Мектептегі білім беруді


Ержанқызы Ұлпан 9«а» сынып оқушысы



Pdf көрінісі
бет17/17
Дата03.03.2017
өлшемі4,34 Mb.
#6066
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

 Ержанқызы Ұлпан 9«а» сынып оқушысы

                      Дамылдап бұлтта жатыр бура жолда

                      Көз салсам өркеш-өркеш тауларыңа

                      Көз жетпес көк тіреген шыңырау құз

                      Жалтырап жазы-қысы жамылған мұз

                      Әлпі мен Елдұрыстан кем түспейтін

                     Міне тұр Хантәңірі мен Тянь-Шянынызбен

91


2-жүргізуші-Ақын туған жер табиғатын, боз даласының көрінісін жырлағанда 

Оның жалаң  алмай, өмір құбылыстарымен, адамзат тіршілігімен байланыстыра

Шеберлікпен суреттейді. Оның өскен жер табиғатына деген талдпынысы ерекше ықыласпен, ақындық шабытпен 

жырланады.



Тұрлан Жүсіп 8 «ә» сынып оқушысы

                          Тамаша еді жазғы арман

                          Тамашалап мәз болғам

                           Қайран Қарасазым-ай

                           Үйрек ұшып қаз қонған

10)


жүргізуші  Осылай жалғасқан жырларында ақынның кіндік қаны тамған даласына, үнсіз ғана жаңғырып өткен 

тылсымына деген сүйіспеншілігі-табиғат лирикасының

негізгі әуені болып табылады. Оны ақынның әрбір жыр жинақтарынан оқып, туған жердің

сұлу табиғатын көркемділікпен суреттеген өлеңдерін көптен кездестіруге болады.



Қорытынды: Кітапхана меңгерушісі : Баяхметова Қарлығаш

Ақиық ақынның ақ көңілімен, поэтикалық нәзік сезімді серпіліспен, интонациялық өлең ырғағын үдете отырып, шебер 

жырлаған әр өлеңі көктемнің жанға жайлы қоңыр желіндей

Бір серпілтіп, халық  жүрегінде мәңгілік  жатталуда дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.



ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

Латипова Айгүл. Мектеп мейірбикесі

  «Денсаулық – зор байлық» дейді қазақ.  Денсаулықдегеніміз— ағзаның айналаны қоршаған

сыртқы орта факторларына бейімделуі. Адамның еңбек пен түрмыс жағдайын жақсарта беру,

аурулардың алдын алу. Халықтың дене және рухани күшінің жан-жақты дами беруіне қолайлы

жағдайлар   туғызу,   халыққа   тегін,   жалпыға   бірдей,   жоғары   дәрежедегі   мамандандырылған

медициналық  көмек көрсетуді  қамтамасыз  ету біздің тәуелсіз  егеменді мемлекетіміздің аса

маңызды   міндеттсрінің   бірі.     Айналаны   қоршаған   сыртқы   орта   факторлары   әсерінен

адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі. 

Әрбір  адам   өз   денсаулығының   мықты   болу  жолдарын   қарастыру  керек.   Дені   сау  адамның

көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны

сау» деп бекер айтпаған. Көптеген адамдар олардың ішінде жас жеткіншектер денсаулықтарын

өздері   бұзатыны   байқалып   отыр.   Олар:   ішімдік   ішу,   есірткі   заттармен   айналысу   және

токсикалық уларды  иіскеу,  немесе  денелеріне  жағумсн  әуестену.  Қандайда  болмасын,  олар

адам өмірін өте қысқартып жіберетіні сөзсіз. Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл

дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені

аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулық - адам баласының ең құнды игілігінің

бірі. Денсаулықты сақтау үшін ең бірінші кезекте ойың, ниетің таза болуы керек. Адамның жан тазалығы денсаулығына

әсер етеді.   Сабыр  мен  сенім,  мейірімділік   пен  сүйіспеншілік  адам  денсаулығын   жақсартуға   ықпал   етеді.   Денсаулығың

жақсы   болса,көңіл   күйің   де   көтеріңкі   болады.   Біздің   мақсатымыз:   Келешек   ұрпақты   дені   сау,   салауатты   өмір   салтын

ұстанатын, зиянды әдеттерден аулақ болатын қажетті мәліметтерді ұсыну арқылы оқушы санасын, тәнін тазалыққа үйрету.

Адамның   өмір   сүруі   3   түрлі   салаға   бөлінеді:   Тіршілік   деңгейіне,   тіршілік   саласына,   тіршілік   әрекетіне   байланысты.

Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам денсаулығының 20%- тұқым қуалауға, 20%- экологияға, 10%- денсаулық сақтау

жүйесіне, ал , 50%- адамның өзіне байланысты екен. Бұл « денсаулық сақтау - өз қолыңда» дегеннің дәлелі.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау

қажет,   оны   орынсыз   ысырап   етпеу   керек,   үнемі   денсаулықтың   қорын   көбейтіп   отыру   керек   .Біз   денсаулығымызға

немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға

жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын

ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ

болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: "Ішімдікпен достастым  дегенше, адамгершілікпен қоштастым  дей бер"

деген   ұлағатты   сөз   бар.   Бүгінгі   батыстық   әдеттерден   арыла   алмай   жүрген   кейбір   жастарымызды   сол   адамгершіліктен

баяғыда қоштасқан десек те болады. Ондайлар өздері өмір сүрген қоғамды қайтіп көгертеді, елінің қамын қашан ойлайды,

оны қалай қорғамақ? "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін

дарынды,   білімді,   жігерлі   ұрпақтардың   орны   бөлек   қой.   Ал,   барлық   жігер,   қайрат,   еліміздің   болашағы   тек   жастардың

қолында.  Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаев   өзінің   «Қазақстан   халқының   әл-ауқатын   арттыру   -мемлекеттік   саясаттың   басты

мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт –жалпы ұлттық міндет.Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын

жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа

және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды. 

Сөз   соңында   Н.Назарбаевтың   «Қазіргі   заман   талабына   сай,   жан   –   жақты   жетілген,   бойында   ұлттық   сана   мен   ұлттық

психология   қалыптасқан,   имандылық   әдебі,   парасаты   бар   ұрпақ   тәрбиелеу,   өсіру,   білім   беру   бүгінгі   таңда   отбасының

балабақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске саламын.  Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында

дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекететтік саясаттың басым

бағдары болып табылатынын баса айтқымыз келеді. 

92


Денсаулық – зор байлық

Шараның мақсаты: Білімділігі - денсаулық адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін 

түсіндіру; Дамытушылығы - оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға үйрету;

Тәрбиелігі - жеке бас тазалығын сақтау ережесін қалыптастыру.

Әдісі: әңгімелеу, ойын, жұмбақтар жасыру.

Көрнекілігі: түрлі көкөністер мен жеміс-жидектердің суреттері, ертеңгілік жаттығу жасап жатқан балалардың суреті және 

т.б.


                                                     Сабақтың барысы

                 Гүл ұстаған балалар шеңберге дөңгелене отырады, бір-біріне жылы, жақсы лебіздерін айтып , денсаулық тілеп, гүл

ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, жылы лебізді бастап тілеген баланың өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып

оралады.


«Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасаса, ол өзіңе қайтып оралады», - деп мұғалім қорытынды жасайды. 

          Мейірбике:    -Бүгінгі тәрбиелік іс-шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық жөнінде болмақ .

Денсаулық деген сөз-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің

көтеріңкі   болуының   өзі-денсаулықтың   белгісі.   Дене   мүшелерінің,   ішкі   ағзалардың   бірі   ауырса,   адамның   денсаулығы

нашарлап,   көңіл   күйі   түседі,   еш   нәрсеге   зауқы   болмайды.   Ендеше   «Денсаулық-зор   байлық»  деп   халқымыз   айтқандай,

денсаулықты ешнәрсеге теңеуге болмайды, адамдар бір-біріне бірінші денсаулық тілейтінінің себебі, міне, осында. Дені сау

адам   әрдайым   көңілді,   жүзінен   шаттық   нұры   төгіліп   жүреді.   Сондықтан   да   өз   денсаулықтарыңа   жауапты   қарап,   оны

сақтауымыз керек.

 Ендеше ең алдымен денсаулық ережелеріне тоқталайық: 1.Топтық жұмыс

Денсаулық ережелері:

- Дұрыс тамақтану.

- Тәулігіне 10 сағат ұйықтау.

- Таза ауада көбірек жүру.

- Тазалықты сақтау.

- Спортпен шұғылдану.

- Апта сайын моншаға бару.

- Тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

- Тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жуу.

- Күніне 2 рет тісті тазалап жуу.

2. Венн диаграммасы

Денсаулықтың достары:                    Денсаулықтың қастары:

Көңілді жүру                                          Дұрыс тамақтанбау

Спортпен шұғылдану                            Зиянды әдеттер

Шынығу                                                   Жалқаулық

Дұрыс ұйықтау                                        Салақтық

Демалу                                                      Ашушаңдық

Дұрыс тамақтану                                      Күн тәртібін сақтамау

Тазалық                                                     Салақтық

3. «Кім жылдам?» ойыны  Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?

Оқушылар тақтада тұрған тірексызбаға стикерлер арқылы пайдалы және зиян нәрселерді жазып, жабыстырады.

4. «Мен саған, сен маған» ойыны

Тапсырмалар:

1. Денсаулықтың достарына нелер жатады?

2. Ұқыпты да әдемі азамат болу үшін адам денсаулығына не қажет?

3. Денсаулықтың қастары дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Салауатты өмір салтын сақтау дегеніміз не?

5. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

6. Дені сау болу үшін дәрумендер қажет пе?

 Әр топтан бір оқушы жауап береді. (5 - 7 мин)

Мейірбикенің қорытынды сөзі:

       Денсаулық - жеке адамның басты байлығы. Денсаулық - адам тіршілігінің ең бірінші шарты. Бүгінгі дені сау ұрпақ - 

елдің ертеңгі жалғасы демекші,- бүгінгі тәрбиелік іс - шарамыздың тақырыбына байланысты әңгімеміз тек денсаулық 

жөнінде болды. Денсаулық деген сөз - деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Деніңнің аурудан аман, қайратты, 

жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі - денсаулықтың белгісі. Дене мүшелерінің, ішкі ағзалардың бірі ауырса, адамның 

денсаулығы нашарлап, көңіл күйі түседі, еш нәрсеге зауқы болмайды. Ал сол деніміздің сау болуы тікелей өзімізге 

байланысты екенін ұмытпайық!!!

93


 «ЖЕТІ ҚҰНДЫЛЫҚ»  ТРЕНИНГ

(Естіген аңыз әңгіменің желісімен құрастырылған )

Билибаева С. К. Мектеп психологі

Мақсаты: Адам өзінің өмір сүрудің мәнін түсіну,айналасындағы өзіне қымбат құндылықтардың

дәрежесін  білуге үйрету. 



Нұсқау:  Қатысушыларға  жеті түрлі тілше қағаз салынған кітапша таратылады.

Бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы «Жеті құндылық «деп аталады.

Қазір алдарыңызға берілген жеті тілше қағазға өздеріңізде бар жеті құндылықты  жазасыздар.Ол

құндылықтардың  сіздің өміріңізде маңызды орындары болу керек.Олар рухани немесе

материалдық құндылықтар болуы да мүмкін.Мысалы ол сіздің

жанұяңыз,қызметіңіз,баспанаңыз,ата-анаңыз, балаңыз,байлығыңыз,т.б.Нені жазасыз оны өзіңіздің

еркіңіз біледі,бастысы олардың барлығы сізге қымбат, қимайтын құндылықтар болуы керек.

Сіздерге 3 минут уақыт беріледі.



Жазып болсаңыздар  мына уақиғаны тыңдаңыздар. 

  Таудың биік шыңында ғұлама данышпан өмір сүреді екен.Өмірде жолы болмай қиналып

жүрген, табысқа  жетіп бақытты болсам деген  адамдар сол данышпанға барса өмірдің мәнін

дұрыс түсініп бақытты өмір сүретін болыпты.Бірақ сол таудың басына жету үшін көптеген

кедергілерден өту керек екен. Қазір біздің мақсатымыз сол тауға жетіп бақытты адам  болу.Әр кедергіден өткен сайын 

алдарыңыздағы жазған құндылықтың біреуін беріп отырамыз. 

 Бірінші кедергі. Биік тауға бет алып жүріп келе жатып біз терең теңізге келіп тірелдік ,сол теңізден өту үшін бір 

құндылығымызды беруіміз керек.бермесек теңізден өте алмаймыз. Беретін құндылығыңызды бір шетке алып 

қойыңыз.Өттік.

 Екінші кедергі.Теңізден аман есен өтіп  жолымызды жалғастырамыз, ұзақ жол жүріп келе жатып  терең құзға жолығамыз 

сол құздан өту үшін екінші құндылығымызды береміз. Өттік.

 Үшінші кедергі.Терең құздан өтіп, ұзақ жол жүріп, ұшы құйыры жоқ шөл далаға кездесеміз,адасып кетсек өте алмаймыз, 

осы шөл даладан өту үшін тағы бір құндылығымызды беруіміз керек.Бұдан да өттік

 Төртінші кедергі.Шөл даладан өтіп шаршап шалдығып келе жатып ну орманға кездестік сол ну орманнан өту үшін тағы бір 

құндылығымызды беруіміз керек екен. Беріп одан да өттік.

   Бесінші кедергі.Ну орманнан өтіп, әрі қарай  жолымызды жалғастырып  тауға да жақындадық. Алдымызда биік 

тау,таудың басында  біздің  ғұлама  данышпанымыз отыр,біздің  мақсатымыз соған жету.Тауға көтерілер жерде үлкен қақпа 

тұр,осы қақпадан кіру үшін  біз тағы бірқұндылығымызды беруіміз керек.

Бір құндылығымызды беріп, қақпадан өтіп ,биік таудың басына көтеріліп  данышпанның алдына келдік .

Біз бақытты боламыз деп келдік,Бақытты боламыз да,еңбастысы біз жеттік.

Данышпан О, Адам  мен сенің қандай қиындықтардан өтіп, маған қалай қиналып   жеткеніңді көріп отырмын. Маған 

жеткенше қаншама құнды нәрселеріңнен айрылдың ,оны да көріп біліп отырмын.  Маған келген адам баласы бақытты 

,баянды және мәнді өмір сүруді үйренеді.Өйткені ол барлық қиындықты жеңе алды.Осы батырлығың үшін ,мақсатқа 

жетудегі қайсарлығың үшін   саған барлық құндылығыңызды қайтарып беремін-деді. Адам өзіндегі бар құндылықты 

бағалай білу арқылы,өмірдің мәнін түсініп,бақыттың бәрі қасында екеніне көзі  жетеді.

Сен өмірде сол құндылықтарыңмен  бақыттысың!!!

Бақытты болуға лайықтысың, осыны есіңе сақта!!!

Баяндама Тақырыбы: Суицидтің алдын алу жолдары

Өзіне-өзі   қол   жұмсау   –   философиялық   (өмірдің   мәнін   жоғалту),   психологиялық   (психологиялық   теріс   бейімделу,

фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және

т.б.),   медициналық   (күрделі   ауру,   психикасының   бұзылуы),   адамгершіліктік   және   құқықтық   проблемалардың

жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде

әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20

миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы қазақстандықтар екен. Ал

бұл дегеніңіз, Республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір

нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді. Ал

енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті.

Міне,  осы  дерек-дәйектердің  өзі  соңғы  уақытта   суицид   оқиғасының   дүниежүзінің  түкпір-түкпірінде  жаңбырдан  кейінгі

саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек. Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім.

Жасөспірімдік   шақта   кездесетін   қиындықтарды   көтере   алмау,   айналадағылармен   тіл   табыспау,   психологияның   толық

қалыптаспағандығы, міне, осы және т.б.себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр. Суицидтің алдын

алу   үшін   ата-аналар,   мұғалімдер,   психологтар   мен   әлеуметтік   қызметкерлер,   салауатты   өмір   салтын   қалыптастырушы

мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқаруы керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалуы

қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер, әңгімелесулер, сұхбаттасулар, кеңес беру, сұрақ-жауап

сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары

туралыБұл тек адамдарға ғана тән әрекет. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе

қатты   стресс   жағдайында   болады,   сонымен   қатар   психикалық   аурулармен,   көңіл   күй   бұзылыстарымен,   әсіресе

депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Статистика:  Жастар   арасындағы   суицид   мәселесін   зерттегенде   анықталғаны:   тұтастай   алғанда   көп   жағдайларда

жасөспірімдер ата-аналарының, мұғалімдердің назарын өз мәселелеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім

қабылдайтыны   және   осындай   келеңсіз   түрде   үлкендердің   селқостығы,   парықсыздық,   арсыздық   және   қатыгездігіне

94


қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен

стреске   берілгіш   және   өмірден   түңілген   жасөспірімдер   барады.   Қиын   өмірлік   жағдайда   уақытында   көрсетілген

психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Суицид (өзін өзі өлтіру) – бұл қашып кетумен теңелетін жай, проблеманы шешуден қашу, біздің өміріміздің әралуандығын

құрайтын жаза және абыройсыздық, қорлану және үмітсіздіқ, түңілуден, қазадан, көңілі қалғандықтан, өзіне өзі құрметі

жоғалғандықтан қашуды білдіреді.Өзіне қол жұмсауды таңдаған жасөспірімдердің көпшілігі шын мәнісінде өлгісі келмейді

екен (бұны ажалдан құтқарылып қалған жасөспірімдер растады). Осылайша олар бір немесе бірнеше проблеманы шешуге

тырысады. Бірақ уақытша проблеманы олар бірден және бір жола шешеді. Жастар осылайша, оларға тым ауыр көрінетін

өмір   ауыртпалықтарынан   қашып   кеткісі   келеді.   Сондай   ауыртпалықтар   оларды   эмоциялық   және   дене   күйзелісіне

ұшыратады,   сондықтан   да   олар  өлім   осы   күйзелістен  құтқарады  деп  ойлайды.   Жақындап   келіп  қалған  суицидті   қалай

аңғаруға болады.

Суицидтік қауіпті топ:

• Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар, күш көрсетуді әдет қылған девианттық 

немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

• Өзін тым қатты сынауға алатындар;

• Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

• Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер. «Үздік»

синдромы

• Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар;

• Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы, «мен оданда өзімді өлтіремін»);

• Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану;

• «менің ешікімге керегім жоқ», «бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы;

• Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы;

• Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі.

Ата – аналарға кеңес! 

- Өмірде бәрін мінсіз істеу мүмкін емес.

Өзіңіз қабілеттілігіңіз мол жұмыстарды ғана мінсіз орындаңыз, ал қалғанын - адал ниетпен, сапалы түрде істеңіз.

- Басқаларға да өз қалпын сақтауды рұқсат етіңіз.

Өз сүйікті адамыңызды апа, іні, құрбыңызды түзетемін деп қиналмай-ақ қойыңыз – әр кімнің өз даралығына құқығы бар.

-Барлығынан артық, жақсы болу әрдайым мүмкін емес.

Бір нәрсе қолыңыздан келмей қалса, онда тұрған не бар.

- Өз қамалыңыздан шығыңыз!

- Көп адамдар оларды басқалар бағаламайды деп ойлайды, бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып, ешкімге ашылмай 

жүретініне назар аудармайды.

- Кейде қателіктерге де жол берілуi керек. Сiз де тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір реет жол бергеннен жаман болмайсыз.

- Басқалар үшiн жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса оған көмектесiп көрiңiз Барлығы бірден бола 

қоймайды! Жүйкесі шаршаған адамдар қандай да болмасын iсті күрделi деп санап, оны бітіру үшін көп күш жұмсайды. 

Кішігірім мәселелерге назар аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-түйекке жеткен кезде олар сізге соншалықты 

жеңіл көрінеді.

Қорытынды.  Суицидке бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның 

ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін сөздерін, 

мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті 

кейде жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық қатынасыңыздың, оның тағдырына 

немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі бола алады.

95


МАЗМҰНЫ

1.

Сатиева Гүлдана Табысқызы. Алматы облысы  Іле ауданы  Жаңадәуір ауылы.  № 5 орта мектеп директоры



2.

Дүйсенова Ш.Д. Қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі

3.

Молдабекова К.М. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



4.

Молдабекова Ж.Қ. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

5.

Мырзалиева А.Б. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



6.

Тұрманбетов А.Р. Тарих пәнінің мұғалімі

7.

Турманбетова Г.Т. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі   



8.

Тургамбаева Л.А.  учитель русского языка и литературы

9.

Шариф- Оглы Х.Д. Орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



10. Учитель русского языка и литературы. Бозжигитова А.С.

11. Жайлаубаева С.Ғ.  Ағылшын тілі  пәнінің  мұғалімі

12. Умбеталиева Жадыра Тулегеновна.  Ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі

13. Өміржанова Р.Қ. Ағылшын тілінің мұғалімі

14. Бастауыш сынып мұғалімі.  Айдарбаева Қ.Ө.

15. Джансейтова С. Е. Бастауыш сынып мұғалімі

16. Бастауыш сынып мұғалімі. Куанышбаева Р. С.

17. Бастауыш сынып мұғалімі.  Ахметова С. Е.

18. Учитель  начальных классов Дюсембиева Г.А.

19. СмайловаЖ.Т. Бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі

20. Бастауыш сынып мұғалімі. Оразғалиева Жанат Тайғалиқызы

21. Адыбаева И.К. Бастауыш сынып мұғалімі

22. Сайфулина Зухра Серикболатовна  Учитель начальных классов

23.


Чинабекова Айнажан Сулейменқызы. Жоғары санатты Ұлағатты ұстаз

24.


Биология, химия пәндерінің мұғалімі  Қасымбекова Патигул Турарбековна

25. Амантаева Т. А.  География  пәнінің мұғалімі 

26. Биология пәнінің мұғалімі   Калабаева А. М. 

27. Математика пәнінің мұғалімі Фазылов Қанат Айкенұлы 

28. Айнакулова С.А. Математика пәнінің мұғалімі

29. Касенов  Кемелгазы  Маушевич. Физика  пәні мұғалімі

30. Физика пәнінің мұғалімі  Өмірзаққызы Айнұр

31. Сарсенбаева Сымбат.  Бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагог

32. Кітапхана меңгерушісі  Баяхметова Қарлығаш

33. Латипова Айгүл. Мектеп мейірбикесі



34. Билибаева С. К. Мектеп психологі

96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет