Математикадан олимпиада есептерінің топтамасы
Ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамнан сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің
жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. Оқушылардың математикалық білімін жоғары деңгейге көтеру, яғни
тереңдету әр ұстаздың алдындағы міндет. Қазірде мектепті жетілдіру бағыттарының бірі – дарынды оқушылармен жұмыс.
Біздің мектебімізде де қазақ ұлтының болашағы, үміт артқан ертеңі болып өсіп келе жатқан жас жеткіншектер тәрбиеленіп,
білім алуда. Қай қоғамда болмасын ойлау қабілеті дамыған, шығармашылықпен айналысатын талантты, дарынды жастар
қажет, сондықтан мектептің міндеті – осындай балаларды анықтап, қолдау көрсету.
Дарынды балалардың қабілетін дамытудың жолдары көп. Соның ішінде пәндік олимпиадалардың рөлі ерекше.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын оятатын, олардың математикалық ой – өрісінің, шығармашылық қабілетінің дамуына
дәнекер болатын қосымша тақырыптар көп әсерін тигізеді. Мұндай есептерді шығару оқушылардан терең ізденуді,
ойлануды, еңбекқорлықты, шыдамдылықты талап етеді және соған тәрбиелейді. Олимпиадада кездесетін кейбір есептер
мектеп көлемінде нақты оқытылмайды, сондықтан оған қосымша ізденіп, еңбектену керек. Осыған орай, математика
пәнінен мектепішілік олимпиадада шығарылатын есептер топтамасын ұсынып отырмын.
5 – сынып
1. Алты бірдей цифрды және амал таңбаларын пайдаланып 100 санын шығар.
2. Ортаңғы цифрлары 97 болатын, 45-ке бөлінетін неше төрт таңбалы сан бар?
3. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз.
6 – сынып
1. Тізбекте үш бүтін санның көбейтіндісі 120-ға тең. Осы үш санның қосындысын табыңыз?
2. Өрнекті ықшамдаңыз:
3. Сұрақ белгісінің орнына тиісті санды қойыңыз.
7 – сынып
9)
Екі натурал санның қосындысы 144-ке тең. Бірінші санның бөлігі 25 болса, екінші сан неге тең?
2. Есептеңдер: .
3. Өрнекті ықшамдаңдар.
а)
ә) .
4. 100-ді бір санға бөлгенде 4 қалдық, ал сол санға 90-ды бөлгенде 18 қалдық қалады. Ол қандай сан?
77
5. 4-ке бөлгендегі қалдығы 3, 3-ке бөлгендегі қалдығы 2, 2-ге бөлгендегі қалдығы 1 болатын барлық бүтін сандарды
табыңдар.
8 – сынып
21)
n-нің кез-келген натурал мәнінде өрнегі 8-ге еселік болатынын дәлелде.
22)
Көбейткішке жіктеңдер.
23)
Екі таңбалы санның сол жағына және оң жағына 1 санды тіркеп жаз. Нәтижесінде
бастапқыдан 23 есе үлкен сан шықты. Осы екі таңбалы санды тап.
24)
Тақтада төрт сан жазылған еді. Оларды әртүрлі мүмкін болатын тәсілдермен екі-
екіден қосқандағы қосындылары 2; 4; 9; 14; 16; болған. Тақтада қандай сандар жазылған?
25)
-ті табыңдар.
9 – сынып 1. Теңдеулер жүйесін шешіңіз:
2. Берілген екі нүкте арқылы өтіп, берілген түзумен жанасатын шеңбер сызыңыз.
3. Теңсіздікті дәлелдеңіз:
10 – сынып
1. тепе теңдігін дәлелдеңіз.
2. - арифметикалық прогрессия ; -ді табыңыз.
3. Бірлік шеңберге сырттай квадрат сызылған. Шеңбердің кез келген нүктесінен квадрат төбелеріне дейінгі
қашықтықтардың квадраттарының қосындысын табыңыз.
11 – сынып 1. Теңдеуді шешіңіз:
2. өрнегінің мәні 1-ден үлкен екендігін дәлелдеңіз.
3. Жазықтықта А және В екі нүкте берілген. Онда АВ=2, болатындай, жазықтықтағы К нүктесінің геометриялық орнын
табыңыз.
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Айнакулова С.А. Математика пәнінің мұғалімі
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған
мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана
жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық
жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға
тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық
сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін
бұл аса маңызды,»-деген болатын. Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған
басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Сапалы білім беру қазіргі
уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды
кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді,
сондықтан жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы - өмір талабы.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың бойында
бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан
соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға
қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Қазіргі таңда компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірбиелік тапсырмалар
әзірлеу дәстүрге айналды.
Математиканы оқыту үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану ең алдымен оқушылардың
математика пәніне деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар теориялық білімін өздерін — өздері тексеру
арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта қолданылатын тапсырмалардың көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс
істеу қабілеті дамиды. Өз беттерінше де ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады.Ал, ақпараттық
технологияны қолдану оқушыға не береді?
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол
жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез
арада қол жеткізуге көмектесе алады.
Оқушылар World, Power Point, Excel, Актив студио т.б программалардың көмегімен жаңа тақырыптарды игеру
жұмыстарын үйренеді. Математика сабағында компьютерді қолдану есепті тез, дұрыс шеше білуге жол ашады. Тіпті нашар
оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін
көрсетіп, көмекке келеді. Интербелсенді технологияларды әр сабағымызда пайдалана алсақ интеллектуалдық қабілеті
дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін бәсекеге қабілетті жеке
тұлға қалыптастыра аламыз деп ойлаймын.
Мектепте математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық
білім беру сапасын жолға қоюмыз қажет деп ойлаймын. Қазіргі кезде білім беру: пәндік – мазмұндық, мазмұндық –
әрекеттік және мазмұндық – тұлғалық байланыста болуы керек. Сондай – ақ математикалық білім беру, математикалық
сауаттылыққа түгелдей тәуелді. Ендеше математикалық білім беру туралы әңгімені математикалық сауатылық мәселесінен
бастауымыз керек. Ал, сауатылық мәселесі математика пән мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемасы. Бұл
проблемалар:
-Пән мұғалімінің теориялық әдістерінің жан – жақтылығы
- Мұғалімнің кәсіби дайындық негіздері, (курстар, семинарлар т.б.)
78
Заманауи технологияны оқу-тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Елбасы атап көрсеткендей,
заманауи технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда
білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты - окушының жеке
басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын
қалыптастыру.
Математика пәнін оқытудағы тиімді технологиялардың бірі - профессор Ж.А. Қараевтың " Үшөлшемді әдістемелік жүйесі".
Ж. Қараевтың педагогикалық технологиясы –оқытуды дифференциялауға негізделген оқу үрдісіндегі мұғалім мен
оқушының, оқу мазмұны мен түрдің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл
технологияның басты ерекшелігі: алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырады. Оның өзіндік
ерекшелігі мыналар:
- Білім стандартына сай толық нәтиже береді. – Мақсатты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл
бағалауға қол жеткізеді. - Дидактикалық үрдістің тұтастығы. – Оқушының оқу- танымдық қызметінің құрылымы мен
мазмұнын анықтайтын оқу үрдісінің жобасының болуы. Деңгейлік тапсырмамен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік
жеке жолы, темпі, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі. Әр оқушының ой-өрісі кеңейеді.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Ж. А.
Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі, мұғалім оқушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық
құндылықтарын есептей алады, оқушылардың пәнге деген ықыласы артады, білім сапасы жоғарлайды, обьективті бағалау
қамтамасыз етіледі.Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың негізін Л.Выготский, А.Леоньтев,
Б.Ананьев,С.Рубинштейн т.б ғалымдар жасаған. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді
әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Оқытуда бірінші деңгей (оқытушылық деңгей.өнімсіз-репродуктивтік деңгей; мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті
көлемін қамтиды.)Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Бұл деңгейде оқушылар
репродуктивтік әрекет жасайды: екінші кезеңінде қарастырылған ұғымдарды, түсініктерді, аксиомаларды, т.б. фактілер,
ақпараттарды білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: не ? қашан ? қалай ? ..., аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Демек, бұл
деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады.
Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде І-ші деңгей тапсырмаларын орындаудан бастайды.
Екінші деңгей(алгоритмдік деңгей).Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып,
тапсырманы орындайды. 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмаларды
орындау талап етіледі: олорды сыни тұрғыдан ұғыну, оқу материалын талдау іскерлігі, білімді салыстыру арқылы мәтіннің
негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері бағаланады. Тапсырмаларда қолданылатын сұрақтар түрі: бірінші деңгейдегі
тапсырмаларға оқушының берген жауаптарына: неге ? неліктен? себебі? , түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, салыстыр, талда
т.б. сұрақтар қойылады.
Үшінші деңгей(эвристикалық деңгей).Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді.
Оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы,білімнің қортындылануына бағытталған тапсырмалар орындайды.
Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, жүйеле, анықтама, қорытынды шығар, т.б. Оқушының білім сапасы білім стандарты
көлемінде «дұрыс», «толық», «берік» білім болып саналады. Нәтижесінде, үш деңгейдің тапсырмаларын біртіндеп орындау
барысында оқушылар зерттеушілік әдіс арқылы тақырыпты толық меңгереді.
Төртінші деңгей(шығармашылық деңгей).Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгей
тапсырмалары оқушылардан зерттеу әдістерін пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық
жағдайында өз бетімен қолдана білуін талап етеді (реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, олимпиадалық тапсырмалар т.б.)
Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға
айналады.
Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі
тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп
отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім
алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық
жағдай жасайды. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілімен, қазіргі заманауи
технологияны меңгеру- әр ұстаздың басты міндеті. Мұндай технологияларды қолданудан – біріншіден, оқытушы ұтады,
яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы
ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа
технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер
Сабақтың мақсаты :
•
Оқушылардың квадрат теңдеу түбірлерін табудың формуласына есеп шешу дағдыларын жетілдіру.
•
Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой – өрісін дамыту.
•
Оқушыларды зейіндікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі : бекіту сабағы
Сабақтың түрі : жарыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карточка
Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі.
ДМ1. Оқушылармен салемдесу.
ДМ2 . оқушыларды түгендеу .
II. үй тапсырмасын тексеру.
79
IV. Жаңа сабаққа дайындық .
ДМ3. Сыныпты үш топқа бөліп, топ басшылар сайланады.
VII. Бекіту
1.Сұрақ – жауап
Бүгінгі күн сайыста,
Сен ешкімнен қалыспа.
Біліміңді көрсетер,
Сұрақтарға жауап бер.
28)
Квадрат теңдеудің анықтамасын беріңдер
29)
Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
30)
Келтірілген квадрат теңдеу деген не ?
31)
Толымсыз квадрат теңдеулердің түбірлері .
32)
b жұп болғанда квадрат теңдеудің формуласы.
33)
« Дискриминант» сөзі қандай мағананы білдіреді?
2. Деңгейлеп тапсырмалар орындалады.
Лайықтап жазылған ұпайлары,
Квадрат теңдеу бар онда тағы –
Түбірлерін табарсын қателеспей ,
Жетерлік болса егер білім жағы.
I деңгей (5 ұпай)
1)
2 )
3)
Ж: Ж:
Ж:
3. Қатесін тап
1) 2) 3)
4. Шығармашылық есеп
Топ маймыл ( Үнді есебі)
Бөлініп алып 2 топқа,
Маймылдар ойынды ермек еткен.
Сегізден бірінің квадраты,
Тоғайда жадырап секектеген,
Он екісінің шат үні
Маужыраған ауаны жаңғырықтырған.
Сен айтшы барлығы неше
Маймыл болған бұл тоғайда ?
Шешуі :
VIII. Үйге тапсырма
IX.
Ұпай сандарын санап, сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
X.
ФИЗИКАНЫ ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРЫП ОҚЫТУ
Касенов Кемелгазы Маушевич. Физика пәні мұғалімі
Үздіксіз іздену-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалімнің шеберлігінің көрсеткіші-
әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру табиғат
заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, физика пәнінен танымын арттыру.
Алдында отырған әр оқушының өзіндік ынтасы, қасиеті, білімі және қабілеті, яғни күш
қуаты әр түрлі болып келеді. Сабақ беретін мұғалімнің де оқушысын баурап алуы әр түрлі
және әр мұғалімнің әдіс тәсілі де әр түрлі, қасиетіде өзгеше.
Бала физика пәнінен тек сыныптың ішіндегі абстракт дүние ретінде түсінбеу керек, яғни
бүкіл табиғат планеталар жүйесінен бастап күнделікті тұрмыс тіршілігіне дейін осы
физикалық заңдар мен құылыстарға бағынатындығын оқушының санасына жеткізу керек.
Әр тарауға әр түрлі заңдылықтар мен құбылыстар жауап береді, бірақ бірімен-бірі өте
байланысты.
Педагогтар мен психологтар сабақты жан-жақты зерттеп, типтерін, құрылымын,
дидактикалық талаптарды және оның білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнін ашуды
белгілеп берді. Сабақ-күрделі, әр қилы, сан алуан...
Сабақ мақсат қоюдан басталады. Алға қойған мақсатқа байланысты мынадай міндеттер жүзеге асырылады.
•
Оқушыларды жаңа білімді қабылдауға даярлау;
•
Оқушыларға жаңа білімді меңгерту, таныту.
•
Жаңа сабақты қорытындылау.
•
Білімді толықтыоыр жаңа (тәжірибе) жұмыс орындау, яғни формула қолдану есептеу.
•
Білім мен білікті меңгеру, нәтижесін тексеру, оқушылардың жетістіктерін талдау
Демек, сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ-ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі болмақ. Оқу
материалдарын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта ықыласын,
80
қызығушылығын күшейту. Адам дамуының қуатты қозғаушы күші-оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені
белгілі. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.
Өзім сабақ беретін 9-11 сынып оқушыларын-1, 2, 3 топқа бөліп, жетекші сайлаймын. Бұлай оқытудың тиімділігі
қабілеті нашар оқушы қалып қоймайды. Оқушылар өздерінің шығармашылық ізденіс жаңа тәсілмен оқытуда оқушы
белсенді соль атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға жауап іздейді.
Демек алған білімдерін қорыта келе, ізденіп жұмыс істеуге, логикалық ойлауға, тәжірибе арқылы өмірда
пайдалануға үйренеді. Яғни кез к елген құбылыс пен заңдылықтардың иллюстрациясы ғана емес, білім көзі. Әр түрлі
теориялар, қағидалардың дәлелі болады, оқушылардың дағдылары мен білімін дамытады.
Мектеп физикасының құрылымы мен білім беру деңгейлері оқушының физиологиялық психологиялық оқып
жетілдіру кезеңдеріне сәйкес келуі керек. Осыларды ескере келіп әрбір сабағымда ғылыми озық тәжірибенің бүгінгі
даму деңгейінде, әдіс-тәсілдерін еркін игеріп, әрі қолданып өзім өткізген әдістердің бірі байқау-көру «Озық ойлы
оқушы» атты сайыс, «7 жұмбақ, 11 мақал, 21 сұрақ» атты және Астрофизикалық кештер. Ауызша журнал, Аралас
сабақ, жарыс сабақ, Интегративтік сабақ, семинар, конференция сабағы, саяхат, сынақ, Аукцион, қайталау сабақтары
және халықтық педагогикасына негізделген сабақтар өткіздім. Сабақ оқушыларды жалықтырмас үшін әрбір сабақ
оқушы сеніміне, ынта-ықыласына әсер еткізіп түрлендіріп, жаңаша оқу әдістері шығармашылық, ізденімпаздығын
қалыптастырып оқушыға сұрақтар қою, эесперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, сөзжұмбақ құрастыру, ой
таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру, яғни мұғалімнің білімі, ізденісі, өнері оның әрбір сабағынан
көрініп тұруы керек. Сабақта оқушылардың шығармашылыққа баули отырып толғанысын, байқампаздығын сөйлеу
шеберлігін, ой-өрісін арттыру үшін заман ағымына қарай халқымыздың тұрмыс, әдет-ғұрпы, ұрпақтан-ұрпаққа мирас
болып келе жатқан бай қазыналарының бірі-киіз үйі; ол ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте
ыңғайлы, ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай жел-дауылға көп шайқалмайды берік, төбесі жадағай
емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді. Салқын болуы конвекцияға байланысты. Түндік қазіргі кездегі
терезенің ашпалы көзін және мұржаның рөлін атқарады. Түндіктен кірген салқын ауа төмен тсіп жылы ауа мен
суықта от жаққанда түтін ол арқылы сыртқа шығады. Киіз жылуөткізгіштігі нашар, сондықтанда аптап шілдеде сая,
ызғырықта жылы баспана болуын қамтамасыз етеді. Қатты денелерде болатын деформацияның түрлерін
қарастырғанда киіз үйдің сүйегін уық, керегелерін талдан, қара мойылдан, шаңырағы мен маңдайша, табалдырығын
қайыңнан яғни физикалық қасиеттері әртүрлі, барлығын морға салып балқытады. Яғни ағашты иілу және бұралу
деформациялау арқылы морға ыстық қолаңтаға салып балқытатындығын және көптеген мақалдар табиғат
көріністерін бейнелеп, оларды тұрмыстық жағдайлармен тығыз байланыстырады. Мұнда халықтың бақылаушылық
қабілеті жақсы көрінеді. Әрбір мақал-мәтелдердің физикалық мәні және табиғат құбылыстарына сүйенген моральды
астары бар. Халқымыздың бай, озық мәдениетін ата-бабамыздан мұра болып қалған салт-дәстүрді, оқып меңгерген
табиғат заңдарын бізді қоршаған ортада, яғни күнделікті өмірде екенін өздері көріп біліп тануы үшін пәнаралық
байланысты халық даналығымен ұштастыра отырып, сабақ берудің тиімді жолдарын қолданамын.
11-сынып
Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік спектр. Қайталау және қорытындылау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1. Электромагниттік толқындар шкаласы төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап гамма сәулелерге
дейінгі аралықты қамтиды.
2. Жиіліктің өзгеруіне қарай электромагниттік толқындар диапазонының қасиеті де түрліше.
3. Электромагниттік толқындарды қасиетіне қарай адамдар игілігі үшін әр түрлі салада өте ауқымды қолданысқа ие.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: Жүйелеу және жинақтау сабағы.
Конаржевский әдісі:
1
4
2
3
7
8
Көрнекілігі: электрондық оқыту құралдары, электромагниттік толқындар шкаласы, дидактикалық материалдар.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақты түйіндеу.
4. Электромагниттік толқындардың жиілік ν пен толқын ұзындығына
??????
байланысты әр түрлі диапазондарға бөлінуін,
қасиеттерінің өзгеруін қолданылуын зерделеу.
Электромагниттік толқындардың жиілігі (ν), толқын ұзындығына (
??????
) қарап ретпен орналастыру электромагниттік
толқындар шкаласын алу.
Сыныпты төрт топқа бөлеміз:
А-алғырлар
Т-тапқырлар
О-ойшылдар
М-мықтылар
2. Әр топқа жеке-жеке тапсырма береміз.
А-тобына: Төменгі жиілікті толқындардың жиілігі (ν) мен толқын ұзындығын (
??????) жаз. Қанша түрге бөлінеді.
Т-тобына: Инфрақызыл сәулелер және көрінетін жарық толқындарының жиілігі (ν) мен толқын ұзындығын (
??????, қанша түрге
бөлінетінін жаз.
О-тобына: Радиотолқындардың жиілігі (ν) мен толқын ұзындығын (
??????) жаз. Қандай түрге бөлінеді?
М-тобына Ультракүлгін сәулелер, рентген сәулелерінің жиілігі (ν) мен толқын ұзындығын (
??????
) жаз.
Жауаптарыңды экрандағы дұрыс жауаппен тексеріп бағалау парағына 5 балдық жүйемен бағалаңдар.
3. А. Әр топ өздеріне берілген электромагниттік спектрлердің қасиеттерін және қолданылатын жерлерін жаз. (1-3 минут).
Жауаптарыңды дұрыс жауаппен салыстырып бағалау парағына 5 балдық жүйемен бағала.
81
Ә. Жиілігі жоғары (ν) толқын ұзындығы (
??????) қысқа электромагниттік толқындардың организмге зиянын және олардан
қорғану жолдарын атаңдар.
Жауаптарыңды экраннан тексеріп бағалаңдар.
7. А. Әр топ өздері қорғап отырған электромагниттік толқындарының қамтитын жиілігі (ν) мен соған сәйкес өзгеретін
толқын ұзындығын (
??????) параллель оське түсіру керек.
Жазылған жиілік (ν) мен толқын ұзындығының (
??????
) дұрыстығын экраннан тексеріп бағалау парағына 5 бал бойынша бағала.
Ә. Әр топ басшылары өз топтары сызылған оське түсірген жиіліктері (ν) мен толқын ұзындығын (
??????) құрастырады.
Б. Осы уақытқа дейін зерттеп келген электромагниттік спектрлерімізді жиілігі (ν) мен толқын ұзындығы (
??????)-на қарай ретпен
орналастырсақ электромагниттік толқындардың шкаласы шығады екен. Оның қандай бөліктерден тұратынын көрдік.
В. Берілген тапсырмаға дайындығымызды бағалау парағынан көріп әр топтың қандай балл алғанын есептейміз. Соған
сәйкес топ мүшелерінің білімін бағалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |