Конспект урока математики в 1 классе «Сложение и вычитание в пределах 8»
Цель:Закрепление изученных приемов сложения и вычитания чисел в пределах 8.
Задачи:
• Продолжать формировать навыки сложения и вычитания чисел в пределах «8».
• Развивать навыки связной речи, произвольное внимание, познавательный интерес.
• Воспитывать умение анализировать свою деятельность.
Оборудование:карточки с числами от 1-8, мультимедиа.
Речевой материал:сумма, разность, сложение, вычитание.
ХОД УРОКА
I. Организационный момент.
-Какое число?
-Какой урок?
-Какой урок по счету?
-Открыли тетради, отступили от оценки 2 клетки вниз, восемь вправо, записали число, классная работа.
II. Основная часть.
1. Сообщение темы и целей урока.
Тема урока: Сложение и вычитание чисел в пределах 8.
Будем повторять приемы сложения и вычитания чисел, учиться рассуждать, быть внимательными, правильно отвечать на
вопросы.
- Сегодня у нас будет не совсем обычный урок.
Где играют дружно
считают умело
там и сказке можно
появиться смело
- Мы побывает в одной очень доброй сказке – угадайте в какой.
(Звучит музыкальная загадка - песня Золушки).
- Назовите главную героиню этой сказки (Золушка), других героев.
Слайд 1 - изображение Золушки и Мачехи
- Я приглашаю сегодня вас на урок математики, где вы будете не только учениками 1 класса, но и станете настоящими
волшебниками. Нам нужно будет помочь Золушке выполнить все задания Мачехи, чтобы помочь Золушке попасть на бал.
2. Устный счет.
- Работа по подгруппам:
- Какое время года? Какие работы проводят в огороде весной?
Первое задание мачехи: высадить рассаду овощей на грядки. слайд-2
Ребята, какие овощи мы выращиваем на наших грядках? Чтобы узнать,
какие овощи будут расти на грядках у Золушки, нам нужно решить «математические цепочки»:
I гр. 7+1-2+2-8 II гр. 3+3-1+3 III гр.4+1-2
Второе задание мачехи: cложить собранные фрукты в корзины. слайд-3
-Ребята, а какие фрукты вы знаете? Молодцы! Хорошо!
-Какие фрукты растут в нашей местности? Верно.
-Ребята, скажите, как Золушка попала на бал? На каком транспорте она приехала? Из чего была сделана карета?
-Своей волшебной работой поможем создать для Золушки карету. Превратим тыкву в карету. Для этого нужно решить
задачу.
67
Третье задание мачехи: решить задачу. слайд-4
3. Подготовка к решению задачи.
-Послушайте задачу. Маша сорвала 5 тыкв, а Коля 3 тыквы. Сколько всего тыкв сорвали дети?
-О чем говорится в задаче? -Что в задаче известно? -Что нужно узнать? -Какие слова нам нужны для краткой записи?
-Каким действием будем решать задачу?
-Решается задача. -Задача решена. Карета готова.
4. Динамическая пауза - Слайд-5:
Поработали, ребятки,
А теперь все на зарядку!
Сколько раз ногою топнем(8-6)
Сколько раз руками хлопнем(4-1)
Мы присядем столько раз(2+1)
Мы наклонимся сейчас(1+1)
Мы подпрыгнем ровно столько(3-2)
Ай да счет! Игра и только.
5. Самостоятельная работа. четвертое задание мачехи: решить примеры. слайд-6
- Ребята, карета у Золушки была из тыквы. А кто вёз карету? (6 лошадей) Каких животных Фея превращала в лошадей
(мыши).
-Сейчас мы мышек превратим в шесть лошадей. Но для этого вам нужно решить примеры правильно, без ошибок. Работать
будем в парах.
-Мышей превратили в лошадей. Но нам еще нужен кучер.
Кто должен превратиться в кучера (крыса). Чтобы выполнить это задание, нужно решить необычную задачу.
Пятое задание мачехи: задача в стихах. слайд-7
6. Задача в стихах.
Яблоки в саду поспели, Мы отведать не успели:
Пять румяных, наливных, Три с кислинкой.
Сколько их? (Восемь).
- Экипаж готов. Задания Мачехи выполнили. Золушка добралась до дворца и встретилась с принцем. СЛАЙД-8 - Ребята, вы
рады тому, что помогали Золушке?
III. Итог урока.
-Ребята, скажите, для чего мы помогали Золушке?
-Какие задания мы помогали выполнять Золушке?
-Какое задание для тебя было самым трудным?
-Какое задание было самым интересным?
IV. Оценивание работы учащихся на уроке.
- А сейчас, ребята, оцените свою работу на уроке при помощи вот таких значков. СЛАЙД-9
- Такие оценки за урок вы сегодня получили.
V.
Домашнее задание: СЛАЙД-10
1 группа – 3, 4 столбики 2 группа – 1 столбик 3 группа – 1,2 примеры из 1 столбика
ОҚУШЫЛАРҒА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕГІ
ҚОЛӨНЕР САБАҚТАРЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Чинабекова Айнажан Сулейменқызы. Жоғары санатты Ұлағатты ұстаз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп
оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан елінің болашағы да сол деңгейде болады.
Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» - деген болатын. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет
ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты.Қай халықтың қай
ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп
қазығы да мектеп. Жер бетіндегі негізгі күш-еңбек,адамзаттың барлық бағасы,байлығы осы
еңбекте.Адамзаттың жаңа қоғам құруына да еңбектің маңызы зор болғандықтан Х1Х ғасырдың
екінші жартысында ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ұлттық мектептердегі еңбек пен тәрбиені
ұштастыра оқыту, оқушыларды қолөнермен шұғылдандыру идеясын жүзеге асырды. Ал,қазақ
халқының зиялы қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов,М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өз
еңбектерінде ұлтымыздың тіліне, қолөнеріне, болашақ ұрпақты еңбекке баулу қажеттілігіне үлкен
мән берген.
Қазіргі білім бері үрдісінің жоғары технологиялық деңгейге көтерілуімен еңбек пәні технология
ұғымымен алмастырылған .Бұл термин әдетте өндірістік үрдісті сипаттауда кеңінен қолданылып
келген .Әрі қазіргі педагогикалық технологияларға да тікелей қатысты. «Технология» сөзі грек
тілінен аударғанда өнер,шеберлік+ілім дегенді білдіреді. Ал технология пәні- шеберлік,
іскерлік,білгірлік мектебі. Яғни, мектептегі біздің негізгі мақсатымыз халық шеберлерінің ғасырлар бойы жалғасып келе
жатқан таңқаларлық тамаша шығармаларымен таныстыра отырып,өнерге қанат қаққан шәкірттерді шеберлік шыңына
жетелеп,ұлттық қолөнерге баулып қана қоймай оны жалғастырушы етіп тәрбиелеу.Оқушыларға халықтық қолданбалы
қолөнер арқылы ұлттық тәрбие берудің ғылыми-технологиялық негіздерінің, педагогика-психологиялық әдістемелік
тәжірибелерді талдай отырып,технология сабақтарында оқушылыардың елжандығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту,
ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеу жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленеді.
68
Оқушының білімін тереңдетуде,шығармашылығы,еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, кәсіпті түсіндіру.Көзің
көргенді қолмен істеу.Технология сабақтарында оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектелмей
талдау жасап,жасалу, өңделу технологиясына өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айта білуі.
Кілем, гобелен, тоқыма тоқу, ши тоқу, кесте тігу, құрақ құрау т.б.халық қолөнерін игерту арқылы оқушыны еңбек
сүйгіштікке,халқының өткені мен тарихын саралап,мәдени мұрасын қадірлеп ұлттық дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.
Адам өзінің жеке басы сұранысымен қатар,жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге ,сол еңбектің қажеттілігін ,өнердің
маңыздылығын түйсігімен сезіну. Қолөнер-дәстүрдің жалғасы,сөнбестің айғағы.Өнер-мәдени мұра. Қазіргі оқыту
технологиясы барысында оқушы тек үйренуші ғана емес,үйренуші шәкірттен белсенді үйретуші,өзіндік ой-пікірі бар
шығармашылықпен жұмыс істей алатын дара тұлға қалыптастыруға бағыт-бағдар беремін.Бірнеше жылдан бері халық
өнерін үйренумен қатар оны зерттеп,жаңғыртып шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген оқушыларым:Рыстанбаева
Л., Рыстанбаева Ш., Самабекова Г., Абылгазиева Г., Сейдуалы тегі Г., .Касен Ж., Қонысбекова Д., Ержанқызы Ұ.,
Нагиманова сынды оқушыларым аудандық, облыс, республикалық дарынды балалар сайыстарында жүлделі орындар
иеленіп, ұлттық дәстүрді жалғастырушы, заман талаптарына сай қолданысқа енгізуші ретінде танылып, еңбектері баспасөз
беттерінде жарияланған.
Қазақ халқының көркем –эстетикалық мәдени мұраларын мұраларын игерудің тәрбиелік маңызы өте зор. Осы салада қазақ
халқының көркемдік мәдени дәстүрлерінің озық үлгісі мен жеке тұлғаның рухани қалыптасуына ,дәстүрлі көркемдік
мұраларды жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулер нысанына айналды. Бұл мәселе,
«Білім туралы Заң», «Этномәдениет тәрбиесі тұжырымдамасы», «Көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие
тұжырымдамасы» т.б. мемлекеттік және педагогикалық құжаттардың мазмұнында ашып көрсетілген.
Туған халқымыздың көркемдік мәдениетін, өнердегі тәлім-тәрбиелік дәстүрлерін,ұрпақ тәрбиелеудегі халықтық мәдени
мұраларымен ұштастырған семинар сабағым «Өресі биік, өрісі кең» атты өмірін қолөнермен ұштастырған ұлағатты ұстаз
Шамшия Абдуалиеваның кітабында жарыққа шықты. Технология сабақтарында Шамшия апайдың «Сәндік-қолданбалы
қолөнер» бағдарламасын негізге алып ұлттық өнерге бет бұрған алғашқы шәкірттерінің бірі болдым.Апай, технология
сабағында оқушының ой-өрісін дамытып,еңбекқорлыққа,шығармашылыққа ,мамандық таңдауға жол сілтеумен қатар
қоғамдық пайдасын өз еңбегінің алғашқы жемісін сезінуге баулып,танымдық белсенділігін арттыратын бірден-бір сабақ
екендігін мақтанышпен айтатын ұлттық өнердің шырақшысы. Дәстүрлі көркем мәдениетіміз бен ұлттық сәндік қолданбалы
өнерімізді дәріптеп,ұрпақ тәрбиелеуде дәстүр-салтын халықтық тәжірибелермен ұштастыратын технология сабақтары
санының азайып,кейінде бейнелеу,музыка,денешынықтыру пәндерімен кіріктіріліп оқылатыны өнер өрісіне балта шабу
емеспе.Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жүйесін түбегейлі қайта өзгерту ,білім беру жүйесін жаңа сапаға көтеру-бүгінгі
күннің өзекті мәселелері.Алайда, ұлт болашағын халқының ғасырлар бойғы жинақталған дүние танымы мен
дәстүрі,өнерінің көркемдік тілін меңгермей,әлемдік мәдениетті түсіну мүмкін еместігін ғұламалар ертеректе-ақ айтқан.
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашан да
әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді ... Қазақстанда ұлттық өнерді ,мәдениетті дамытуға барынша қолдау
жасалып отыр »,-дегеніндей елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол ашылып,мектепте технология
пәндеріне ұлттық қолөнер негіздерінің енгізілуі ұлттық тәрбиеге жол.Оқу-тәрбие үрдісінде «Ұлттық тәрбие»ұғымының мәні
ашылып,технология сабақтарында қолөнері арқылы халқының тарихын,өнер мұрасын жетілдіріп,қолөнер бұйымдарын
жасаудың қыр-сырын меңгереді.Сондықтан технология пәнінің оқушыларды кәсіптік білім негіздеріне баулудағы орны
ерекше бола бермек.
Сабақтың тақырыбы: Тоқыма туралы түсінік, алғашқы ілу жолдары
Сабақтың мақсаты: Тоқыманың алғашқы жіптерін ілуді меңгерту. Тоқыманы үйрену маңыздылығы мен қазіргі сән
әлеміндегі тоқыма бұйымдарының алатын орнымен таныстыру.Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін
дамыту арқылы ұлттық өнеріміздің озық үлгісі мен дәстүрлеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,зерттеу,жүйелеу,жеке- дара,топпен жұмыс,көрсету
Пәнаралық байланыс:Қазақстан тарихы,қазақ әдебиеті.математика.
Қолданылатын көрнекіліктер:техникалық сызбалар,нұсқау картасы,дайын бұйымдар және сән үлгілері.
Сабақтың құрал-жабдықтары:тоқыма жіптері,қайшы,ілмек біздері.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Жаңа сабақты түсіндіру
3.Кіріспе инструктаж
4.Сарамандық жұмыс
5.Сабақты бекіту
6.Жұмыс орнын жинастыру
1.Ұйымдастыру кезеңі
-түгендеу,жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуы мен оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
2.Жаңа сабақты түсіндіру -тоқыма өнерінің пайда болу себептері,қолданылатын жіп түрлері, ілмек біз.
Тоқыма-қолөнері.Халқымыздың қолөнер түрлері.Тоқыма-кілем тоқу,ши тоқу,алаша тоқу,киім тоқу,шілтер тоқу,себет
оқу,қоршау тоқу т.б.
Тоқу әдістері-қолмен,шимен,инемен,ілмек бізбен
Жіп түрлері-табиғи және химиялық .Табиғи жіптер қасиеті-жылу ұстағыштық пен ауа өткізгіштік.
Ілмек бізбен-кесте, аяқ киім,тоқыма тоқу
Ілмек бізбен шалып тоқу. Бірінші шалуды кім ойлап тапқанын ешкім де білмейді.Археологтар Египет мазарларының бірінен
4 мың жыл бұрын тоқылған баланың аяқ киімін және шұлық тапқан.Ең қызығы сол тоқыма алғашында ерлер кәсібі болған.
Балықшылар ау тоқыса аңшылар тор,тұзақтар тоқыған.Қазіргі кезде тоқыма әйелдер кәсібіне түгелдей көшті,хоббиіне де
айналды десек те болады.Адам қиялына симайтын құрылымы әр түрлі тоқыма түрлері,жіп түрі мен түсі өте көп.Оларды
69
дүкеннен де сатып алса болады.Дегенмен де ең қымбат зат-ол қолмен тоқылған заттар.Қолмен тоқылған заттардың тағы бір
ерекшелігі бастапқы жіпті бірнеше рет қайталап қолдануға болады.
Тоқудың негізгі элементтері-үлпілдек шалу,бір бағанды шалу, екі бағанды шалу,шалуларды аяқтау,жіпті алмастыру,аяқтау
жолдары
3.Кіріспе инструктаж
Ілмек бізбен жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері
--ілмек біздің ұшы қауіпсіз қайтарылған болу керек
-тоқу барысында орындыққа тік отыру керек
-тоқыма жіптері мен ілмек біз арнайы қорапта сақталуй міндетті
-жұмыс орнында артық заттардың болмауы
4. Сарамандық жұмыс
-жұмыс орнын ұйымдастыру
-нұсқау картасы бойынша жұмыс
Жұмыстың орындалу реті-үлпілдек шалуға жаттығу, бір бағанды шалу, екі бағанды шалу,шалуларды аяқтау,жіпті
алмастыру,аяқтау жолдарын үйрену және қолды бірнеше рет қайталау арқылы жаттықтыру. Нұсқау картасы бойынша
алғашқы сатысын орындауға жеке оқушыларға көмектесу.Ілмек бізді дұрыс ұстау ,шалуларында жіптің біркелкі түсуін
қадағалау.
5.Сабақты бекіту «...Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік жақсы атқарса,білгір
және шебер болып шығады.Қандай әрекет, қандай іс істесек те, сондай рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз
болып табылады.» ӘЛ-ФАРАБИ
Көрнекіліктер арқылы ВЕНН диаграммасын қолдану арқылы кілем тоқу мен бұйым тоқудыңұқсастығы мен ерекшеліктерін
салыстыру.
Ұқсастығы-қолмен тоқылатыны,жіппен,малдан,иіріледі ,боялады.
Ерекшелігі-кілем түкті,түксіз қолмен тоқылады,гобелен,төсеніш,тұсқа.
Тоқыма-бізбентоқылады ,шимен тоқылады,кеудеше,бас киім,орауыш,белдемше,шұлық т.б.
Өнер туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба
Абай
Адамның жан-дүниесі дегеніміз-оның ісі.
Г.Ибсен/норвег драматургі/
Ерінбей еңбек етсең,шыдап егер
Тікен де гүлге айналып шыға келер.
Сағди/парсы ақыны/
6.Жұмыс орнын жинастыру
БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ЖОБАЛАУ
Биология, химия пәндерінің мұғалімі Қасымбекова Патигул Турарбековна
«Инновациялық» деген сөз — латының «novus» жаңалық және «in» енгізу деген деген сөзінен
шыққан, ал оның қазақша аудармасы «Жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық
кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық
технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына
айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары»,
«қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б.
тіркестермен тығыз байланысты. Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық
технологияларды меңгермейінше сауатты, жан — жақты білгір маман болуы мүмкін емес. Жаңа
педагогикалық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік,
рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін — өзі
дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа
педагогикалық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде
қолданады,
төртіншіден
оны
дамытып
нәтижесін
көрсетеді.
«Ақпараттық компьютерлік технологиялар»- бұл термин бүгінде баспасөз беттерінде, теледидар мен радиода жиі кездеседі.
Ақпарат алудың қазіргі кезде көптеген көздері мен құралдары бар. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың
жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары
өзі анықтап отыр. Компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құрамына айналды.
Ақпараттық технология
Оқушыларға тақырып көлемінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Білім
деген бір — бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орындарында отырып қол жеткізуге болатын жүйе.
Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып
табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену — бүгінгі күннің кезек
күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаз – мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру
жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен - күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім
70
беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасы артады, мұғалім сабақ өткізген кезде
оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті
тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі — оқытудың компьютерлік
технологиясын өз тәжірибемде қолданып келемін. Осыдан келіп өз тәжірибем бойынша көңілге түйгенім:
1. - компьютер–оқушы білімін бағалау құралы;
- компьютер арқылы жаңа материалды түсіндірудегі мүмкіндік өте мол; ( презентация, диск, видео фильмдер)
-Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация арқылы жасауға болады. Компьютердің
көмегімен оқушы өз бетінше, сондай — ақ өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады;
- Компьютер көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым — қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді
және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндіктер туғызады;
- Ақпараттық білім беру оқушылардың шығармашылық іс — әрекеті, есте сақтауы, зейіні, интеллектісі ,ойлауы
қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
- Компьютерлік оқыту технологиясы – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды.
Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай
қолданылуы керек. Дидактиканың негізгі принципі — білім беру кезінде көрнекіліктерді пайдалану, осы себепті
компьютерлік технологияны пайдалану оқу барысында қойған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2. Электрондық оқулық — оқушы оқулықтағы әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, өтілген тақырыпты оңай
меңгеріп, өз ойын еркін айтуға көп мұмкіндік алады. Сонымен қатар сабаққа деген шығармашылық қабілетінің деңгейін
көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға болатын құрал деп толық сеніммен айта аламын.
3. Биологияны оқытуда оқушылардың интернет желісімен жұмыс жасау арқылы оқушы өздерінің білімін толықтырып
өз бетімен білім алуы қалыптасады. Интернет желісімен жұмыс жасауда оқушылар төмендегідей мүмкіндіктерге қол
жеткізе алады:
— Жобалардың презентацияларын дайындау;
— Ғылыми журналдардың сайттарына кіру;
— Өзге мектеп оқушыларымен еркін әңгімелесу;
— Электрондық поштаны пайдалану мүмкіндігін молынан пайдалану;
— Өзін — өзі бағалау.
5. Интерактивті тақтаны пайдалану:
— Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функциональды, бұған сабақ барысында қолданатын
қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда:
— Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды;
— Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады;
— Сабақта Aktiv Vote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады;
- Оқушы білімін тиянақтауда, өзіндік білімін қалыптастыруда, тақырыпты еркін меңгеруде интерактивті тақтаның берері
көп.(филипчарттар көрсету).
Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға
іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Мұғалім — ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен
ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне
лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының
пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай — ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру —
уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының
қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді. Ақпараттық технологияның көмегімен
жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Химия сабақтарында
ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты
шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. Химия,биология мұғалімі АКТ қолдану арқылы әр түрлі
сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін шебер қолдана білсе, сабақтың тартымды әрі қызық
өтетіні анық, әрі оқушы белсенділігін арттырады.
Әр сабақта интернет, электронды почта, электронды оқулық, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез-келген
пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық
жағдайдан шыға алуымен айқындалады. Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивті тақта, мультимедиялық және
онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын,
себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз.
Демонстрациялық материалдар даярлау, сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз.
Интерактивті тақтаға термин сөздерді жазып сөздікпен жұмыстар жүргізу, оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті
мәліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді және осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Өзге құралдардан
компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола біруі. Бұл-мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері.
Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі бар.
Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады.Сондықтан, өзін-өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының
арасындағы байланысын алмастырады. Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.Сонымен,электронды оқулық мынандай жағдайда тиімді: талапқа сай құрылған, кері байланыспен лезде
қамтамасыз ете алады, белгілі бір бөлім бойынша білімді тексереді; қысқа мәтінмен көрсете, айта және модельдей алады.
Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып
қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Әр оқушы қажет жағдайда үйде де өз бетінше жұмыстана алады және
аннимацияларды көре отырып меңгерілуі қиын тапсырмаларды есте сақтай алады.
71
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды химия сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
- Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
- Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
- Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
- Жеке тұлғалық сипатын дамытуға,шығармашылығын шыңдауға,өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға көмектеседі;
- Тіл байлығын дамытады;
- Өз ойын жеткізуге,жан-жақты ізденуге үйретеді;
- Шығармашылық белсенділігін арттырып,ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;
-Өз бетімен білім алатын,ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген,білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім
келеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»-деген ойын басшылыққа ала
отырып, жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |