Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты:
Білімділік:«Сан есім» тақырыбын тірек-сызба бойынша меңгерту барысында жаттығулар орындату;
Дамытушылық : Оқушының ой-өрісін дамыта отырып, сөздік қорын арттыру, өздігінен жұмысқа үйретіп, қатесіз, әдемі,
жылдам жазуға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушыны Отанын құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: Қалыптан тыс сабақ
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, топпен жұмыс, өзіндік, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тапсырма жазылған слайдтар, стикерлер.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. Ой қорытып, бір - бірлеріне сұрақ қоя алады.
3. Жауапкершілікті сезініп, әдептілік, құрметтеу сезімдері қалыптасады.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
ДМ1 Психологиялық ахуал туғызу(Слайд 1)
Армысыңдар, балалар!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім. (Жұбан Молдағалиев)
Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақын жазушыларымыз айтқандай туған тіліміз - қазақ тілі болса, бүгінгі сабағымыз қазақ
тілі сабағы екен.
Енді сабағымыз сәтті өтсін деп жақсы тілектер, жылы лебіздер білдірейікші.
- Сабақ сәтті өтсін!
- Сабаққа белсенді қатысайық!
- Үлгілі оқушы болып, жақсы баға алайық!
ДМ2 «Шаттық шеңбері» (Слайд 2)
Балалар, біз шаттық шеңберіне жиналып, қол ұстасайық. Барлығымыз жақсы көңіл- күйде бір – бірімізге тілегімізді
айтайық! Бір – бірімізге күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз!
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай
қуаныш!
Күлкімізбен,жақсылықпен бөлісуді үйренейік!
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: ДМ3 5- жаттығу, 78- бет.
1. Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап болатын сын есімдерді тауып жазу.
III Жан - жақты білімін тексеру кезеңі(Қызығушылықты ояту сатысы)
ДМ4 «Зымыран сұрақтар» әдісі(Слайд 3)
-
Сөз таптары қаншаға бөлінеді?
-
Зат есім дегеніміз не?
-
Ол қаншаға бөлінеді?
-
Етістік дегеніміз не?
-
Болымды етістік нені білдіреді?
-
Болымсыз етістік ше?
-
Сын дегеніміз не?
ІV Жаңа сабақты енгізуге дайындық кезеңі
ДМ5 Сөз таптары арқылы 3 топқа бөліну. (Слайд 4)
1- топ Зат есім 2- топ Сын есім 3- топ Етістік
Оқушылар топ ережесімен танысады.
Топ ережесі
•
Ынтымақтастық.
•
Қолдау көрсету.
•
Мәдениеттілік.
•
Әділдік.
•
Тапқырлық.
•
Уақытты тиімді пайдалану.
•
Сыйластық.
•
Тәртіп.
•
Белсенділік.
•
Ойын еркін, ашық жеткізу.
87
Әр топ мүшелері «сан есім» сөзіне анықтама беріп, бүгінгі тақырып не жайлы деген сұраққа жауап бере отырып, сабақта не
істейміз? деген сұрақтың жауабын беру арқылы сабаққа мақсат қояды. (Керек болса мұғалім толықтырып отырады).
V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. Мағынаны ашу сатысы
ДМ6 «Топтастыру» әдісі(Слайд 5) Сан есім
Заттың санын білдіреді. Мөлшерін, көлемін, санын білдіреді. Сұрақтары: Қанша? Неше?
Қорытынды: 1. Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы.
ДМ7 «Кім жылдам?» ойыны(Слайд 6)
Қазақ халқының санға байланысты қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?
5.
- топ 1 - санына байланысты:
6.
- топ 2 - санына байланысты:
7.
- топ 3 - санына байланысты:
1 - санына байланысты:
1. Мал - бір жұттық, батыр - бір оқтық, жер мәңгілік.
2. Бір жылы сөз бір күнге азық.
3. Бір қарлығаш келгенмен жаз болмайды,
Бір сауысқан келгенмен қыс болмайды.
2 - санына байланысты:
1. Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
2. Ерке бала - екі жылар.
3. Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.
3 - санына байланысты:
1. Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына.
2. Жұмысқа үш жылда үйренеді, жалқаулыққа үш күнде үйренеді.
3. Ат баспаймын деген жерін үш басады.
Мұғалім:Өте жақсы, балалар қазақ халқында 7 саны қасиетті сан, ендеше мен де сендерге 7 санына байланысты мақалдар
айтайын. (Слайд 7)
7 - санына байланысты:
1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
2. Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі.
3. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,
Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.
ДМ8 «Кім алғыр?» ойыны 1- жаттығу, 78 – бет. (Сөйлемдерді көшіріп жазып, сан есімдерді тауып, сұрақ қой.)
Көк киттің кейбіреулерінің ұзындығы отыз метр болса, салмағы жүз елу тонна тартады.
Жаңа туған бала киттің ұзындығы екі - үш метр, салмағы екі мың килограмм болады. Баа киттің салмағына күн сайын жүз
килограмм қосылады.
VІ Сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
ДМ9 «Еркін жазу» стратегиясы Оқулықпен жұмыс 2- жаттығу, 78– бет (Слайд 8)
Сөздерді оқып, сан есімдерді тауып, сөйлем құрау.
Бес, әкелді, егіз, сегіз, қырау, жүз, еріншек, бір,елу.
ДМ10 «Кім білгір? ойыны Оқулықпен жұмыс (Слайд 9)
3- жаттығу, 79– бет. Жаңылтпашты мәнерлеп оқып, көшіріп жаз. Сан есімдерді тауып, астын сыз.
Мың торғай қамаса қораға,
Бір торғай тұрмайды.
Бір торғай тұрмайтын қораға
Мың торғай тұрмайды.
Бір торғай тұрмайтын қораға
Мың торғай қамауға бола ма?
Ал енді, балалар, біз де ішінде сан есімі бар жаңылтпаш айта аламыз ба? Әр топ 1- 1- ден жаңылтпаш құрастырып
жарысайық.
1-топ 2 санына қатысты
Екеуінің жолы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш.
Екіншісінің шашы –
ақ шаш аралас.
2-топ 4 санына қатысты
Төсек үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты
3 -топ 5 санына қатысты
Ойын десе есі жоқ.
Бір сабақтан бесі жоқ.
Бір сабақтан бесі жоқ.
Ойын десе есі жоқ
Сергіту сәті. «Қызыл гүлім- ай»
ДМ11 «Үш қадамды сұхбат»әдісі бойынша 4- жаттығуды орындайды .(Слайд 10)
1- топ Сөйлемдерді оқиды.
88
Ағаштардың ішінде суды көп қажет ететіні – терек. Ол күніне орта есеппен сексен бес литр су ішеді. Ал жөке осы мерзімде
алпыс алты, қайың – алпыс, шырша – он үш, қарағай бар болғаны тоғыз литр су ішеді екен.
2- топ Сан есімді табады.
Сексен бес,алпыс алты,алпыс,он үш ,тоғыз
3 - топ Сөйлемде аталған ағаштарды табады.
Терек, жөке, қайың, шырша, қарағай.
Жөке ағашы(лат. Tília орысша Липа) – жөке тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Тұқымы,
бұтақшасы, тамыры арқылы көбейеді. Маусым – шілде айында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі –
жаңғақша.. Жөке 150 – 500 жыл жасайды. Жөкенің гүлінен дәрі жасалады және ара бал жинайды, сүрегінен жиһаз,
музыкалық аспаптар, ыдыстар, әр түрлі әшекей бұйымдар, тінінен жөке, арқан жіп, тұқымынан май алынады
Қайың - Қайың(
лат.
Betula) —
қайыңдар тұқымдасына
жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік
бойлап өседі. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл
шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!
Шырша – қарағай тұқымдасына жататын биіктігі 30-50 м, баяу өсетін қылқанжапырақты ағаш. 15-20 жылға дейін өте жай,
кейін жылына 30 см-ге дейін өсетін болады.
Мәңгіжасыл өсімдік
болғанымен, 6-12 жылда қылқандарын кезекпен түсіріп,
жаңарып отырады. Шыршаныңауа тазартатын ерекше қасиеті бар. Шыршаның ағашы жұмсақ, жеңіл және мықты емес.
Сондықтан құрылыста, ағашты қайта өңдеуде қолданылады. Шыршадан жасалған музыкалық аспаптардың дауысы керемет
болады. Италиян скрипка шеберлері Амати мен Страдиваридың скрипкалары шыршадан жасалған. Шырша өнімінен қағаз
және
қатты қатырма қағаздар
,
целлюлоза
,
скипидар
,
канифоль майларын
және ағаш сіркесін алады.
Терек - тез өсетін
ағаш
, биіктігі 45 метрге дейін барады. Көбінесе 60-80 жыл, тек кейбір түрлері 120-150 жыл өмір сүреді.
Табиғатта 110-ға жуық түрі бар. Аналық терек мамыр-маусым айларында мамық шығарып, жер-көкті ластайды, әрі терек
мамығына аллергиясы бар адамдарға қиындық туғызады. Сондықтан көгалдандыруда мамық шығармайтын аталық
теректерді пайдаланған жөн. Терек ағашын құрылыста, жиһаз жасауда пайдаланады. Қағаз, сіріңке жасау өндірісінде терек
ағашының діңі жұмсақтау, ақшыл түсті түрлері қолданылады. Көгалдандыруда көше бойларына, жол жиектеріне көбірек
отырғызылады. Оны тез өсетіндігіне байланысты тұрмыстық мақсатта, отын үшін өсіреді.
Қарағай– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында
бірнеше түрі кездесетін
қылқанжапырақтыты
мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері
50-60 метрге жетеді. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында,
авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан
скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады.
VІІ Сабақты бекіту, бағалау кезеңі «Ой толғаныс» сатысы
ДМ12 «Миға шабуыл» стратегиясы (Слайд 10)Ой толғаныс»сатысы.
Оқушылар тест жұмыстарын орындайды.
1.Сан есім қандай сұраққа жауап береді?
А) қандай? Ә) қанша? Б) не?
2.Сан есімді көрсет.
А) белсенді Ә) балық Б) бес
3. Сан есім түрлері
А) есептік, реттік Ә) есептік, қатарлық
4.Көп нүктенің орнына керек санды қой.
Ер................... рет өледі.
Қорқақ ........... рет өледі.
А) бір, бесінші Ә) бір, мың Б) бір, көп
5.Мына сөздер қай сөз табына жатады? алты, он екі, жүз
А) етістік Ә) сын есім Б) сан есім
ДМ13 Бағалау «Көңілді санамақ»Кім тез, мәнерлеп оқиды?
Баласына ж2ріп,
Ұрсып жатыр к2лік.
2лентіп, с2ріп,
Алып қапсың 2лік.
2ншілей 2ңді,
Көрсетпе деп ж2ріп.
-Балалар, көңілді санамақта қандай құс туралы айтылған? (кекілік)
Ол тауық тұқымдас кішкентай көгершін сияқты құс екен. Бұл құстың бір ерекшелігі, көктемде кекіліктің аналығымен қоса
аталығы да жеке бір ұяға жұмыртқа басып шығарады екен. Себебі, олар қыс бойы шығынға ұшыраған құстардың орнын
толтыру үшін көп балапан басып шығарады. Кекіліктің еті, сорпасы көптеген ауруларға ем.
-Балалар, құс екеш құс та баласы жаман баға алса ренжиді екен. Сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді.
Сондықтан түгелдей жақсы баға алуға тырысайық!
VІІІ Үйге тапсырма
ДМ14 6 - жаттығу, 79 - бет. Мәтінді түсініп оқып, біріккен сөздерді тауып жазу, негізгі ойды өз сөздерімен баяндау.
(Слайд 8)
ДМ15 (Слайд 9)Рефлексия: Бас бармақ арқылы баға беру.
89
МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ - БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ
Кітапхана меңгерушісі Баяхметова Қарлығаш
Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың
өсіп - өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің
тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып,
тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры - 18189 дана, әдеби кітап - 4655дана, оқулық - 12364 дана,
электронды оқулықтар – 95 дана
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін
терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу
керек. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты,
кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға
үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан
ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың
санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай
- ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай,
ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен
атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін
толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада
көптеген іс - шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: Тілім менің тірлігімнің айғағы көрме, «Мен өмірді
жырлау үшін келгенмін» кеш «Кітапхана білімпаздар мекені» кеш, «Қазақстан еліне-саяхат» конференция, «Абай дара-Абай
дана қазақта» кітап көрмесі, «Туған елім - Қазақстан» ауызша журнал, «Елдігімнің айнасы салт дәстүрім» сайыс,
«Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ертеңгілік т. б. бірнеше көптеген іс - шаралар өткізілді.
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда. Өмірде бар нәрсе өзгерді,
тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы
асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін
күш - білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани
жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған
тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке
тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер
болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар - ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою
қажет.иҚазіргі таңдағы жан - жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол
оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай - ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат
құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой - өрісіне ықпал жасап, мұқтажын
қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген
сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында
кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын,
әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.
Ел Президентінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес. Халықты салауатты да сауатты
бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген
тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны
анық. Осыған орай еліміздегі бірден - бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Оқу процесін
қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет
көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып
табылады.
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім
беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР
Конституциясының 44 - бабына сәйкес және ҚР - сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында», - деп көрсетіліп,
1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім
беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді. Бүгінгі таңда мектеп
кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге
тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен
сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің
бірі. Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе
электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде
білімнің қайнар көзі кітапханада.
90
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Мақсаты: Оқырмандарға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан-жақты деректер
бере отырып, ақын өлеңдері арқылы жас ұрпақты ерлікке, туған жерді адамзатты суюге, ұлтжандылыққа баулу танымдық
көз қарастарын қалыптастыру, шығармашылықтарын шыңдау.
Міндеті: Оқушыларды поэзияны сүюге ,Мұқағали жырларын, поэмаларын,әндерін
айта отырып, ақындыққа баулу, мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымды
Көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті ұлағатты сөздері, Кітап көрмесі
«Менің Мұқағалиым»
1.Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, оқырмандар
Бүгін біз сонау ХХ ғасырдың арманы-қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты
талмастан биіктен-биікке самғау мен келген ақиық ақыны
М.Мақатаев кәзіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны әлемі жайында ой бөліспекпіз
2.Жүргізуші Бүгін Мұқағалидың туған күні
Әдлеттің салтанат құрған күні
Жалғыздықтан арылып жапандарға
Хан -Тәңірі масайрап тұрған күн
Жүректерге тұтасқан әр тамырын
Шідерге қас халқымның торпақ ұлы
«Мұқағали», дегенде елестейді.
Күзетіндей даламның Хан-Тәңірі
дегендей туған жер деп жыр төккен Мұқағали Мақатаев шын мәнінде , өзін бір ғасырда «біртуар»- ақын екенін бүкіл
халыққа таныта білді. Оны күллі халық қолдады. Мұқағали
жырлары мен өлеңдері арқылы халықтың өрісі мен абыройы биіктеді, халықпен біргеМұқағали да құдіретіне түседі.
«Айтып өткен ақында арман барма-деп толғанған»Мұқағали өлеңдерінің өркендеуіне негіз болған арналар-туған жер
табиғаты дала көріністерінің тылсымдары және солардың тыныс тіршілігі.
1-Жүргізуші-Ақын жырларында табиғат лирикасы мен адамның жан дүниесі бірге өріліп астасып жатады. Оның басты
тақырыбы-дала, қахармангы туған жер, кейіпкері-сол ғаламат көріністердің образы. Біз білетін Мұқағали Мақатаев-қазақ
жерінде оқырманы көп, қазақ жырының құдіреттіақыны, қазақ халқының рухани өмірінің қазығы.
Мұқағали-отты ақын Себебі, оның жырлары арқылы қазақ елі өзінің дәстүрімен иманы мен шұрқырасып, қайнасып жатады.
Мұқағалидың «Үш бақытым» деп аталатын өлеңі бар. Әр шумағы «Ең бірінші бақытым халқым менің», Ал « екінші
бақытым-тілім менің»
«Бақытым бар-үшінші –Отан деген», деп басталатын осы өлеңді көптеген мектеп оқушылары жатқа біледі.
1.Оқушы: Абдраман Нұржан 8«ә» сынып оқушысы «Үш бақытым»
Ең бірінші бақытым- халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің
Ал екінші бақытым-тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім
Кей-кейде дүниеден түңілсемде
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші-Отан деген
Құдай деген кім десе Отан дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ келдағы от ал менен
2-жүргізіші -Әр адамзаттың жүрегінде осы үш бақыты үштасқанда. Отанның да керегесі
Берік шаңырағы биік болып, түтіні түзу ұшпақ.Мұқағали өмір сүрген заманда осы үш бақыты басында, төрт құбыласы түгел
болғанда, бұл өлең жазылмас да еді. Қайран ақын арманда кетті-ғой
Ақан Нұрлытаң 7 «а» сынып оқушысы
Ах, далам, айхай далам сағым далам
Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған
Аспан құлап кетседе торыбаған
Бір ғаламат бойында сабыр бар-ау
Ах далам айхай далам сағым далам
Вулканын тұншықтырған дамылдаған.
1-жүргізуші Мұқағали поэзиясында ерекше орынды иеленетін тақырыптардың-бірі-табиғат лирикасы дедік.Тамылжыған
табиғаттың тылсым сырларымен сырласқан ақын өзі туып өскен тамаша Қарасазды,Хантәңірі шыңдарын, босанған кең
даласын тау қойындауындағы тұнық көлін жасыл желекті кең жайлауларын қысқасы, жұпар иісті
Жусанын,бір тал шидің шыбығына дейін шабыттана жан сезімін жырға қосады.
Достарыңызбен бөлісу: |