуды игеру, жұмыс істей алу, мақсат пен талғам, қажеттілік т.б.) олардың кәсіптік іскерлігінің дамуына, дүниеоқу қызметтік көзқарасының қалыптасуына септігін тигізеді;

  7. Өзіндік ізденіске жетелейтін тапсырмалар, ой-толғаныстар, сауалнамалар, реферат т.б. оқушылардың ойлау жүйесін дамытады, пайымын кеңейтеді, терең білім алуға жетелейді.

Зерттеу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:
- болашақ мамандардың кәсіби даярлығын қамтамасыз етудің дидактикалық шарттарын негізге алу;
- соқушылардың жаңа ақпараттық технологиялар арқылы кәсіби даярлығын жүзеге асырудағы құралдар жүйесін пайдалану.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық мәліметтеріне еркін қол жеткізуге болады.
Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауга зор мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесіне белгілі бір білім және жекеленген университеттер, мектептер, колледждер мен гимназияларда кіреді.
Қашықтықтан оқыту жүйесі бұрында білім алушылардың таңдауы бойынша әр түрлі себептермен жүзеге асырылып келген. Ал қазіргі таңда елімізге түскен қиындыққа қарамастан білім саласы өз ісін тоқтатпай қашықтықтан оқытуда барлық техника мен жаңа технологияларды қолдана отырып, білім алушыларға үздіксіз білім беруде.
Орта мектептің 5-7 сыныптарында математика сабағын қашықтықтан оқытуда тиімді әрі қол жетімді бағдарламаларды қолданып, оқушылармен дер кезінде кері байланыс жасап отыру дұрыс деп санаймын.
Қашықтықтан оқыту мен оқу үшінгі платформалар мен бағдарламалар оқытушылармен оқушылардың техникалық, ақпараттық құзыреттілігін арттырды.
Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеді оқытушы оқушының жұмыстарын, жеке қызығушыларын ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білімберу сапасын бақылауда үнемі кері байланыс жасалынып отыру тиіс.
Мұғалім тәлімгер болуы шарт емес, бұл рөлде ата-ана да қатыса алады. қарастырылып отырған тақырып аясында орта мектептің 5-7 сыныптарында қашықтықтан білім беруді жүзеге асыру барысында мұғалімнің алдында туындайтын қиындықтар туралы айтуға болмайды. Ақыр соңында, бұл процесс ол үшін өте ауыр және көп уақытты, әсіресе мұқият дайындықты және жеке қызығушылықты қажет етеді. Сонымен орта мектептің 5-7 сыныптарында қашықтықтан оқыту — бұл қазіргі заманғы білім беру жүйесінен көптеген артықшылықтарға ие білім берудің тиімді және өзекті түрі.

5-7 сыныпта математика пәнін қашықтықтан оқыту цифрлық білім беру ресурстарының әртүрлі түрлерін, соның ішінде гипермәтіндік мультимедиялық материалдар жиынтығын, тест жүйелерін белсенді қолданады. Қашықтықтан оқыту кезінде әртүрлі виртуалды конструкторларды қолдануға болады.


Дипломдық жобада мaқсaтқa қойылғaн міндеттер толық шешілді, яғни:

  • қашықтықтан оқытудағы маңызы және рөлін қарастырып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың технологияларын оқып талдау жасалынды;

  • орта мектептің 5-7 сыныптарында математиканы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және оны жүргізуде тиімділігі көрсетілді;

  • орта мектептің 5-7 сыныптарында математиканы қашықтықтан оқытудағы мәні мен мазмұнын теориялық негізделді;

  • қашықтықтан оқыту жағдайында математиканы оқытудың ерекшеліктері айқындалды.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады. Қашықтықтан оқыту түрінің еркіндігі мен икемділігі, географиялық жағдайға қарамайтын, кез-келген тұлғаның білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік тудыратын артықшылығы бар болғанымен, қашықтықтан жұмыс істеу кезінде қатысушылардың бір-бірімен жеке байланысы аз, кейде мүлдем жоқ деп те айтуға болады. Сондықтан мұндай оқыту нысаны коммуникабельділік, сенімділік, командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін қолайлы емес. Дегенмен, карантин аяқталып, өз жұмыс орнымызға оралған жағдайда дәстүрлі оқыту түрімен қатар қашықтықтан оқыту түрін де бірге ала жүреміз деген ойдамыз. Себебі жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет