Мектептегі білім беруді


Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#6066
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Сабақтың тақырыбы: Балықтар класына жалпы сипаттама

Сабақтың мақсаты:

 1. Омыртқалылар типіне және балықтар класына жалпы сипаттама бере отырып, ерекшеліктеріне тоқталу.

 2. Оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа , өз ойларын  еркін айта білуін дамыту. 

3. Ұйымшылдыққа , бірін –бірі тыңдай білуге , адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақ типі: Аралас сабақ 

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ 

Әдіс –тәсілдері :  Сұрақ –жауап, СТО стратегиялары

Көрнекілігі: Таблица,  тақырыптық тірексызба ,балықтың суреті оқулық, жұмыс дәптері

Сабақ барысы: І Дм Сәлемдесу 

ДМ1 сабаққа дайындықтарын тексеру

ДМ 2психологиялық тренинг

ІІ ДМ3 «Ортадағы қаламсап »стратегиясы

 1. Қандауыршаны желілер типіне жатқызу себебі неде?

 2. Ас қорыту ерекшелігі.

 3. Қандауыршаның қозғалыс мүшелері қандай?

 4. Қабықтыларға тән ерекшеліктер?

 5. Халық шаруашылығындағы маңызы.

 ІІІ ДМ4 Биологиялық диктант

Тура даму--------------------------------------

Шала түрленіп даму-------------------------

Толық түрленіп даму------------------------------

Бунақденелердің ересек күйге ауысу сатысы –

------------- деп аталады

IV ДМ5 сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

V ДМ6 Оқушыларды топқа бөлу , тапсырмалар беру.

І топ  Балықтың сырқы құрылысына сипаттамаберу

ІІ топ  Балықтардың ішкі құрылысына сипаттама беру

ІІІ топ  Балықтардың көбеюі дамуына сипаттама беру 

 ДМ7 


Постер құру,қорғау

V І   ДМ8 «Сен маған , мен саған» стратегиясын қолдана отырып оқушылардың жаңа сабақты меңгергенін тексеру 

VІІ ДМ9 жұмбақтар шешу   

Өзі алып кемедей,

Дауылдан ықпайды

Ілгегі бар дәу ұзын,

Керіп ашса ауызын,

Сәуле шашып тістері,

Судың кезген тереңін,

Шақырады қорегін.

/Қармақшы балық/

Қарасаң келбетіне

Тұмсығы найзадай.

Шығарып су бетіне,

Қанатын жайса жай,

Көрінер кемедей,

Мұхитта телегей.

/Желкенді балық/ 

VІІДМ10 Топтардың сабақты бағалауы

ДМ11   7 тақырыпты оқу.

 «Жергілікті жердегі балық түрлері» тақырыбында реферат жасау.

72


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Амантаева Т. А.  География  пәнінің мұғалімі 

География пәні – өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық – жер бетін, планетамызды,

ондағы тіршілік ететін өсімдік – жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп

отырған   бірнеше   мыңдаған   ұлттар   мен   ұлыстардың   тіршілігін   зерттеп   үйрететін   ғылым.

Сондықтан, география пәні мұғалімі болу деген сөз – кең көлемді, терең білімді, есте сақтау

қабілеті күшті, мазмұн – табиғаты терең ұстаз мұғалімдерді талап етуі, әрі осыны қажет етеді.

Сабақтың   мазмұны,   түрі  және  әдіс  –  тәсілі  оқыту жүйесінде   біртұтас   бірімен  – бірі   тығыз

байланысты.   География   пәнінің   басқа   пәндерден   ерекшелігі   –   мұнда   оқушылар   өздігінен

ізденіп,   білім   дағдысын   толықтыруға   әр   түрлі   суреттер,   сызбанұсқалар,   карталармен   көп

жұмыстар   жүргізуге   ерекше   назар   аударылады.   Олардың   пәнге   қызығуын   арттырудың   бір

жолы – сабақта жаңа білімді меңгертуде оқушалырдың өздерін белсенді қатыстысу. Сабақты

жалықпай   тыңдап   көңілді   отыруына,   білім   алуға   ынталандыра   түсуге   жағдай   жасау   үшін

сабақты түрлендіре, жаңа технологияларды пайдаланып өткізу қажет. Ол үшін мұғалім өз пәнін

әр – түрлі әдіс – тәсілдермен өткізуге көңіл бөледі. Оқу нормативі вариативті болуы ықтимал,

ол әр мұғалім өз әрекетінде мүмкіндігіне қарай сабақ үрдісінде түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануы

қажет. Бұл жерде шығармашылық мүмкіндігінде шек жоқ, әр ұстаздың өзінің жеке қабілеті,

оның жеке тұлға сапасы, өзінің әдістемесі өзінше болуы мүмкін. Бірақ жұмыс бағытында барлық мұғалімдердің жалпы

бағдарлама бойынша  берілген нормативті сақтауы  қажет. Қазіргі жаңа педагогикалық технология географияны оқытуда

Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек – конспект, диаграмма, график, логикалық тірек – сызбасы қолданылады. Әсіресе,

көп   назар   топтық   және   жеке   оқушылармен   жұмыс   істеуге   аударылады,   бұл   жерде   жаңа   технология   жүйесінде   мәнді

ойындардың, семинар, дискуссия, баспасөз – конференциясы, лекция, сынақ, топ серуендері, практикалық жұмыстардың

маңызы   зор.   Бұл   сабақтарда   оқушылардың   әр   түрлі   проблемаларды,   оларды   шешу   жолдарын   іздестіруге   мүмкіншілік

туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер

жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Технология мен әдіс – тәсілдің ара – жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады. Дамыта оқыту.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны

береді.   Оқыту   мен   дамыту   арасында   тығыз   байланыс   бар.   Бұл   мәселені   түбегейлі   зерттеген   көрнекті   психолог   Л.С.

Выготский. Бала дамуының екі аймағы болады.

Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.



Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

    Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым – қатынас. Мұғалім бұл жағдайда

танымдық іс – әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интелектісінің көзін

ашып шығармашылығын дамытады. 

Проблемалық   оқыту   технологиясы   –   бұл   дамыта   оқыту   технологиясы.   Оның   қызметі   –   белсенді   таным   әрекетін

ынталандыру,   ойлаудың   зерттеушілік   стилін   қалыптастыру.  Оқыту   теориясы   мен   тәжірибесі   дамуының   жалпы

заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті

қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:түсіндірмелі-

иллюстрациялы   (дәстүрлі),   проблемалы,   бағдарламалы   (компьютерлік).   Осылардың   ішінде,   оқушылардың   таным

белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білудепроблемалық

оқытудыңмаңызы   ерекше.     Заманауи   білімдендірудің   мақсаты   мамандарды   шығармашылыққа   дайындау   екені   даусыз.

Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық

оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең

тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды

қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.

   Қорыта айтқанда,   бұл технологиялардың идеологиясын зерттеу, проблемалық әдістерді кеңінен пайдалануды, жобамен

жұмыс істеу кезінде бірлескен немесе жеке іс- әрекет арқылы алынған білімдерді қолдануды, өзіндік сыни ойлауды ғана

емес, мәдени қарым - қатынас деңгейін де дамытуды, мұның бәрі өмірде табысқа жетуді және күрделі өмір жағдайларынан

абыроймен шығуды қамтамасыз етеді.



Сабақтың тақырыбы:  &51.Қазақстандағы топырақ , топырақ түрлері

 Сабақтың мақсаты

  Білімділігі:   Оқушыларды Қазақстан аумағындағы топырақ түрлерімен таныстыру, топырақ   түрлерінің қасиеттері мен

топырақтың эрозиясына анықтама беруге үйрету.

 Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, дағдысы мен іскерлігін, пәнге деген    қызығушылығын,  ой өрістерін дамыту. 

Тәрбиелілігі:  Топырақты қорғау жұмыстарымен, адамдардың шаруашылық  қызметін, топырақтың құнарсыздануы,  одан

сақтау жолдары мен өңдеу шаралары туралы түсіндіру, табиғатты, Жер- Ананы қорғауға тәрбиелеу  



Сабақтың түрі:  Ашық сабақ, Интерактивті тақта. 

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, кесте толтыру,

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карта,оқулық, сызба,  суреттер, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс:  биология, әдебиет, экология

Сабақтың барысы:    I.Ұйымдастыру кезеңі

ДК1. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу

ДК2  Оқу құралдарын тексеру, сабаққа назарларын аударту

ІV. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.  ДК3 Сұрақтар беру арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

73


 V. Жаңа сабақты игеру кезеңі

ДК4 Мұғалім сөзі

Жердің өсімдіктер өсетін жұқа құнарлы қабатын топырақ деп айтамыз.Органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде

топырақтың  қарашiрiк   қабаты  түзiледi.  Қарашiрiк   (гумус)дегенiмiз  –   микроағзалардың,   өсімдіктердің,   жәндіктердің

органикалық қалдықтары. 



    Топырақ түрлері. Топырақ жер бедерінің пішініне, географиялық орнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, қара

топырақты зона, қара қоңыр топырақты зона, қоңыр, сұр қоңыр топырақты зоналар.

Жер бетiнде топырақ түрлерiнiң таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты. Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы

да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді. Тауларда биiктiк белдеулерге сәйкес таралады. Ең құнарлы

топырақ – қара топырақ. Ондағы қарашiрiк қабатының қалыңдығы 1 метрге дейiн жетедi. Топырақтың бұл түрi қоңыржай

белдеулердегi   далаларда   шөп   астында   түзiледi.   Даланың   топырағы   қарашiрiкке   бай   болып   келедi.   Қара   қоңыр

топырақтың қара топыраққа қарағанда  құнарлылығы аздау болып келеді. Қылқанды және аралас жапырақты ормандарда

қарашірігі аз күлгiн топырақ түзiледi. Сұр қоңыр топырақтың құнарлылығы мүлдем аз болады.



ДК5 Картамен жұмыс. Қазақстанның физикалық картасынан аталған аймақтарды көрсету

Топырақты қорғау. Өсімдіктер топырақтан нәр алған сайын оның құнарлылығын азайтады. Топырақ өте баяу түзіледі –

қалыңдығы 1 см қабат түзілу үшін 100–1000 жыл керек, сонымен бірге су мен жел жыл сайын егістік жерлердің 1%-ын

бүлдіреді. Түрлі әрекеттер нәтижесінде топырақ эрозияға ұшырайды.Топырақты қорғау және оның құнарлылығын арттыру

– адам баласының маңызды міндеттерінің бірі.



ДК6 Сызбанұсқа арқылы түсіндіру

ДК7 Термин сөздермен жұмыс (дәптерге термин сөздерді жазып алу)

Топырақ эрозиясы---- топырақтың құнарлы қабатының жойылуы 

Мелиорация---Топырақтың құнарлылығын арттыру  бағытында жасалатын әрекеттер

Гумус – Латын тілінен аударғанда “қара шірік” дегенді білдіреді

VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

ДК8 Географиялық диктант жазу

1. Топырақ деп Жер қырытысының өсімдік өсетін беткі құнарлы жұқа қабатын айтамыз

2. Топырақ литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында түзіледі.

3. Топырақ жердің ең беткіөте жұқа (2–3 м) қыртысындағы тау жыныстарының ағзалардың әсерінен өзгеруі нәтижесінде

пайда болған.

4.   Органикалық   қалдықтардың   ыдырауы   нәтижесінде   топырақтың  қарашірік



 

   қабаты   түзіледі.   Ол   –   топырақ

құнарлылығының негізгі көрсеткіші.

5. Ең құнарлы топырақ  қара топырақ.



ДК9 Кестені толтыр

Географиялық қабық

Ерекшелігі 

Атмосфера 

Жердің бу қабығы. Тіршілік төменгі қабатында таралған.

Гидросфера 

Жердің су қабығы. Тіршілік түгелдей бөлігінде таралған.



Литосфера 

Жердің тас қабығы. Тіршілік жоғарғы қабатында тараған.



ДК10    ВЕНН диаграммасы арқылы салыстыру

Венн диаграммасы арқылы құнарлы топырақ пен құнары аз топырақты салыстыр.



ДК11  Сызбаны толтыр.

VIІ Жаңа сабақты бекіту ДК12 «Миға шабуыл»стратегиясы

1Топырақ дегеніміз не? (топырақ дегеніміз – Су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстардың үгілу

нәтижесінде жер қыртысыныңбеткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. 

 2) Топырақ құраушы факторларды атаңдар? (су, ауа, жылу, өсімдік,тірі ағзалар әсері, тау жыныстарының үгілуі) 

 3) Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? ( топырақтың механикалық құрамыына топырақтың ірілі және

кішілі минерал бөлшектерінің жиынтығы жатады.) 



  4)   Топырақтың   қара   шірігі   қалай   пайда   болады?  (жануарлар   дүниесі   өздерінің   тіршілік   әрекетінің   нәтижесінде

топырақты байытады да шірінді мөлшерін көбейте түседі) 



 5) Құрылымды топырақ қандай топырақ? (шірінді мен кальциге бай және құрылымы кесек топырақтарды құрылымды

топырақ) 

  6) Құрылымы жоқ топырақ қандай топырақ?  ( Құрылымында түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ

дейді) 


7) Топырақты алғаш зерттеген кім? (В.В.Докучаев 19ғ.80 жылдарында)

8) Топырақ қашан пайда болды? (500 млн жыл бұрын,кембрий дәуірінде)

9) Қандай топырақ біріккіш келеді? (сазды,саздауытты,шірінді топырақтар)

10) Бірігуі нашар топырақты ата? (құм,құмдауытты)

ДК13 Синквейн стратегиясы

 Зат есім (кім? не?) – топырақ 

 Сын (есім қандай?) - қара, қоңыр қара,қоңыр сұр 

 Сан есім (қанша?неше?) - елімізде үш топырақ зонасы бар 

 Етістік ( не істейді? Қайтеді? ) - Топырақ су және жел эрозиясына ұшырайды  немесе адамдар топырақ эрозиясына қарсы

күрес шараларын қолданады.



VIII Үйге тапсырма беру

ДК14   51 -тақырыпты оқу, топырақ зоналарын  кескін картаға түсіріп келу

ДК15 оқушылар білімін бағалау

74


БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА 

ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС ІСТЕУІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Биология пәнінің мұғалімі   Калабаева А. М. 

    ...Мұғалім балаларды білуі , олардың  ынта – ықыласын, тұрмыс  тіршілігін, өмір сүріп

отырған ортасын, өмірлік тәжірбиесінің көлемін, күш-қуаты мен даярлығын білуі керек.

Сонда ғана оның өзі балалардың жанына ұялап түсінікті болады. А.К.Крупская

Жалпы   білім   беретін   орта   мектептердегі   программа   талаптары   мен   оқулықтар   мазмұнын

оқушылардың игеру дәрежесі біркелкі бола бермейді. Өйткені сыныптағы оқушылардың даму

дәрежесі,   таным,   ұғым   өрісі,   бейімділігі,   қабілеті,   ынта-ықыласы   т.б.   сапалық   қасиеттері

бірдей емес. Төменгі сыныптардағы аталған кемшіліктер азырақ байқалса, жоғарлаған сайын

олар айқындала түседі. Кейбір оқушылар сабаққа қатысып, мұғалімнің айтқанын тек келесі

сабақта айтып беру мақсатымен ғана тыңдайды. Ол үшін оқу тек жаттау жолымен есте қалады.

Мұғалімге жауап  бергеннен кейін енді ол ережені керек етпейді.   Мұғалімнің қайта-қайта,

күнде сұрауға уақытының жете бермейтінің ескеріп, бірнеше сабақ бойы бос отырады. 

Оқушылардың сабақ үлгерімінің статистикалық көрсеткіші 

Ụ=a-b/a*100%     Формуласы   бойынша   бірнеше   рет   айқындалады,   а-оқушылардың   саны,   в-

үлгерушілер саны, егер а=в болса, үлгерім 100%

Академик И.Т.Огородников айтқандай – оқушы мұғалім хабарлаған білім көлемінің 25-75% ғана қабылдайды. Оқушыларға

даяр   күйінде   берілген   білім   олардың   ізденгіштік   қабілетінен   гөрі   орындаушылық   дағдысын   көбірек   қалыптастырады.

Хабарланған білім көлемінің 75% оқушы қабылдау үшін оқыту процесін шеберлікпен ұйымдастыру керек. 

Оқушы білімінің бағалануын 5 балдық жүйемен аламыз, ең жоғарғы баға «5»-100%, «4»- 80%, «3»-60%, «2»-40%, «1»-20%

қабылдады  десек,  осыған  сәйкес  сабақтың  түсініктілігін 1,4/5,3/5,2/5,1/5 деп  алуға   болады,  мұнда  «5»   пен  «4»   ұнамды

бағалар деп есептеледі. «3»те ұнамды баға, «5» пен «4» сабақ ұғымының жоғарғы көрсеткіштері, ал «3» ұғымының қажетті

минимумы.

Егер «5» бағасының саны –а

«4»   -в     «3»---с   «2»----d   «1»----е.   А=1*а+2/3в+1/3с+0/3(d+е) немесе А=3а+2в+с/3 формуласымен өрнектеуге болады. 5

балдық   шкала   бойынша   сабақ   материалын   меңгерудің   жалпы   ұнамды   көрсеткішінің   барлық   бағалардың   көрсеткішіне

қатынасын 60% ке көбейту арқылы ұғым дәрежесін табуға болады. Оны N деп белгілесек, N=А/а+в+с+ d+ е*100% немесе А-

ның орнына қойсақ  N=3а+2в+с/3(а+в+с+ d+ е)*100% деп табуға болады. Осы формулаларды пайдаланып, әрбір бақылауды,

тоқсандық, жартыжылдық, жылдық, қорытындыларда жалпы оқушылардың білім көлемін анықтауға болады. Анықталған

мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардың біліміне қарай шартты түрдегі топтарға бөлуге болады. 

Қысқасы оқушыларды білім, үлгерім, таным жағынан шартты түрде «күштілер», «орташалар»  «әлсіздер» тобына сәйкестеп,

алдын ала карточка  күйінде жасалған сұрақ, тапсырма  жүйесімен жүргізілген сабақтағы   дифференциалық  қатынастың

тиімділігі көзге тез көрінеді. Ұстаз жеке оқушылардың өз пәнінен көріне бастаған ерекше бейімділігін және қабілетін әрі

қарай   дамытып,   ерте   бастан   белгілі   мамандыққа   бағдар   беруде   де   дифференциялық   қатынастың   тиімді   пайдаланады.

Сынып   оқушыларын   шартты   түрде   және   уақытша   белгілі   топқа   бөлгенде   оқушыларға   жариялауға   болмайды.   Өйткені

мұндай  бөлу  тұрақты   процесс   емес,   уақыт   өткен   сайын   өзгеріске   ұшырап,   әр   топ   өзара   іштей   ауысып,   әр  топ   ішінен

кішкентай болса да, өрлеу өзгерістері туады. Мысалы оқу жылының басында сыныптағы 32 оқушының 7-і «күштілер», 10-ы

«орташалар»,   15-і   «әлсіздер»   тобына   жатса,   оқу   жылының   аяғында   «орта»   топтың   3-і   «күштілер»   тобына,   «әлсіздер»

тобының 5-і «орта» тобына ауысып өзгеруі мүмкін. яғни оқушылар білімінің сапалық көрсеткіші жақсара түскенін көруге

болады.   Қайталау   сабағын   дифференциялық   қатынаспен   жүргізгенде   мұғалім   «күшті»,«орташа»   топтарға   карточкалар

үлестіріп беріп, олар дайындалғанша «әлсіздер» тобындағылармен сабақ үстінде молырақ жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

Олардың білімдік, танымдық өрісінің өсуіне, білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыруға көп көңіл бөлуге мүмкіндік

ала-алатын болады.



Тақырыбы:  Қаңқа бөлімдері  Сынып: 8, биология

Мақсаты: 

1.Қаңқа бөлімдерін танып білу.

2.Сынтұрғысынан ойлау технологиясының тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін  дамыту.

3.Денсаулықты  сақтауға, жаман әдеттерден  аулақ болуға тәрбиелеу



Сабақтың типі: аралас  сабақ      Әдісі:  СТО

Көрнекіліктер:  интербелсенді тақта, суреттер

I. Ұйымдастыру кезеңі

ДМ1 сәлемдесу, түгендеу

ДМ2 оқушылардың  сабаққа  дайындығын тексеру

ДМ3 сабаққа назарын аударту



II.Үй тапсырмасын тексеру

ДМ4 Графикалық диктант.

1. жылу                          8. мұрын қалқаны

2.Тіл                               9. тәтті

3.Сипап сезу                 10. заттың пішіні 

4.Мұрын                        11. Тұз

5.Ащы                             12. суық

6.хош иіс

 7.тіл бүртіктері

75


Тері және бұлшық ет сезімі: 1,3,10,12

Иіс сезу: 4,6,8

Дәм сезу: 2,5,7, 9,11  

III. Жан-жақты білімдерін тексеру

ДМ5  Ой толғаныс сатысы

Оқушылар тірек -қимыл жүйесінің маңызын айтады.

ДМ6  Топтастыру әдісі                                                       



IV. Жаңа сабақты меңгертуге даярлау

ДМ7  Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын

хабарлау

V.Жаңа сабақ

ДМ8 Түртіп алу әдісі

“+” білемін                     “-” білмеймін

ДМ9  Оқушылар суреттер бойынша тақырыпты мазмұндайды.

Бас қаңқасы

Омыртқа жотасының құрылысы

Кеуде қуысы

Қол және аяқ сүйектері    



VI. Меңгергенін тексеру

ДМ10  Сәйкестігін анықта

1. Бас қаңқасы

2.Кеуде қуысы

3.Иық белдеуі

4.Қол сүйектері

5.Аяқ қаңқасы

1.Жамбас                  10.Кәрі жілік

2.Шынтақ сүйек      11.Табан

3.Қабырғалар           12.Саусақ

4.Жауырын               13.Бұғана

5.Төс                           14.Жақ

6.Ми сауыты             сүйектері

7.Асықты жілік

8.Жақ сүйектері

9.Жіліншік



VII.Бекіту

ДМ11  Ой толғаныс сатысы. Бес жолды өлең құрастыру.

1.

Зат есім – не? 1 сөз  Сын есім – қандай? 2 сөз   Етістік – Неғылды? Не істеді? Қайтті? 3 сөз



2.

Тақырыпты ашатын сөз тіркесі немесе сөйлем

3.

Балама сөз



ДМ12 Сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру 15 параграфты мазмұндау.

МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЖАҢАШЫЛ ӘРЕКЕТТЕРІ

Математика пәнінің мұғалімі Фазылов Қанат Айкенұлы 

Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз

Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет

өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп

еліміздің   болашағы   жастарға   үлкен   мән   берген.   Қазіргі   таңда   білім   берудің   әлеуметтік

құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүниежүзінде білімнің рөлі артып, әр

елдің   өзіндік   білім   беру  жүйесі   тағайындалған.   Бірақ   ол   әлем   халықтарының   білім   берудегі

тәжірибесімен,   бағыт   -   бағдарымен   деңгейлес   болуы   қажет.   Қазақстан   Республикасындағы

үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс - шара болып табылады. Осы

орайда білім беруді дамыту тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін

дамытудағы маңызды құжат екендігі сөзсіз. Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және

адамзаттық   құндылықтар,   ғылым   мен   практика   жетістіктері   негізінде   жеке   адамды

қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар

жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру.

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға,

Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда

оқушылардың   білім   деңгейін   арттыру   –   маңызды   іс.   Бұл   мәселе   көптеген   жылдар   бойы   қарастырылып   келе   жатыр.

Матеметиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз

үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып,

оның ары қарай жетілуіне  ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім – оқушы  атаулыға  үлгі болатын өмірінің сан алуан

жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да

сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.

76


Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім

деңгейін көтерудегі басты тұлға – ұстаз екені бәрімізге белгілі.  Оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-

әрекеті   дегеніміз   –   оқушының   білімін   жетілдірудегі,   түрлі   қажеттерді   өтеуге   байланысты   белгілі   мақсатқа   жетуге

бағытталған процессті айтамыз. Яғни мұғалімнің сабақ үстінде оқушыға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарына тоқтала кетейік.

Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері

1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына,

психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, 

зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей 

дәрежеде орындала бермейді;

2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты;

3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілеген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те 

қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана

мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық

нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының

өз   еркінде   болғанымен,   олардың   барынша   тиімдісін   іріктеп   алуды   үйретуге   де   мүмкіндік   мол.   Бұл   пән   оқушылардың

логикалық   ойлауын   дамытуда   маңызы   өте   зор.   Оқушылардың   ойлау  процесінің   нақтылығын,   тереңдігін  анықтау   үшін

олардың   белсенді   іс-әрекетімен   бірге   өз   бетінше   жұмысын   ұйымдастыру   керек.   Оқушылардың   сабақта   өздігінен

орындайтын   жұмыстарын   тиімді  ұйымдастыру  үшін  математика  кабинеттерінде  дидактикалық  материалды,   үлестірмелі

материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. 

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың 

орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі

тиіс.

Көрнекі   түрде   оқыту  –   оқушылардың   тиісті   бақылауларына   сүйеніп   оқыту,   бірақ   көрнекі   оқыту   дегенді   тек   көрнекі

құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге

негізделеді. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс

жөніндегі   қабылданбаған   ұғым,   түсінік   есіңізге   соғұрлым   берік,   тиянақты   есте   сақталады.   Көрнекілікті   қолдану

оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен

оңай қорытындылар жасай алады.

Қорыта айтқанда, математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім

нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.

Математика  грек   тілінен  қазақшаға  аударсақ,  «білім»,   «ғылым»  деген мағынаны   білдіреді.   Математика  бізге  ғаламның

көптеген құпияларын ашуға көмектеседі. Біз математика дегенде тек сандар ғана емес мұнда басқа да керемет нәрселер аз

емес. Бұрынғы кезден-ақ математиканың көмегімен көптеген небір кереметтер жасаған: дұрыс жолды тапқан және күнді, ай

мен  жұлдыздарды   бақылау  арқылы   жыл   мезгілдердің  ауысатын   уақытын   болжаған.   Сонымен   қатар   Галилейдің   «Әлем

математика   тілімен   бейнеленген»   деген   сөздерінен   математиканың   құдіреттілігін   көруге   болады .   Ал   сол   ғылымды

оқушыларға сапалы түрде үйрету  математика пәні мұғалімдерінің жаңашыл әрекеттеріне тікелей байланысты екенін естен

шығармайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет